Кенен Әзірбаев шығармашылығы: шығыс сюжеттері және олардың поэтикалық түрленісі


Қаралымдар: 152 / PDF жүктеулері: 189

Авторлар

  • Бауыржан Омаров Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-4-78-98

Кілт сөздер:

ақындық өнер, авторлық ауызша поэзия, шығыс сюжеті, «Тотынама» хикаясы, ертегі, әпсана, мысал, поэтикалық трансформация

Аннотация

Бұл мақалада авторлық ауызша поэзияның көрнекті өкілі Кенен
Әзірбаевтың түрлі жанрдағы шығармалары, Шығыс құндылықтарынан,
әсіресе, Үнді әдеби ескерткіштерінен енген «көшпелі сюжеттерге»
негізделген оқиғалар, мотивтер және желілер қарастырылған. Автор
қазақтың халық ақынының «Бақ, қыдыр мен ынтымақ» атты мысал өлеңіне,
«Үш кедей» ертегісіне, «Бұрынғы өткен батырлар» дастанына суырып
салмалық дәстүрмен жырланған шығармалардың мазмұны мен поэтикалық
құрылымын Нахшаби «Тотынамасындағы» тәмсілдердің түпкі мәтінімен
және әр жылдарда Хайдари, ән-Наари, Фаизханұлы, Тобыш жариялаған
кейінгі нұсқалармен салыстыра отырып ғылыми талдау жасаған.
Зерттеу нәтижесінде бастапқы жазба ескерткіштер мен фольклорлық
дереккөздердің нақты мәдени-тарихи ортада көркем тұрғыдан түрленуінің
және жеткізілуінің көп сатылы үдерісі, сондай-ақ оларды жергілікті
аудиторияның қажеттіліктеріне орай бейімдеудің ерекшеліктері ашып
көрсетілген. Қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны шебер игерген, ғаламат
әншілік өнерімен, ерекше дауысымен дараланған Кенен Әзірбаевтың
жоғары орындаушылық шеберлігі оның осы аталған шығармаларының
қалың жұртқа кеңінен танылып, жан-жақты таралуына жол ашты. Кенен
Әзірбаевтың теңдессіз өлең-толғауларды жырлап шығарған арқалы ақын
болғаны ғана емес, сонымен қатар, шығыстың сөз өнерін жетік білгені,
саналы ғұмырында қазақ пен қырғыздың ауызша халық әдебиетінің баға
жетпес үлгілерін жинаумен және өңдеумен айналысқаны, ал бұл үрдіс
оның шығармаларындағы фольклор, ауызша поэзия және жазба әдебиет
элементтерінің үйлесімді синтезінен байқалатыны атап көрсетіледі.

Автор өмірбаяны

Бауыржан Омаров, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

филология ғылымдарының докторы, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры

Әдебиет

Аю дәу., 2011 // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 75. Батырлық ертегілер. Астана: Фолиант. Б.123-137.

Аюалпаң, Судысалпаң, Таудыталтаң // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 75. Батырлық ертегілер. Астана: Фолиант. Б.155-163.

Әбжет Б., 2008. Түркі және иран халықтары ертегілеріндегі мифологиялық кейіпкерлер. Түркістан: Тұран. 258 б.

Әзірбаев К., 2008. Аңыздар сыры. Көптомдық шығармалар жинағы. 4-том. Алматы: Өнер. 256 б.

Әзірбаев К., 1984. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т. І. Алматы: Жазушы. 360 б.

Әзірбаев К., 1984. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т. ІІ. Алматы: Жазушы. 352 б.

Әуеде қаз қаңқ етті., 2011 // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 76. Новеллалық ертегілер. Астана: Фолиант. Б.346-349.

Бөген батыр., 2011 // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 75. Батырлық ертегілер. Астана: Фолиант. Б.291-302.

Гүл мен самұрық., 2011 // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 74. Қиял-ғажайып ертегілер. Астана: Фолиант. Б.342-346.

