Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Үнді сюжеттері


Қаралымдар: 459 / PDF жүктеулері: 72

Авторлар

  • Бауыржан Омаров Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2020-2-4-37-46

Кілт сөздер:

үнді хикаялары, көшпелі сюжет, көне құндылық, санскрит, аңыздар, қалмақ қызы, жұмбақ, антқа адалдық, аллегориялық әңгіме, шығыс дәстүрі

Аннотация

Төл әдебиетімізде сан ғасырлардан тамыр тартатын көне сюжеттерге негізделген шығармалар
жеткілікті. Бұл туындыларға өзек болған аңыз-әңгімелердің түп-төркінін жете зерделеген сайын көп нәрсеге қа-
ныға түсеміз. Кейбір сюжеттердің сілемдері есте жоқ ескі замандардағы тәмсілдермен сабақтасып жатады. Оның
әуелгі бастауын қайдан алатыны, түрлі кезеңдерде қалай дамығаны, уақыт бедерінде қандай өзгеріске түскені –
тиянақты зерттеуді қажет ететін мәселе. Сонымен қатар, ежелгі сюжеттердің біздің дәуіріміздегі баршаға танымал
көркем дүниелерде қай тұрғыдан қолданылғанына, қалайша көрініс тапқанына, қаншалықты шебер бейнеленгені-
не назар аударсақ, ізденіс аясы кеңейе түспек. Бұл мақала қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сәкен Сейфуллиннің
әйгілі «Көкшетау» поэмасында қолданылған бір сюжеттің түп негізін айқындауға арналған. Автор оның қайнар
көзін Үндістан жерінен бастау алған «Веталаның жиырма бес әңгімесі», «Түнгі жауһар-сырлар» («Жаваһир әл-а-
смар»), «Тотынама» сынды әдеби ескерткіштерден іздеп, өзіндік байлам-байыптамаларын ұсынады.

Автор өмірбаяны

Бауыржан Омаров, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

филология ғылымдарының докторы, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры

Жүктеулер

Жарияланды

2021-11-26

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Омаров, Б. (2021). Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Үнді сюжеттері. Turkic Studies Journal, 2(4), 37–46. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2020-2-4-37-46

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР