Ортағасырлық түпдеректер мен зерттеушілер еңбектеріндегі Моғолстанның алғашқы ханы
Қаралымдар: 466 / PDF жүктеулері: 310
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-4-7-17Кілт сөздер:
Шағатай ұлысы, Моғолстан, моғолдар, Есенбұға хан, Тоғылық Темір хан, «Тарих-и-Рашиди», «Түрік шежіресі», В.В. Бартольд, У. ЭрскинАннотация
Мақалада отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін талдау арқылы
Моғолстан мемлекетінің алғашқы ханына қатысты мәліметтер қарастырылады. Ұзақ жылдар бойы тарихшылар Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған
Моғолстанның тұңғыш ханы Тоғылық Темір болғандығын дәйектеп келгенімен, XIX ғасырдың екінші жартысында жарық көрген британ ғалымдарының еңбектерінде Моғолстанның алғашқы ханы туралы конвенционалды ұстаным жоққа шығарылады. В.В. Бартольд, К.А. Пищулина, В.П. Юдин, О.Ф. Акимушкин, О.К. Караев және басқа да зерттеушілер «Муизз ал-анcаб», «Зафар-наме», «Шаджарат ал-атрак» және т.б. еңбектерде ұсынылған мәліметтерге сәйкес Тоғылық Темір ханның Моғолстанның бірінші ханы болғандығын негіздесе, британ ғалымдары У. Эрскин, Э. Оливер және Н. Элиас Мұхаммед Хайдардың «Тарих-и-Рашиди» еңбегі мен Әбілғазының «Түрік шежіресіне» сүйене отырып, Шағатай ұлысының ханы болған Есенбұғаны Моғолстан мемлекетінің негізін қалаушы ретінде ұсынады. Түпдеректерде Есенбұға хан өмірінің соңғы жылдарына қатысты мәліметтердің болмауы әрі өлген уақытының жазылмауы, сонымен қатар «Тарих-и-Рашиди» мен «Түрік шежіресі» авторлары мәліметтерінің салыстырмалы түрдегі айқындылығы Есенбұға ханның Моғолстан мемлекетінің алғашқы ханы ретінде қарастырылуына мүмкіндік туғызады. Сонымен қоса, бұл дәйектер В.В. Бартольд, О.Ф. Акимушкин және т.б. Мұхаммед Хайдар мен Әбілғазы Баһадүр ханның Есенбұға туралы деректерінің хронологиялық тұрғыдан мүмкін емес
деген пікірлерін сынға алады. Ғылыми мақаланы жазу барысында жоғарыда аталған түпдеректердің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармалары пайдаланылды.
Downloads
Әдебиет
Akimushkin O.F., 2004. Srednevekovyj Iran: Kul’tura, istorija, filologija[Medieval Iran: Culture, History, Philology]. SPb.: Nauka. 404 p. [in Russian].
Äbılğazy., 1992. Türık şejıresı. [Genealogy of Turks]. Almaty: Ana tılı. 208 p. [in Kazakh].
Erskine W., 1854. A History of India, Vol.1. London.Bartol’d V.V., 1943. Ocherk istorii Semirech’ja. [Essay on the history of Semirechye]. Frunze: KIRGIZGOSIZDAT. 104 p. [in Russian].
Karaev O.K., 1995. Chagatajskij Ulus. Gosudarstvo Hajdu. Mogulistan. Obrazovanie kyrgyzskogo naroda. [Chagatai ulus. State of Haidu. Moghulistan. The formation of the Kyrgyz people]. Bishkek: Kyrgyzstan. 160 p. [in Russian].
Qazaqstan tarihy (Köne zamannan bügınge deiın). Bes tomdyq. II tom., 1998. [History of Kazakhstan: from ancient times until today]. Almaty: Atamūra. 640 p. [in Kazakh].
Oliver E.E., 1888. The Chaghatai Mughals. Journal of the Royal Asiatic Society of Great Britain and Ireland, New Series, Vol. 20, No. 1. P. 72-128.
Pishhulina K.A., 1977. Jugo-Vostochnyj Kazahstan v seredine XIV-nachale XVI vekov (voprosy politicheskoj i social’no-jekonomicheskoj istorii). [South-East Kazakhstan in the middle of the XIV - beginning of the XVI century. Questions of political, social-economic history]. Alma-Ata: Izdatel’stvo «Nauka» Kazahskoj SSR . 288 p. [in Russian].
The Shajarat ul-Atrak, or Genealogical tree of the Turks and Tatars. Tranlated and abridged by Col. Miles, 1838. London: Printed by J. L. Cox and Sons.The Tarikh-i-Rashidi of Mirza Muhammad Haidar, Dughlat. A history of the Moghuls of Central Asia: An English Version., 1895. Edited with Commentary, Notes and Map by N. Elias; The Translation by E. Denison Ross. London.Sultanov T.I., 2021. Chingiz-han i chingizidy. Sud’ba i vlast’. [Genghis Khan and the Genghisids. Fate and power]. Moskva: AST. 445 p. [in Russian].
Syzdykov S., 2020. Altyn Ordanyñ memlekettık ideologiasy. [State Ideology of the Golden Horde]. Turkic Studies Journal. V. 2. No3. P. 70-77. DOI: http:// doi.org/10.32523/2664-5157-2020-2-3-69. [in Kazakh].
Tarih-i Rashidi, 1996. Tashkent: Izdatel’stvo «Fan». [in Russian].
Sharaf ad-Din Ali Jazdi, 2008. Zafar-name. Tashkent: Izdatel’stvo zhurnala «SAN’AT». 519 p. [in Russian].
Judin V.P., 2001. Central’naja Azija v XIV-XVIII vekah glazami vostokoveda. [Central Asia in the XIV-XVIII centuries through the eyes of an orientalist]. Almaty: Dajk-Press. 404 p. [in Russian].
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Turkic Studies Journal

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.



















