Қазақ ертегілері мен үнді әдеби ескерткіштеріндегі «көшпелі сюжеттер»


Қаралымдар: 129 / PDF жүктеулері: 271

Авторлар

  • Бауыржан Омаров Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-1-58-69

Кілт сөздер:

қазақ ертегілері, шығыс әдебиеті, үнді әдеби ескерткіштері, ортақ сюжеттер, аңыздар, хайуанаттар, тәмсіл, хикая, ұқсастық, айырмашылық

Аннотация

Қазақ ертегілері мен ежелгі үнді жазба ескерткіштерінің сюжет

ортақтығы туралы мәселе жекелеген еңбектерде болмаса, әлі күнге

дейін жан-жақты ғылыми зерттеудің нысанасына айнала қойған жоқ.

Шығыс әдебиетінен енген аңыз-әпсаналар тек біздің ертегілерімізге ғана

сіңбеген, көне хикаялар негізінде түзілген сюжеттер басқа да көптеген

шығармаларымызды қамтиды. Бұл аңыз әңгімелер алдымен үнді әдеби

ескерткіштерінің бірінен біріне өтіп, сол елдің өзінде көшпелі сюжет

ретінде әбден қалыптасқаны белгілі. Содан соң көшпелі сюжеттер

әлемнің бірқатар елдеріне, кейін Орталық Азия мемлекеттеріне тарап,

көршілес халықтардың өзектес туындыларына арқау болды. Қазақ

әдебиетінде де үнді әдеби жәдігерліктерінен бастау алатын осындай

сюжеттер жеткілікті. Әсіресе, қазақ ертегілері мен ежелгі үнді әдеби

ескерткіштеріне ортақ хикаялардың көптігі айрықша назар аудартады.

Бұл мақалада екі елдің әдебиетінде кездесетін аңыз-әпсаналардың

табиғаты, сюжеттердің таралу жолдары, олардың ұлт болмысына

бейімделуі, жаңаша түр-сипат алуы, сондай-ақ әдебиеттердің өзара

ықпалдастығы жөніндегі ой-тұжырымдар көрініс тапқан. Ортақ

сюжеттердің өзара айырмашылығы мен өзіндік ерекшеліктеріне жан-

жақты талдау жасалған.

Автор өмірбаяны

Бауыржан Омаров, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

филология ғылымдарының докторы, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Омаров, Б. (2022). Қазақ ертегілері мен үнді әдеби ескерткіштеріндегі «көшпелі сюжеттер». Turkic Studies Journal, 4(1), 58–69. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-1-58-69

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР