Қазақ хандығын Түркия тарихнамасында зерттеудің дискурсивтік және әдіснамалық аспектілері


Қаралымдар: 56 / PDF жүктеулері: 37

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-1-49-70

Кілт сөздер:

Қазақ хандығы, Түркия тарихнамасы, дискурсивтік талдау, тарихи зерттеулер әдіснамасы, түркітану, салыстырмалы-тарихи әдіс, деректану, концептуалды тәсілдер, Түркия-дағы тарих ғылымы

Аннотация

Мақалада Қазақ хандығын зерттеудегі дискурсивтік және әдіснамалық аспектілердің Түркия тарихнамасындағы орны қарастырылады. Соңғы онжылдықтарда түрік зерттеушілерінің Орталық Азия тарихына деген қызығушылығы айтарлықтай артты:
біріншіден, Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси-мәдени байланыстар академиялық ынтымақтастықтың кеңеюіне ықпал етті; екіншіден, Түркиядағы түркітанымдық және еуразиялық зерттеулер аясында қазақ тарихына, оны түркі халықтары тарихының ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға деген қызығушылық күшейді; үшіншіден,
Түркияда османдық және постосмандық тарихнамалық мұраны қайта қарастыру
үдерісі өңірлік тарихты, соның ішінде Қазақ хандығы тарихын зерттеу тәсілдеріне әсер етті. Алайда зерттеулер санының едәуір өскеніне қарамастан, түрік тарихнамасында әдіснама, дереккөздерді түсіндіру және тарихнамалық тұжырымдамаларға қатысты
пікірталастар жалғасуда. Зерттеудің негізгі мақсаты - Қазақ хандығын зерттеудегі түрік тарихшыларының дискурстары мен әдіснамалық ұстанымдарын, сондай-ақ Қазақ хандығының мемлекеттілігі жөніндегі түсініктердің қалыптасу заңдылықтарын талдау. Өз кезегінде түрік тарихнамасындағы басты бағыттарды анықтау, әдіснамалық дәстүрлердің ықпалын зерттеу, дереккөздік базаны талдау және идеологиялық, саяси,
академиялық факторлардың әсерін қарастыру мақаланың негізгі міндеттерін құрайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы – Түркияда Қазақ хандығын зерттеу бойынша тарихнамалық материал мен әдіснамалық мәселелердің кешенді түрде талдануы. Бұған дейінгі зерттеулерден айырмашылығы, бұл мақалада тұжырымдамалық
және әдіснамалық құралдардың жүйелі талдауы ұсынылып, тарихнаманың негізгі бағыттары мен даму үрдістерін анықтауға мүмкіндік беріледі. Салыстырмалы-тарихи әдіс болашақтағы ғылыми зерттеулерде түрік тарихнамасының тәсілдерін Қазақстан, Ресей және Батыс тарихнамасындағы Қазақ хандығын зерттеу дәстүрлерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Дискурстық талдау әдісі болса өз кезегінде түрік зерттеушілерінің Қазақ хандығы тарихын түсіндірудегі баяндау стилі, риторикасы мен
негізгі ұғымдарының ерекшеліктерін айқындауға бағытталды. Мәтіндер корпусына жүргізілген контент-талдау басым тақырыптарды, негізгі интерпретацияларды және зерттеу тәсілдерінің өзгеру динамикасын анықтауға көмектеседі. Сонымен бірге,
әдіснамалық мәселелер мен тарихнамалық пікір-таластарды талдауға арналған сын-қисындық әдіс қолданылды. Зерттеу нәтижелері Қазақ хандығының түрік тарихнамасында зерттелуінің қазіргі жай-күйін сипаттауға, осы кезеңді түсіндірудегі негізгі әдіснамалық мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретіні анық. Айқындалған заңдылықтар тарихнамалық үдерістегі саяси-идеологиялық факторлардың ықпалын, сондай-ақ түрік зерттеушілерінің түрлі теориялық-әдіснамалық тәсілдерді қолдану деңгейін жақсырақ түсінуге ықпал етеді. Бұл жұмыстың қорытындылары түркітану
зерттеулерінің әдіснамасын одан әрі зерделеу мен пайымдауға және Қазақстан мен Түркия арасындағы тарихнамалық өзара ықпалдастықты талдау үшін пайдалы болады.

Автор туралы мәлімет

Айман Азмуханова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

тарих ғылымдарының кандидаты,  шығыстану кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Мырзахан Эгамбердиев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдатырылған профессор

Әдебиет

Азмұханова А.М., 2022. Ел тағдырын екшеген тарлан тарихшы // Turkic Studies Journal. Т. 4. No 2. Б. 130-140. DOI: http://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-2-130-140 DOI: https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-2-130-140

Ерофеева И.В., 2014. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675–1821 гг . Сборник исторических документов в 2-х томах. Алматы: АО «АБДИ Компани». 689 c.

Кәрібаев Б.Б., 2014. Қазақ хандығының құрылу тарихы. Алматы: «Сардар» баспа үйі. 499 б. Отношения между Османским государством и среднеазиатскими ханствами //https://e-history.kz/ru/news/show/5190 (дата обращения: 19.01.2025)

Пищулина К.А., 2016. Очерки истории Казахского ханства: cборник статей. Алматы: Институт истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова. 350 с.

Belgelerle Оsmаnlі-Türkіstаn İlіşkіlerі (XVІ-XX. Yüzyıllаr), 2005. Аnkаrа: Bаşbаkаnlık Devlet Аrşіvlerі Genel Müdürlüğü. Оsmаnlı Аrşіvі Dаіre Bаşkаnlığı Yаyın №: 70.

Buyar Cengiz, 2021. Kazakistan: Tarih-Toplum-Ekonomi-Siyaset, Bişkek. 285 p. https://www.academia.edu/45678519/Kazakistan_Tarih_Toplum_Ekonomi_Siyaset (accessed at:

12.2024)

Daş M., Ospanova A., 2019. Osmanlı Devleti ile Kazak Hanlığı Arasındaki Siyasi İlişkiler (XVIII. yy). DEÜ Edebiyat Fakültesi Dergisi, Cilt: 6, Sayı: 2. P. 380-401. https://dergipark.org.tr/tr/pub/deuefad/issue/49601/560746#article_cite (accessed at: 15.12.2024)

Doğan Orhan, 2002. Tavke Han Dönemi (1680-1718) Kazak Hanlığı ve Tavke Han Yasaları (Jetı Jargı), Kırgızistan-Türkiye Manas Üniversitesi Yayınları: 12, Süreli Yayınlar Dizisi: 5.

Bişkek. P. 59-80. https://www.academia.edu/31441785/DO%C4%9EAN_Orhan_2002_Tavke_Han_D%C3%B6nemi_1680_1718_Kazak_Hanl%C4%B1%C4%9F%C4%B1_veTavke_Han_YAasalar%C4%B1_Jet%C4%B1_Jarg%C4%B1_K%C4%B1rg%C4%B1zistan_T%C3%BCrkiye_Manas_%C3%9Cniversitesi_Yay%C4%B1nlar%C4%B1_12_S%C3%BCreli_Yay%C4%B1nlar_Dizisi_5_Bi%C5%9Fkek_ss_59_80 (accessed at: 21.12.2024)

Doğan Orhan, 2021. Kazak Hanlığının Çarlık Rusyası ve Cungarlarla İlişkileri (Rus ve Kazak Kaynaklarına Göre). Ankara: Türk Tarih Kurumu. 255 p.

Doğan Orhan, 2002. Kazak Halkının Ortaya Çıkışı ile İlgili Efsaneler ve XVIII. Yüzyıla Kadar Kazak Hanlığı’nın Siyasi Durumu. Manas Üniversitesi Sosyal Bilimler Dergisi, 2(4). P. 1-14. https://dergipark.org.tr/tr/pub/manassosyal/issue/49962/640468 (дата обращения: 10.01.2025)

Kavık Muhittin, 2020. XVIII. Yüzyılda Kazak-KalMuk-Cungar Mücadeleleri, Genel Türk Tarihi Araştırmaları Dergisi, Cilt 2, Sayı 3. S. 77-86. https://dergipark.org.tr/tr/pub/gttad/issue/52036/626927 (accessed at: 12.01.2025)

Kavık Muhittin, 2022. Küçük ve Orta Cüz Kazak Hanlıklarında Rus Hakimiyetinin Kurulması. Euroasia Journal of Social Sciences & Humanities. Cilt 9. Sayı 27. S. 13-18 DOI: https://doi.org/10.46872/pj.436

Kara Abdulvahap, Kul Ömer, Ferhatoğlu Filiz, 2017. Dogumunun 100. Yılında Baymirza Hayit ve Günümüzde Türkistan Tarihi Araştırmaları Uluslararası Sempozyumu Bildirileri, İstanbul. 478 s. https://acikerisim.istanbul.edu.tr/handle/20.500.12627/31743

Köprülü Orhan F., 1989. Atatürk ve Türkiyat Araştırmaları Enstitüsü Kütüphanesi’nin Acıklı Hali, Türk Kültürü, 314. Ankara. 30 s.

Köprülü Orhan F., 2005. Türk Tarih-i Dinisi, Ankara: Akçay Yayınları. 155 s.

Malek M., 2021. The 550th anniversary of the foundation of Kazakhstan’s statehood in 2015an assessment from a neutral Central European country // Turkic Studies Journal. Vol. 3. No 4. P. 36-41. DOI: http://doi.org/10.32523/2664-5157-2021-4-36-43 DOI: https://doi.org/10.32523/2664-5157-2021-4-36-43

Osmanlı Devleti ile Kafkasya, Türkistan ve Kırım Hanlıkları arasındaki münasebetlere dair arşiv belgeleri (1687 - 1908 Yılları Arası), 1992. Ankara: Başbakanlık Devlet Arşivleri Genel Müdürlüğü Osmanlı Arşivi Daire Başkanlığı Yayın № 3.

Oğuzoğlu Yusuf, Kırlı Selçuk, 2015. Her Yıl Bir Büyük Türk Bilgi Şölenleri. Prof.Dr. Halil İnalcık. Türk Ocakları Bursa Şübesi Yayınları. 187 s.

Togan Zeki Velidi, 1960. Türk-Türkistan, Toprak Yayınları. 40 s.

Togan Zeki Velidi, 1981. Tarihte Usul (3 Baskı). Istanbul. 349 s.

Tоgаn Zeki Velidi, 1981. Türkіlі (Türkіstаn) ve Yаkın Tаrіhі. Cіlt І. Bаtı ve Küzey Türkіstаn. 2. Bаskı. İstаnbul. 428 s.

Yolsever Umut, 2021. Kazak Hanlığı’nın Kuruluşu Evresinde Doğu Deşt-i Kıpçak’ın Siyasî Durumu Üzerine, Eskişehir Osmangazi Üniversitesi Sosyal Bilimler Dergisi. S. 619-627. https://doi.org/10.17494 DOI: https://doi.org/10.17494/ogusbd.1041555

Yorulmaz Osman, 2013. Başlangıcından Hanlığın Feshine Kadar Kazak Türkleri İle Çarlık Rusyası Arasındaki Siyasi İlişkiler, Tarih Okulu Dergisi (TOD) Journal of History School (JOHS) Yıl 7, Sayı XX. Ankara. S. 509-515. DOI No: http://dx.doi.org/10.14225/Joh661 DOI: https://doi.org/10.14225/Joh661

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Азмуханова A., & Эгамбердиев M. (2025). Қазақ хандығын Түркия тарихнамасында зерттеудің дискурсивтік және әдіснамалық аспектілері. Turkic Studies Journal, 7(1), 49–70. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-1-49-70

Журналдың саны

Бөлім

Ортағасырлық тарих (археология)