Арнайы шығарылым
TSJ журналының 2026 жылға арналған Жол картасына сәйкес, журналдың тұрақты екінші нөмірінен бөлек, 2026 жылдың ІІ тоқсанында арнайы шығарылым жарық көреді. Журналдың арнайы шығарылымы руника, ұйғыр, манихей, араб, армян-қыпшақ, шағатай, латын, кирилл графикаларында жазылған жазба ескерткіштеріне арналады.
Мақалалардың сапалы іріктелуіне байланысты авторлардың мақала аннотациясын алдын ала журналдың электрондық поштасына ұсынуы талап етіледі. Дедлайн - 1 сәуір 2026 ж.
Толығырақ оқу Арнайы шығарылым



















