Еуразия кеңістігінің петроглифтері және таңбалары түркі мәдениеті мен жазуының архетиптері ретінде
Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 109
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-4-35-51Кілт сөздер:
Еуразия ареалы, петроглифтер, таңбалар, архетиптер, түркі мәдениеті мен жазуы, мағыналық байланыс, әлем бейнесі, руханиятАннотация
Мақала түркі мәдениеті мен жазуының бастауларына, олардың көне петроглифтермен, таңбалармен, логограммалармен байланысына арналған. Зерттеушілердің
пайымдауынша, палеолит дәуірінен бастап петроглифтер, таңбалар мен белгілер
Еуразия кеңістігінің барлық аумағында кең таралған. Қазақстан, Моңғолия,
Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия, Ресейден (Тыва, Хакасия, Таулы
Алтай, Забайкальеден) табылған сызбалар, белгілер сюжеттік тұрғыда зерттеліп,
жүйеленген. Мақала авторлары Еуразия аймағының петроглифтері мен таңбаларын
зерттей отырып, бұл белгілер көптеген ғасырлар бойы қалыптасу, эволюциялық
даму және қолданылу қызметі жолын бастан өткере отырып, қалыптасқан көне
түрік бітіг (руна) жазуы таңбаларының прототипін қалыптастырды деген пікірде.
Авторлар өз гипотезасын растау мақсатында жартас бетіндегі суреттер мен
таңбаларға тарихи-мәдени және танымдық, семантикалық тұрғыда сипаттама беріп,
көне түркі бітіг жазу таңбаларымен байланысын барынша көрсетуге тырысады.
Крест негізді таңбаларының көне түркі әліпбиіндегі «д» және «з» дауыссыз
дыбысы таңбаларымен байланысын, діни-культтік, темпоральды-космонологиялық,
антропоморфтық бейнелердің түркі көшпелі өмір салтының қалыптасуында
маңызды рөл атқарып, көшпелі мәдениеттің портотипін қалыптастырды деп
еспетейді (арба, түрлі қару-жарақтар, жануарлар).
Таңба мен суреттердің архетиптерін семантикалық талдау және ежелгі адамның
қоршаған әлем туралы ойын анықтау – өте маңызды мәселе. Көшпелілер мәдениетінің
архетиптері ежелгі адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымының кілтін
ашады: арба (негізгі көлік құралы), қару-жарақ (өз территориясын және мүлкін
қорғау құралы), үй және жабайы жануарлар көне түркілердің табиғатты, әлеуметті
тануда түрлі тотемдер мен танымын айқындайтын бейне ретінде қолданылған.
Әдебиет
Аманжолов А.С., 1978. К генезису тюркских рун // Вопросы языкознания. №2. C. 76-87.
Грач А.Д., 1957. Петроглифы Тувы, 1 (проблема датировки и интерпретации, этнографические традиции) // Сб. МАЭ. М.- Л.: Вып. ХVII. С. 89-146.
Гуревич Л.Л., 1989. О круглых городах древних иранцев // Зоны и этапы урбанизации. Тез. докл. рег. конференции. Ташкент: Фан. С. 48-49.
Дэвлет М.А., 2006. Древние жилища народов Северной и Центральной Азии (по материалам петроглифов) // Миропонимание древних и традиционных обществ Евразии. Памяти В.Н.Чернецова. М.: ТАУС. С. 212-238.
Дэвлэт М.А., 1982. Петроглифы на кочевой тропе. М.: Наука. 127 с.
Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ., 2006. Орхон ескерткіштерінің толық атласы. Астана: Күлтегін. 359 б.
Зайберт В.Ф., 2009. Ботайская культура. Алматы: ҚазАқпарат, 2009. 576 c.
Кадырбаев М.К., Марьяшев А.Н., 1977. Наскальные изображения хребта Каратау. Алма-Ата: Изд-во АН КазССР. 230 с.
Кляшторный С.Г., 1987. Древнетюркская цивилизация: диахронические связи и синхронические аспекты // Советская тюркология. №3. С. 58-62.
Кубарев В.Д., 2003. Наскальное искусство Алтая. Горно-Алтайск: АКИН. 124 с.
Кубарев В.Д., Цэвээндорж Д., 1996. Раннесредневековые петроглифы Монгольского Алтая // Памятники культуры древних тюрок в Южной Сибири и Центральной Азии. Новосибирск: Изд-во НГУ. С. 157-169.
Кузык Б.Н., Яковец Ю.В., 2006. Теория и история цивилизаций. Т1. Цивилизации: теория, история, диалог, будущее. Т 2. М.: Ин-т экономических стратегий. 765 с.
Леруа-Гуран А., 1971. Религия доистории // Первобытное искусство. Новосибирск. С. 81-90.
Маргулан А.Х. 1979. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата: Наука. 360 с.
Молдабай Т. 2021. Жазба мәтіндер негізінде көне ұйғыр әліпбиінің қолданылуындағы еркешеліктер // Turkic Studies Journal. №4. Б. 44-52.
Новогродова Э.А., 1984. Мир петроглифов Монголии. М.: Наука. 168 с.
Пансат Ж.М., Мамаева Г.Б., Алкая Е., 2023. «Көк Тәңірі», «көк бөрі», «көк түрік» сөздерінің мифолингвистикалық сипаты // Turkic Studies Journal, 2023. №3. Б. 146-160.
Самашов З., Базылхан Н., Самашов С., 2010. Көне түрік таңбалары. Астана: АО «АБДИ Компани». 168 б.
Шаймердинова Н.Г., 2014. Древнетюркская картина мира в текстах письменных памятников. Учебное пособие. Астана: ЕНУ. 307 с.
Шаймердинова Н.Г., Каиржанов А.К., Ярыгин С.А., Молдабай Т., 2017. Происхождение и функционирование рунической письменности. Астана: Alau Group & Co. 145 с.
Dalkesen N., 2015. Orta asya’dan anadolu’ya türk kültüründe geyik kültü // Millî Folklor. Sayı 106. S. 61-69.
Jacobson E., 1996. The Deer Goddess of Ancient Siberia: A Study in the Ecology of Belief (Review by: Fujikawa Shigehiko) // Asian Folklore Studies. Vol. 55. No. 2. P. 374-377.
Kolot B., 2020. Türk Kültür Tarihinde Boğa-Öküz // Avrasya Uluslararası Araştırmalar Dergisi. Sayı 8 (22). S. 435-437.
Richard P.K., 2013. The Symbolical Language of Ancient Art and Mythology. New York: Hard Press Publishing. 453 p.