Бурабай орман алқабындағы кейінгі орта ғасырлық киелі орынның реконструкциясы


Қаралымдар: 178 / PDF жүктеулері: 132

Авторлар

  • Серғазы Сакенов Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты филиалы
  • Бақыт Хасенова Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты филиалы
  • Әбдінұр Нұсқабай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-1-60-77

Кілт сөздер:

Солтүстік Қазақстан, Бурабай, Орта ғасырлар, ғұрыптық іс-әрекет, ғибадатхана, мәдени ландшафт, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, кодификация

Аннотация

Өткеннің ғұрыптық іс-әрекетін зерттеу, жинақталған материалдан тарихи ақпарат алу және оны талдау археология саласындағы ғылыми ізденістің бір бағыты болып табылады. Мақалада Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының филиалы археологиялық тобының кейінгі орта ғасырлық ғибадатхананы 2021 жылғы зерттеу нәтижелері келтірілген. Ғибадатхана
Ақмола облысы Бурабай ауданының орман алқабында, қазіргі уақытта құрғап қалған бұлақтың жағасында ірге тепкен. Аталған табиғи кешенде орналасқандықтан, оны табиғатты қастерлеуге және құрметтеуге арналған киелі нысандардың қатарына жатқызуға болады. Ғибадатхана құрылысын археологиялық нысан ретінде зерттеу барысында қызықты артефактілер – саздан
жасалған, конус пішінді кішкене бұйым мен үш аяқты темір мосы табылды.
Мақалада авторлар буддизмнің әсеріне ұшыраған ерекше этностық белгілерді автохтонды тұрғындардың ортасындағы бөгде мәдениеттің құбылысы ретінде кодтау және нақтылау процесін ұсынады. Сонымен қатар, киелі орындарды, табиғат пен қоныстың қамқоршысы ретінде рухтарды құрметтеуге байланысты әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді зерттеу нәтижелері
баяндалған, зерттеліп отырған қасиетті мекенді мұраға қалдырған адамдардың нақты ғұрыптық рәсімдері мен дүниетанымдық ұғымдарын зерделеу барысында анықталған нысан элементтері арасындағы құрылымдық байланыс көрсетілген. Ұқсастықтарды іздестіру жүргізілді, осы тәрізді археологиялық нысандардың зерттелу деңгейі туралы мәліметтер берілді, ғибадатхананы графикалық тұрғыдан қалпына келтіру жүзеге асырылды. Ескерткіш кейінгі орта ғасырларға тиесілі және еліміздің мәдени мұрасының бөлігі болып табылады.

Автор туралы мәлімет

Серғазы Сакенов, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты филиалы

PhD, жетекші ғылыми қызметкер

Бақыт Хасенова, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты филиалы

PhD, жетекші ғылыми қызметкер

Әбдінұр Нұсқабай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университет

PhD докторант

Әдебиет

Адоньева С.Б., 2000. Сказочный текст и традиционная культура. СПб.: Изд-во Санкт-Петербургского университета. 181 с.

Айыжы Е.В., Базырчап А.-Х.О., 2014. Священные места цаатанов в сомоне Цагааннуур Хубсугульского аймака Монголии (по материалам полевых экспедиций) // Вестник Калмыцкого института гуманитарных исследований РАН. Элиста: Федеральное государственное бюджетное учреждение науки Калмыцкий научный центр Российской академии наук. 1. С. 31-35.

Арсланова Ф.Х., Чариков А.А., 1974. Каменные изваяния Верхнего Прииртышья // Советская археология. М.: Институт археологии РАН. 3. С. 220-235.

Бабенков К.Н., 1996. Жертвенно-поминальный комплекс «Аксак». Возможные варианты реконструкции // Новое в археологии Южного Урала. Челябинск: Изд-во «Рифей». С. 245-250.

Байпаков К.М., Воякин Д.А., Ерофеева И.В., Казизов Е.С., 2018. Аблайкит: второй год комплексных исследований // Мир Большого Алтая. Усть-Каменогорск. 3 (4). С. 634-665.

Бейсенов А.З., Кожаков Д.А., 2002. Средневековые памятники Центрального Казахстана // История и археология Семиречья. Вып. 2. Алматы. С. 150-164.

Боталов С.Г., 1996. Каменные изваяния и жертвенно-поминальные комплексы Урало-Ишимского междуречья // Новое в археологии Южного Урала. Челябинск: Изд-во «Рифей». С. 210-244.

Гарустович Г.Н., Сунгатов Ф.А., 2018. К вопросу о хронологии культовых поминальных объектов Южного Урала (в системе «жертвенно-поминальный комплекс – каменное изваяние») // Уфимский археологический вестник. Уфа. 18. С. 95-107.

