Татар ақыны Ренат Харис шығармаларындағы түс пен жарық поэтикасы


Қаралымдар: 201 / PDF жүктеулері: 157

Авторлар

  • Альфия Галимуллина Қазан (Еділ бойы) федералдық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-4-7-22

Кілт сөздер:

Ренат Харис, татар әдебиеті, мәдени код, ұлттық код, түс, жарық, өнер әлемі, символизм

Аннотация

Татар халқының қазіргі заманғы көрнекті ақыны, Татарстан Республикасының
халық ақыны, татар, орыс, ағылшын, француз, поляк, белорус, башқұрт, чуваш тілдерінде
жарық көрген 50-ден астам кітаптың авторы Ренат Харистің (Ренат Магсумович Харисов,
1941) шығармашылығы өзінің жан-жақтылығымен ерекшеленеді. Оның шығармалары татар
халқының, Ресейдің және әлемдік қоғамдастықтың өткені мен бүгініне қатысты адамгершілік,
философиялық, қоғамдық-саяси тақырыптарды зерделеуге арналған. Мақалада ақын
поэзиясының көркемдігіне айырықша назар аударылады, Ренат Харистің поэтикалық әлемінің
бояу мен жарыққа қанықтығы оның сезімін дәлірек және айқынырақ жеткізуге мүмкіндік
беретіндігі атап көрсетіледі. Ренат Харис шығармаларындағы түрлі-түсті және ашық бейнелер
символдық мәнге ие болып, татар халқының ұлттық кодын танытады, лирикалық қаһарманның
сезімдерін айқынырақ жеткізуге мүмкіндік беретін нағыз халықтық бояу мен жарық дәстүрлерін
бедерлейді. Ренат Харистің көркемдік әлемінде кескіндеме мен поэзия бір-бірімен тығыз
байланысып жатыр, өйткені ол өлең техникасын да, бейнелеу өнерінің қыр-сырын да шебер
меңгерген. Шығармашылық тақырыбы, суретшілер бейнесі Ренат Харис туындыларының басты
арқауы болады, оларда жарық пен түрлі-түсті бейнелер де маңызды эмоционалдық рөл атқарады.
Ренат Харис поэтикасына тән белгілердің бірі – оның бейнелерінің дыбыстық символизмі. Ақын
көбінесе жеке фактілерден ауқымды жалпылауларға, ассоциацияларға көшіп отырады және бұл
оның азаматтық және философиялық қана емес, лиро-эпикалық шығармаларына да қатысты.

Автор өмірбаяны

Альфия Галимуллина, Қазан (Еділ бойы) федералдық университеті

педагогика ғылымдарының докторы,  орыс әдебиеті және оны оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры, Филология және мәдениетаралық байланыс институты

Әдебиет

Алексеева Л.А., 2015. Поэтика цвета в лирике М.И. Цветаевой // Молодой ученый. 20 (100). С. 584-586.

Бакиров М.Х., 2012. Татарский фольклор. Казань: Ихлас. 400 с.

Бакиров М.Х., 2014. Древнетюркская поэзия. Казань: Татарское книжное издательство. 390 с.

Габбасова Г.З., 2005. Цветообозначение в татарской художественной речи // Язык и литература в поликультурном пространстве: материалы региональной научно-практической конференции. Бирск: БирГПИ. Вып. 2. С. 23-28.

Галимуллин Ф.Г., Галимуллина А.Ф., 2021. Художественная картина мира Рената Хариса. Казань: Издательство Казанского университета. 200 с.

Галиуллин Т.Н., 2011. Акыл һәм хис берлеге шагыйре (Р. Хариска 70 яшь) [Единство разума и чувства в поэзии (К 70-летию со дня рождения Р. Хариса] // Ренат Харис һәм татар шигърияте. Казань: Идель-Пресс. С. 10-28.

Загидуллина Д.Ф., 2011. Ренат Харис лирикасында образ тудыру үзенчәлекләре: аллегориядән – символга [Своеобразие создания образа в лирике Рената Хариса] // Ренат Харис һәм татар шигърияте. Казань: Идель-Пресс. С. 58-62.

Замалетдинов Р.Р., 2004. Татарская культура в языковом отражении. Москва-Казань: Издательский центр ВЛАДОС. Магариф. 239 с.

Иванова Ю.В., 2007. Цветообозначения в структуре поэтического текста и подходы к исследованию // Известия РГПУ им. А.И. Герцена. СПб., 5 (Т.22). С. 112-118.

Козлова Н.Н., 2010. Цветовая картина мира в языке // Ученые записки Забайкальского гос. гуманит.-педагогического университета им. Н.Г. Чернышевского. 3 (32). С. 82-88.

Кононов А.Н., 1978. Семантика цветообозначений в тюркских языках // Тюркологический сборник. Москва: Наука. 280 с.

Мархлевска М., 2021. О поэзии Рената Хариса // Татарская поэзия и культура второй половины ХХ – начала XXI века: диалог с западными и восточными художественными традициями (К 80-летию татарского поэта Рената Хариса). Казань: Издательство Казанского университета. С. 155-157.

Месяц С.В., 2012. Иоганн Вольфганг Гёте и его учение о цвете. Москва: КРГУ. 464 с.

Родина С.А., 2001. Свет в художественно-колоративной системе лирики С.А. Есенина, 1891- 1925 гг.: диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук. Москва. 195 с.

Сабирова Г.А., 2007. Цвет в творчестве татарских писателей-импрессионистов начала ХХ века // Вестник КГУ им. Н.А. Некрасова. № 4. С. 146-148.

Сафина Л.М., 2021. Стильный образ Рената Хариса. Москва: Издательство «Перо». 203 с.

Ситдикова А.Ф., 2013. К вопросу определения базового концепта «Төс» и его семантического поля на примере цветообозначения в татарском языке // Грамота. Тамбов. № 5 (23). В 2-х ч. Ч. 1. С. 163-168.

Харис Р., 1980. Листья. Казань: Татарское книжное издательство. 156 с.

Харис Р., 2020. Татар аты. Казань: Татарское книжное издательство. 88 с.

Харис Р., 2021. Братская сила в горячей руке // Литературная газета. 18 (6783). 11 мая 2021. С. 5-15.

Харис Р., 2021. Потом была фраза. Казань. Магариф-Вакыт. 160 с.

Харисов Р., 2006. Сайланма әсәрләр в 7 т. (Избранные сочинения). Казань. Татарское книжное издательство. Т.3. 511 с.

Хисамов Н.Ш., 2011. Шагыйрьнең фикер һәм хис дөньясы [Мир чувства и разума поэта] // Ренат Харис һәм татар шигърияте. Казань: Идель-Пресс. С. 52-56.

Юсупова Н.М., 2016. Фольклорные символы как источник символизации у татар (На материале орнитоморфной и цветовой символики) // Вестник Рязанского гос. ун-та им. С.А. Есенина. № 4 (53). С. 139-146.

Юшкина Е.А., 2008. Поэтика цвета и света в прозе М.А. Булгакова: диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук: защищена: 2.10.2008. Волгоград. 222 с.

Яхин Ф.З., 2011. Ренат Харисның мәхәббәт шигъриятендә лирик герой // Ренат Харис һәм татар шигърияте. Казань: Идель-Пресс. С. 62-73.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-12-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Галимуллина, А. (2022). Татар ақыны Ренат Харис шығармаларындағы түс пен жарық поэтикасы. Turkic Studies Journal, 4(4), 7–22. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-4-7-22

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары