Әл-Омаридің Алтын Орданың тарихи географиясына қатысты мәліметтері
Қаралымдар: 59 / PDF жүктеулері: 41
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-3-51-68Кілт сөздер:
Алтын Орда, әл-Омари, тарихи география, топонимика, экономикалық география, Сарай, Тұран, Арқ Тағ, ТыныбекАннотация
Араб тарихшысы әл-Омари жазып қалдырған жазба деректер өзінің тұпнұсқалық сипатына орай Алтын Орда тарихы үшін ең құнды әрі маңызды дереккөз болып табылады.
Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, тарихи қосалқы пәндердің жаңа мәліметтері ғылыми айналымға енген сайын, классикалық жазба деректердің мәліметтеріне қайтадан сын көзбен қарау және оны жаңа тұрғыдан талдау
қажеттілігі де туындайды. Мақалада әл-Омаридің мәліметтері Алтын Орданың
тарихи географиясы, соның ішінде Алтын Орданың шекарасы, ортағасырлық алтынордалық қалалардың топографиясы, қалалардың гүлдену динамикасы, тарихи топонимикасы, экономикалық географиясына қатысты соңғы зерттеулердің нәтижелеріне қатысты қайта сарапталады. Деректегі Арқ Таг/Уруктағ оронимін Орал тауларының түркілік атауы ретінде қарастырамыз. Автордың Алтын Орданың экономикалық географиясына қатысты мәліметтері көшпелі мал шаруашылығын ұйымдастыру заңдылықтары, көшпелілердің көші-қон маршруттары, керуен
жолдары туралы басқа дерек көздері мен зерттеулер тұрғысынан алғандағынақтылығы және көшпелілер шаруашылығын ұйымдастырудың экологиялық сипатын анықтау тәрізді сауалдар шеңберінде талданады. Әл-Омаридің Алтын Орданың тарихи географиясына қатысты мәліметтері жаңа зерттеулердің нәтижелерімен қоса тарихи-салыстырмалы талдау әдісі арқылы да талданады. Зерттеу барысында логикалық позитивизм әдісі негізінде дерек мәліметтерін
қайта сараптау Алтын Орданың саяси, әкімшілік құрылымы, көшпелі мал шаруашылығының сипаты, ұйымдасу ерекшеліктері туралы тың тұжырымдар жасауға мүмкіндік беріп отыр.
Әдебиет
Алтын Орда әдебиеті: генезис, жанрлық ерекшелік, дәстүр жалғастығы, 2022. Алматы: Evo Press. 320 б.
Владимиров Г.Г., 2010. Об одном сведении Эль-Омари относительно болгар и его возможные интерпретации // Золотоордынская цивилизация: Сборник статей. Выпуск 3. Казань: Изд. «Фэн» АН РТ. С. 69-73.
Гончаров Е.Ю., 2000. Старый и Новый Сарай – столица Золотой Орды (новый взгляд на известные источники) // Степи Европы в эпоху средневековья: сб. науч. ст. / Гл. ред. А.В. Евглевский Т.1. Донецк: ДонГУ. С. 345-349.
Ильясовa З.С., Айгумусовa А.Т., 2018. Сопостaвительный aнaлиз сведений о Дешт-и Кыпчaк aл-Умaри и aл-Кaлкaшaнди // Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №2 (85). С. 60-66.
История Казахстана в арабских источниках, 2005. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из арабских сочинений, собранные В.Г. Тизенгаузеном (Переработанное и дополненное издание) Подготовка к новому изданию, введение, дополнения и комментарии Б.Е. Кумекова, А.М. Муминова. Т. І. Алматы: Дайк-Пресс. 709 с.
Картаева Т., 2022. Сыр-Арал этнографиясы. Алматы: Қазақ. Кітабы. 512 б.
Лавшина И.Ю., 2019. Проблема правления Тинибека // Генуэзская Газария и Золотая Орда. Т.2: В памяти Г.А. Федорова-Давыдова / Под редакцией С. Г. Бочарова и А. Г. Ситдикова Казань Кишинев. С. 547-550.
Маргулан А.Х., 1949. Древние караванные пути через Бетпак дала // Вестник АН КазССР. №1. С. 68-78.
Масанов Н.Э., 2011. Кочевая цивилизация казахов: основы жинедеятельности номадного общества. Изд. 2-е, дополненное. / Сост. Л.Е. Масанова, И.В. Ерофеева. Алматы: Print-S. 740 с.
Мурзаев Э.М., 1984. Словарь народных географических терминов. Москва. Мысль. 653 с.
Напольских В.В., 2006. Вятка, Джулман, Югра и Сибирь в арабском источнике в первой половине XIV в. // Вопросы ономастики. № 3. С. 65-75.
Тизенгаузен В., 1884. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды, извлечения из арабских источников. Т.1. СПб. 564 с.
Ускенбай К.З., 2013. Восточный Дашт-и Кыпчак в XIII – начале XV века. Проблемы этнополитической истории Улуса Джучи. Казань: Изд-во «Фэн» АН РТ. 288 с.
Яворская Л.В., 2017. Домашние животные в быту и экономической системе Золотой Орды: письменные свидетельства и археозоологические реалии // III международный конгресс средневековой археологии евразийских степей «Между Востоком и Западом: движение культур, технологий и империй» / Отв. ред. Н.Н. Крадин, А.Г. Ситдиков. Владивосток: Дальнаука. С. 313-318.
Al-ʿUmarī, 1971. Shihāb ad-Dīn Aḥmad ibn Faḍl Allāh al-ʿUmarī. Masālik al-abṣār fī mamālik al amṣār. Dar al-kutub al-ilmiyah. Est. By Muhammed Ali Baydoun. Beirut-Lebanon. V. 3. 414 p.
Al-ʿUmarī, 1992. Shihāb ad-Dīn Aḥmad ibn Faḍl Allāh al-ʿUmarī. at-Taʾrīf bi-al-muṣṭalaḥ ash-sharīf. Samir ad-Darubi. Al-Karak. Zami‘a Mu’ta. 425 p.
Hiroyuki Nagamine, 2024. Where Was Sarai, the “Capital” of the Jochid Ulus? Some Perspectives for Research on Sarai // Crossroads. Brill. 2024. P. 1-33. DOI: https://doi.org/10.1163/26662523-bja10019
Кlaus Lech, 1968. Das Mongolische Weltreich: al-Umari-s Darstelling der mongolischen Reiche in seinem Werk Masalik al-absar wa mamalik al-amsar. Wiesbaden. 641 p.