Двадцать пять рассказов Веталы, 1958. Перевод с санскрита И. Серебрякова. Москва: Государственное издательство художественной литературы. 149 с.

Делдаш батыр., 2011 // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 75. Батырлық ертегілер. Астана: Фолиант. Б.163-178.

Жаман адамды..., 2011 // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 76. Новеллалық ертегілер. Астана: Фолиант.Б. 108-117.

Жарты Төстік., 2011 // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 75. Батырлық ертегілер. Астана: Фолиант.Б. 149-155.

Жолдасбеков М., Төреқұлов Н., 1992. Тоқсан толғау. Деректі-ғұмырнамалық эссе. Алматы: Өнер. 232 б.

Зийа ад-Дин Нахшаби, 1979. Книга попугая (Тути-наме). Перевод с персидского Е. Бертельса. Москва: Наука. 348 с.

Зияаддин Нахшаби. Тотынама. (Орыс тілінен аударғандар – Ә. Қоңыратбаев пен Т.Қоңыратбаев). Алматы: Жазушы. 304 б.

Имад ибн Мухаммад ан-Наари, 1985. Жемчужины бесед (Джавахир ал-асмар). Перевод с персидского М. Османова. Москва: Наука. 400 с.

Кененова Т., Серікбаева А., 1977. Бозторғай. Алматы: Жалын. 176 б.

Кененұлы Б., 2019. Алатау, сағындың ба Кененіңді?// «Егемен Қазақстан» газеті. №99. 1 сәуір. Б.7.

Күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түсетін құс., 2011 // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 74. Қиял-ғажайып ертегілер. Астана: Фолиант». Б. 80-87.

Құйым батыр, 2011 // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 75. Батырлық ертегілер. Астана: Фолиант. Б. 232-252.

Құл-Мұхаммед М., 2021. Кененнің кемел өнері// «Қазақ әдебиеті» газеті. №20. 8 маусым. Б.3.

Негимов С., 2019. Тайбурылдың шабысы// «Егемен Қазақстан» газеті. №125. 30 сәуір. Б.8.

Өтен А., 2008. Кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы: филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы. 32 б.

Өтетілеуов Б., 1961. Шығармалар. Алматы: Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. 180 б.

Сайид Хайдар Бахш Хайдари., 1933. Сказки попугая (Тота Кахани). Перевод с языка индустани (урду) М.Княгиной-Кондратьевой. Москва-Ленинград: Academia. 252 с.

Сейфуллин С., 2013. Шығармалары. Т.3. Өлеңдер мен поэмалар. Астана: Фолиант. 312 б.

Тотынама., 1987. (Ғ. Файызханұлы нұсқасынан аударылған, жауапты редакторы О.Қанапин). Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы.198 б.

Тотынама., 2005. (көне түркі тілінен аударған Нияз Тобыш). Ақтау: Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті. 196 б.

Төреқұлов Н., 1984. Түсініктер // Әзірбаев К. Екі томдық таңдамалы шығармалар. ІІ том, Алматы: Жазушы. Б.349-352.

Тулеубаева С., 2009. «Тысяча и одна ночь» в казахской фольклорной традиции. Алматы: Арыс. 200 с.

Уәли Н., Нұрғожа Қ., 2017. Қара шаңырақ // Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. Алматы: ТОО «Алем Даму Интегрция». 856 б.

Хан қызы., 2011 // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 76. Новеллалық ертегілер. Астана: Фолиант. Б. 236-242.

Ханшентей., 2011 // Бабалар сөзі. Жүз томдық. Т. 75. Батырлық ертегілер. Астана: Фолиант. Б. 203-218.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Омаров, Б. (2022). Кенен Әзірбаев шығармашылығы: шығыс сюжеттері және олардың поэтикалық түрленісі. Turkic Studies Journal, 4(4), 78–98. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-4-78-98

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР