«Тотынама» және оның өзбек әдебиетіндегі нұсқалары


Қаралымдар: 143 / PDF жүктеулері: 41

Авторлар

  • Бауыржан Омаров Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2021-2-84-98

Кілт сөздер:

Зияуддин Нахшаби, өзбек әдебиеті, «Тотынама» қолжазбалары, Хироми мұрасы, құрақ-хикаят, тоты әңгімелері, құс тілі, әдеби жәдігерлік, көркем аударма, шайырлар

Аннотация

Әлем әдебиетіндегі ең танымал әрі көп нұсқалы шығармалардың бірі –
«Тотынама» әлі күнге дейін зерттеліп-зерделенуден кенде қалған емес. Барлық елдерге
тараған әйгілі туындының әр кезеңдегі авторлары да жеткілікті. Дүние жүзінің сөз өнерінде
ерекше мойындалған, көркемдік деңгейі жоғары Зияуддин Нахшаби «Тотынамасы» кейінгі
«Тотынамаларға» берік негіз қалады. Соны өз тіліне аударып, өңдеп-жөндеген қаламгерлер
еңбегінің арқасында бірнеше жаңа нұсқалар өмірге келді. Шығыс шайырларынан үлгі алған
кітаби ақындардың бесігіне айналған Орталық Азияға да осы Нахшаби нұсқасы кеңінен тарады.
Аталған аймақтағы мемлекеттер ішінде «Тотынаманың» көне қолжазбаларын сақтап, халық
мұрасын тиімді пайдаланған Өзбекстанның орны бөлек. Сонымен қатар, осы елдің әдебиетінде
Нахшаби шығармасынан тамыр тартып, «Тотынама» атауын иеленген тұтас шығармалар пайда
болды. Латифидің проза, Хиромидің поэзия жанрында туындатқан «Тотынамалары» өзбек
әдебиетінің шоқтығын көтеріп тұрған қастерлі құндылықтар екені анық. Бұл мақала көршілес
өзбек еліндегі «Тотынамаға» қатысты мәліметтер мен деректерді жинақтап, осы тақырыпқа
орай жүргізілген зерттеулерді сараптап-саралап, ой қорытуға арналған. Автор өзбек жеріне
тараған «Тотынама» нұсқаларының ерекшеліктері, осы жәдігерліктердің әдеби маңызы мен
көркемдік құндылығы жайындағы пікір-пайымдарын ұсынады.

Автор өмірбаяны

Бауыржан Омаров, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

филология ғылымдарының докторы, телерадио және қоғаммен
байланыс кафедрасының профессоры

Жүктеулер

Жарияланды

2021-11-26

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Омаров, Б. (2021). «Тотынама» және оның өзбек әдебиетіндегі нұсқалары. Turkic Studies Journal, 3(2), 84–98. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2021-2-84-98

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР