2023 жылы Талас алқабындағы Жайлаутөбе қонысында жүргізілген зерттеу нәтижелері


Қаралымдар: 35 / PDF жүктеулері: 26

Авторлар

  • Ақан Оңғарұлы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
  • Руслан Буранбаев Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
  • Қуаныш Арынов Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
  • Мамбет Шагирбаев Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-3-104-121%20

Кілт сөздер:

Талас өңірі, Жайлаутөбе қонысы, археология, археозоология, кейінгі қаңлы кезеңі, қазба, керамика

Аннотация

Талас өңірінде дәуірлер тоғысында қалыптасқан және осы аумақтағы ерте
егіншілік мәдениетінің алғашқы ескерткіштері болып табылатын «алаңды төбе» типіндегі қаңлы қоныстары белгілі. Олар екі бөліктен тұрады – төбесі тегіс негізгі қорған және оған іргелес орналасқан төменгі платформасы бар алаң. 1960 жылдары Шөлтөбе және Қызылқайнартөбе қоныстары зерттелді. 2015-2019 және 2022-2023 жылдары Бақатөбе қаласында қазба жұмыстары жүргізілді. Олардың ортаңғы бөлігінен монументалды крест тәрізді және төртбұрышты ғимарат құрылыстары табылды. Алайда әлі күнге дейін осы типтегі ең ірі Жайлаутөбе қонысы зерттелмей келді. Осыған орай Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының отряды 2023 жылдың далалық маусымында аталған ескерткішке алғаш рет қазба жұмыстарын жүргізді. Аумағы 73 шаршы метр болатын қазба ескерткіштің төменгі алаңшасына салынды. Бұл нысаннан толық сақталған құрылыс орындары анықталмағанымен, көптеген керамикалық және остеологиялық материалдар табылды. Сондай-ақ, жоғарғы төбешікке стратиграфиялық траншея салынып,
шикі кірпіштен салынған күрделі ғимарат құрылысы анықталды. Қазба жұмыстарынан алынған қыш ыдыстардың ерекшеліктері Талас алқабы мен Оңтүстік Қазақстанның отырықшы-егіншілік қоныстардың материалдарымен ұқсастықтарға ие. Зооархеология зертханасында жүргізілген сүйек қалдықтарын зерттеу жануарлардың түр бойынша құрамы мен сандық статистикасын анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес ескерткіш б.з. II-IV ғғ. мерзімделіп, кейінгі қаңлы кезеңіне жатқызылды. 

Автор туралы мәлімет

Ақан Оңғарұлы, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты

тарих ғылымдарының кандидаты, бас директор

Руслан Буранбаев, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты

докторант, кіші ғылыми қызметкер

Қуаныш Арынов, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты

докторант, кіші ғылыми қызметкер

Мамбет Шагирбаев, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты

докторант, ғылыми қызметкер

Әдебиет

Агеева Е.И., Пацевич Г.И., 1958. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана // Труды Института истории, археологии и этнографии. Том V. Алма-Ата: АН КазССР. 215 с.

Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б., 1972. Древний Отрар (Топография, стратиграфия, перспективы). Алма-Ата: Наука. 216 с.

Алипчеев И.С., Байбосынов К., 1982. Свод памятников истории и культуры Джамбулской области. Джамбул: Облтипография. 2008 с.

Байпаков К.М., Подушкин А.Н., 1989. Памятники земледельческо-скотоводческой культуры Южного Казахстана (I тысячелетие н. э.). Алма-Ата: Наука. 160 с.

Бернштам А.Н., 1949. Проблемы древней истории и этногенеза Южного Казахстана // Известия АН КазССР, серия археологическая. Выпуск 2. Алма-Ата. С. 89-97.

Боровкова Л.А., 2001. Царства «западного края» во II–I веках до н.э. (Восточный Туркестан и Средняя Азия по сведениям из «Ши цзи» и «Хань шу»). Москва: Институт востоковедения РАН. Крафт +. 368 с.

Мерщиев М.С., 1966. Поселение Чоль-тобе в северных предгорьях Киргизского Алатау // Вестник АН КазССР. 12. Алма-Ата: АН КазССР. С. 69-73.

Мерщиев М.С., 1970. Поселение Кзыл-Кайнар-тобе I–IV веков и захоронение на нем воина IV–V века // По словам древних культур Казахстана. Алма-Ата: АН КазССР. C. 79-92.

Плетнева С.А., 1981. Введение // Степи Евразии в эпоху средневековья. Москва: Наука. 302 с.

Подушкин Н.П., 1970. К вопросу о керамике раннеземледельческих поселений верховий реки Арысь (I–IV вв.) // По словам древних культур Казахстана. Алма-Ата: АН КазССР. C. 93-107.

Свод памятников истории и культуры Жамбылской области. Байзакский район, 2010. Алматы: Типография комплекс. 204 с.

Сенигова Т.Н., 1962. Поселение Актобе // Археологические исследования на северных склонах Каратау: Труды ИИАЭ им. Ч.Ч. Валиханова. Т. 14. Алма-Ата: Наука. С. 57–82.

Талеев Д.Ә., Торбеков Е.С., 2020. Бурнооктябрьск (Жылкышытөбе) қалашығында 2018–2019 жылдары жүргізілген зерттеулер // Казақстан археологиясы. № 2 (8). С. 50–64.

Торгоев А.И., Кулиш А.В., Торежанова Н.Ж., 2020. Замок Бака-тобе и крестообразные постройки Кангюя. Археология и история Кангюйского государства. Шымкент: Әлем. 216 с.

Торгоев А.И., Кулиш А.В., Торежанова Н.Ж., 2023. О восточной границе Кангюя в II-IV вв. н. э. // Древние и средневековые государства и союзы номадов Евразии в контексте новых археологических и письменных источников: материалы международной научно-практической конференции, посвященной 70-летию археолога, д.и.н., профессора А.Н. Подушкина (г. Шымкент, 17–18 марта 2023 г.). Алматы: Институт археологии имени А.Х. Маргулана. 160 с.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-13

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Оңғарұлы, А., Буранбаев, Р., Арынов, К., & Шагирбаев, М. (2024). 2023 жылы Талас алқабындағы Жайлаутөбе қонысында жүргізілген зерттеу нәтижелері. Turkic Studies Journal, 6(3), 104–121. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-3-104-121

Журналдың саны

Бөлім

Тарих және Археология