Журнал туралы

Turkic Studies Journal (TSJ) – түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін, жазба ескерткіштері мен тілдерін түркітану саласында зерттеуге арналған, рецензияланатын халықаралық ашық қолжетімді ғылыми журнал.  

Түркітану саласындағы ғылыми зерттеулер үшін мамандандырылған халықаралық алаңды қалыптастыратын тар бейінді хронологиялық бағыт журналдың өзіндік ерекшелігі болып саналады.  Тарихи-мәдени тұрғыдан алғанда, журналдың хронологиялық өлшемдері түркі тайпалық одақтары мен мемлекеттерінің үздіксіз тізбегі қалыптасқан, жазба және заттық мәдениет дамыған, түркі тілдік топтары түзіліп, әрекет еткен ортағасырлық дәуірді қамтиды.

Ортағасырлық тарих пен далалық археология, түркі жазба ескерткіштерінің мәтінтануы мен түркі тілдері журналдың негізгі тақырыптық бағыттарын құрайды. Журнал жарияланымдарында Қазақстанның тарихы мен мәдениеті айрықша орын алады. Көптеген ғасырлар бойына Қазақстан аумағы Еуразия құрлығындағы тарихи үдерістерде зор маңыз атқарған белсенді көші-қонның, сауда жолдарының, көшпенді өркениеттер түзілісінің аймағы болды. Осы өңірмен байланысты жазба және археологиялық дереккөздердің едәуір бөлігі халықаралық ғылыми айналымда жеткілікті қамтылмағандықтан, бұл журналдың жариялау саясатының басым бағыттарының бірін анықтайды.

Журналдың миссиясы – түркітану саласындағы халықаралық ғылыми диалогты дамыту, түркі халықтарының тарихы, археологиялық және жазба ескерткіштері, тілдері бойынша түпнұсқа зерттеулерді жариялау, сонымен қатар түркі әлемі дереккөздері мен материалдарын заманауи академиялық кеңістікте ықпалдастыру.    

Журнал түркітану, шығыстану, тарих, археология, филология мен іргелес пәндердің мамандарына, сондай-ақ жас зерттеушілерге бағдар ұстанады.

Журнал мақалаларды  ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. Басылымның мерзімділігі – жылына 4 рет.

ISSN (print) 2664-5157

ISSN (online) 2708-7360

Журналды Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тіркеген: бастапқы тіркелім 28.03.2019 № 17636-Ж; қайта тіркелім 24.02.2021 (тіркеу куәлігі № KZ27VPY00032814).

Журнал мақалаларына CrossRef халықаралық агенттігі арқылы DOI беріледі. Журналдың  DOI префиксі: 10.32523.

Журнал ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған Басылымдар тізбесіне енгізілген.

Журналдың индекстелуі: DOAJ (Directory of Open Access Journals), Ulrich's Periodicals DirectoryERIH PLUSRSCIGoogle ScholarAcademic Resource Index (ResearchBib), ROADBASE, EBSCO

Баспагер: «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті» КеАҚ, Астана қ,, Казақстан Республикасы.

Ағымдағы шығарылым

Нөмір 7 № 4 (2025): TSJ No 4, Vol.7, 2025
					Көрсету  Нөмір 7 № 4 (2025): TSJ No 4, Vol.7, 2025
Жарияланды: 2025-12-19

Барлық шығарылымдар

Ортағасырлық тарих және дала археологиясы

Түркі жазба ескерткіштерінің мәтінтануы

REVIEWS

Барлық журнал басылымдарын көрсету