Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі дала өркениетінің ерекшеліктері


Қаралымдар: 97 / PDF жүктеулері: 110

Авторлар

  • Аурика Серубаева М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
  • Тенгеш Каленова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-3-92-109

Кілт сөздер:

Шоқан Уәлиханов, дала өркениеті, көшпенділер, қазақ, қырғыз, ауыз әдебиеті, шежіре, ру-тайпа, жазба деректер.

Аннотация

Мақалада ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың көрнекті ғалымы, этнографы Шоқан Уәлихановтың жазбаларындағы дала өркениетінің ерекшеліктеріне қатысты мәліметтері мен көзқарастары талдауға алынады. Авторлар Ш.Уәлихановтың төл еңбектері, аудармалары мен хаттары сияқты дереккөздерді, сондай-ақ басқа да авторлардың еңбектерін пайдалана отырып, ғалымның қазақ этногенезіне қатысты зерттеулерін, оның ішінде «қазақ» сөзінің этимологиясы, қазақ этносының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуына және көшпелі қоғамдардың ішкі құрылымына қатысты мәліметтері мен ойларын алға тартады. Зерттеуде Ш.Уәлихановтың тарихнамаға қосқан үлесі және оның қазақ халқы мен қоғамының қалыптасуын терең түсініп, басқа ғалымдардың бұрын жіберген қателіктерін түзегендігі айқындалады. Ш.Уәлиханов түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуде ортағасырлық шығыс деректерінен Қадырғали Жалайырдың «Жылнамалар жинағы», Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі», Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» және Қашғардан әкелінген «Сұтұқ Бұғрахан тарихы», «Тұғлық Темір хан тарихы», «Қожалар тарихы», «Абумүслим Мауризи» қолжазбаларын пайдаланған,
сонымен қатар қазақ және қырғыз халқының «Едіге», «Манас» жырларын дерек ретінде қолданысқа жаратып, ғылыми айналымға енгізген. Ол «Манас» жырының «Көкетай ханның ертегісі» атты бөлімін тұңғыш рет орыс тіліне аударып, оған ғылыми интерпретация жасады. Ш.Уәлихановтың қазақ ортасында білімді адамдармен қарым-қатынаста болуы, Омбы кадет корпусында білім алуы оның көшпелі қоғам мен отырықшы елдер арасындағы ерекшеліктерді ажырата білуіне мүмкіндік берді. 

Автор туралы мәлімет

Аурика Серубаева, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

PhD, «Тарих және география» кафедрасының доценті м.а.

Тенгеш Каленова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

тарих ғылымдарының кандидаты, «Саясаттану» кафедрасының доценті

Әдебиет

Абуев К.К., 2016. Чокан Валиханов и его современники. Кокшетау: КГУ им. Ш. Уалиханова. 387 с.

Айдарова Х., 1945. Чокан Валиханов. Алма-Ата: КазОГИЗ. 198 с.

Артықбаев Ж.О., 2012. Қазақ шежіресі: ұлы дала тарихының қайнар көзі және тұжырымдамасы. Астана: Алтын кітап. 495 б.

Әбжанов Х., 2010. Шоқан және тұлғатану // Егемен Қазақстан. 22 қазан

Әбуев Қ., 2006. Қазақстан: тарих және тағылым. Астана: Елорда. 320 б.

Валиханов Ч.Ч., 1904. Сочинение / Под. ред. Н.И. Веселовского. СПб.: Типография Главного Управления Уделов. 531 с.

Валиханов Ч.Ч., 1985. Собрание сочинений в пяти томах. Алма-Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии. Т. 2. 416 с.

Валиханов Ч., 1986. Избранные произведения. М.: Наука. 414 с.

Джеенбекова С.С., 2013.Повседневная жизнь кыргызов в исследованиях Чокана Валиханова // Вестник КРСУ. Т. 13. №6. С. 14-17.

Дулатова Д. Шоқан – тарихшы. Алматы. 69 б.

Ержебаева А., 2011. Шоқан туралы Түркияда не жазылған?// Абай – республикалық тәуелсіз фольклорлық-этнографиялық әдеби-көркем журнал. №2. Б. 17-20.

Есмағамбетов К.Л., 2010. Шоқанды шетел қалай танып-білуде? Ғалымның жоғалған қолжазбалары туралы ой // Егемен Қазақстан. 10 қараша.

Жандарбек З., 2008. Қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріндегі тарихи деректерді пайдалану жолдары // Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері: республикалық ғыл.-практ. конф. жинағы. Астана. Б. 99-109.

Көмеков Б.Е., 2015. Қазақ мемлекеттілігінің тарихы және Қазақ хандығы. Алматы: Қазақ университеті. 46 б.

Кумеков Б.Е., 2011. Понятие «казах» первоначально имело социальный смысл // Байтерек. №12 С. 1-5.

Қарасаев Ғ., 2009. Ресей зерттеушілері Шоқан Уәлиханов туралы // Қазақ тарихы. №1. Б. 35-37.

Қайырханова Ф.К., 2010. Шоқан Уәлиханов қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті туралы // Ш.Ш. Уәлиханов мұрасы әлемдік тарих контекстінде: х.а. ғыл.-прак. конф. жинағы. Семей. Б. 46-54.

Ланглуа Ш.В., Сеньобос Ш., 2015. Тарихты зерттеуге кіріспе/ Орыс тіл. аударған Б.А. Габдуллина. Астана: Фолиант. 280 б.

Оразбеков А., 1985. Шоқан Уәлиханов. Алматы. 15 б.

Серубаева А.Т., 2015. Ш. Уәлиханов зерттеулеріндегі қазақ этногенезі мен Қазақ хандығына қатысты деректер // Қазақ хандығы тарихының өзекті мәселелерін зерделеу: халықаралық ғыл.-прак. конф. жинағы. Астана. Б. 152-157.

Стрелкова И.И., 1990. Валиханов. Изд. 2-е, доп. М.: Молодая гвардия. 298 с.

Сүлейменов Р.Б., Моисеев В.А., 1985. Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы. Туғанына 150 жыл толуына орай. Алматы: Ғылым. 112 б.

Уәлиханов Ш.Ш., 2010. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы: Толағай групп. Т. 1. 376 б.

Уәлиханов Ш.Ш., 2010. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы: Толағай групп. – Т. 2. 464 б.

Умурзаков С.Ч., 1996. Валиханов как географ-исследователь Кыргызстана // Бишкек: Илим. С. 48-55.

Хафизова К.Ш., 2010. Чокан Валиханов в китайской историографии //Ш. Уәлиханов және ХХІ ғасырдағы гуманитарлық ғылым: көрнекті қазақ ғалымы Ш.Ш. Уәлихановтың 175 жыл. арналған х.а. ғыл.-практ. конф. матер. Алматы: Тарих тағылымы. Б. 77-86.

Kumekov B., Kartova Z., 2021. А source study analysis of Amir Timur’s waquf diploma issued by the Turkestan mosque of Khoja Ahmet Yasavi at the end of the XIV- the beginning of the XV century. Turkic Studies Journal, 1(2). P. 52–59. https://doi.org/10.32523/tsj.02-2019/2-6

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Серубаева A., & Каленова T. (2023). Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі дала өркениетінің ерекшеліктері. Turkic Studies Journal, 5(3), 92–109. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-3-92-109

Журналдың саны

Бөлім

Қазақтардың мәдениеті мен өнері