Гомбоев Б.Ц., 2020. Сакрализация пространства: контекст и актуальность интердис-циплинарных подходов (на примере культовых мест Бурятии и Монголии) // Mongolian Studies (Монголоведение). Т. 12. Улан-Удэ. 2. С. 288-301.

Гуркин С.В., 1987. Половецкие святилища с деревянными изваяниями на Нижнем Дону // Советская археология. М.: Институт археологии РАН 4. С. 100-139.

Григорьев Ф.П., Уалтаева А.С., Железняков Б.А. 2018. Тамгалытас и Кайши – памятники ламаистского культа в Жетысу // Мир Большого Алтая. Усть-Каменогорск. 3 (4). С. 398-408.

Гомбоев Б.Ц., 2006. Культовые места Баргузинской долины. Москва – Улан-Удэ. 288 с.

Дмитриев Е.А., Жусупов Д.С., 2018. Тюркские ограды могильника Танабай в контексте исследований раннесредневековых памятников Центрального Казахстана // Теория и практика археологических исследований. Барнаул: Изд-во Алтайского государственного университета. С. 144-154.

Досымбаева А.М., 2002. Мерке – сакральная земля тюрков Жетысу. Тараз: Изд-во «Сeнiм». 108 с.

Досымбаева А., Нұсқабай А., 2012. Құмай түрктік археологиялық-этнографиялық кешені. Астана. 146 с.

Екеева Э.В., Белекова Э.А., 2018. Культовая атрибутика в традиционном мировоззрении алтайцев. Горно-Алтайск: НИИ алтаистики им. С.С. Суразакова. 120 с.

Ермоленко Л.Н., 2004. Средневековые каменные изваяния казахстанских степей (типология, семантика в аспекте военной идеологии и традиционного мировоззрения). Новосибирск: Изд-во Института археологии и этнографии СО РАН. 132 с.

Кожа М., 2016. Огузские поминальные храмы // Народы и религии Евразии. Барнаул. 9. С. 85-101.

Кубарев В.Д., 1979. Новые сведения о древнетюркских оградках Восточного Алтая // Новое в археологии Сибири и Дальнего Востока. Новосибирск. С. 135-161.

Петров Ф., 2002. Тюрко-монгольские культы поклонения степным духам на территории Южного Зауралья // Вестник Челябинского университета. Серия 10. Востоковедение. Евразийство. Геополитика. Челябинск. 1. С. 85-95.

Сагалаев А.М., 1991. Урало-Алтайская мифология: символ и архетип. Новосибирск: Изд-во «Наука». 155 с.

Самашев З.С., Айткали А.К., Толегенов Е., 2022. К вопросу о сакрализации образа кагана // Поволжская археология. Казань: Изд-во Академии наук Республики Татарстан. 2 (40). С. 21-34.

Серегин Н.Н., Шелепова Е.В., 2015. Тюркские ритуальные комплексы Алтая (2-я половина I тыс. н.э.): систематизация, анализ, интерпретация. Барнаул: Изд-во «Азбука». 168 с.

Смакова А. Пятиминутный путеводитель по ұятам 2016 года. 30 ноября 2016 г. [Электронный ресурс] – URL: https://esquire.kz/pyatiminutny-putevoditely-po-yatam-2016-goda (дата обращения: 06.05.2022).

Сураганова З.К., Хабдулина М.К., 2021. По следам потомков небесной матери: от мифа к семантике сакрального ландшафта // Stratum plus. Кишинев. 5. С. 99-110.

Хабдулина М.К., 2021. Сакральный код древнетюркского городища Бозок (Центральный Казахстан) // Древние культуры Монголии, Южной Сибири и Северного Китая: Материалы XI международной научной конференции (Абакан, 8–11 сентября 2021 г.) / Отв. ред. А.В. Поляков, М.Т. Кашуба, А.Д. Цыбиктаров. Абакан. С. 230-236.

Хасенова Б.М., 2017. Средневековый Тургай: погребальные сооружения, жертвенно- погребальные комплексы, предметный мир // Культура населения Тургая и сопредельных территорий: человек и эпоха: Коллективная монография / Отв. ред. Г.А. Базарбаева,

Г.С. Джумабекова. Алматы: Институт археологии им. А. Х. Маргулана. С. 51-97.

Швецов М.Л., 1979. Половецкие святилища // Советская археология. М.: Институт археологии РАН. 1. С. 199-209.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сакенов, С., Хасенова, Б., & Нұсқабай, А. (2023). Бурабай орман алқабындағы кейінгі орта ғасырлық киелі орынның реконструкциясы. Turkic Studies Journal, 5(1), 60–77. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-1-60-77

Журналдың саны

Бөлім

Тарих және Археология

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары