Көне түркі руникалық мәтіндеріндегі қосымшалардың сөзжасамдық әлеуеті
Қаралымдар: 141 / PDF жүктеулері: 186
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-118-127Кілт сөздер:
руникалық ескерткіштер, тіл, түбір және көмекші морфемалар, сөзжасамдық жұп, сөзжасамдық әрекет, сөзжасамдық морфемалардың қызметі мен мағыналары, әлемнің көнетүркілік бейнесіАннотация
Ежелгі Түркі қағанаттары дәуірінде руникалық тілде түбір және аффиксті
морфемалардан түзілген нақты мәні мен мағыналары бар түркі сөзінің толыққанды құрылымы
қалыптасты. Түбір морфемада прототүркілік протоформалардың тарихи сарқыншақтары:
бастапқы түбірлер, етістік-номиналды синкретизм, түбірлердің дыбыстық-фонемалық
түрленгіштігі әлі күнге дейін сақталған. Көмекші морфемалар – аффикстер руникалық
ескерткіштер тілінде де дамыған, соның арқасында көне түркі тілінде морфология мен
туынды сөздің біршама жетілген жүйесі қалыптасты. Сондықтан бұл көмекші морфемаларды
функционалдық жағынан сөзтүрлемдік және сөзжасамдық деп бөлуге болады. Көне түркі тілінің
туынды жүйесі аффикстік сөзжасам тұрғысынан бүгінгі түркология ғылымында азын-аулақ
сөз етілгені болмаса, жеткілікті деңгейде зерттелмеген. Дегенмен қазіргі мағыналық туынды
жасау әдіснамалары көне сөзжасамды егжей-тегжейлі қарастыруға, руникалық мәтіндердегі
сөзжасамдық бірліктердің семантикалық әлеуетін ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Аффиксті
сөзжасамның негізгі бірлігі – сөзжасамдық жұп, онда тудырушы және туынды түбірлер арасындағы
формалдық-семантикалық байланыс мағыналық уәждеме арқылы айқындалады. Тікелей
уәждеме жағдайында туынды сөздің мағынасы тудырушы сөз бен сөзжасамдық қосымшаның
мағыналары арқылы жасалады. Мақалада осыған сай көне түркі сөзжасамдық қосымшаларының
қызметі мен мағыналары ашып көрсетіледі. Сөзжасам әрекетіне қатыса отырып, аффикстер
сөзжасамдық қызмет атқарады, ал олардың сөзжасамдық мәні жүйе құраушы қызметіне
байланысты айқындалады. Автор сөзжасамдық мағыналардың алуан түрлілігін дәйектеп, олар
әлемнің көнетүркілік бейнесі туралы дерек көзі екенін атап көрсетеді. Көне түркі аффикстерінің
мағыналары мен формалары қазіргі түркі тілдерінің туынды сөздер жүйесімен сабақтастып
жатқанын байқауға болады.