Қытай архивінен табылған қазақтарға қатысты бір парша жарлық хат және оның тарихи маңызы
Қаралымдар: 116 / PDF жүктеулері: 130
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-1-7-22Кілт сөздер:
Қазақ хандығы, шығыс бөлігі, иелік етуші, Ханқожа сұлтан, Цин империясы, Цяньлун, жазба деректер, жарлық хат, тарихи маңызыАннотация
Мақалада Цин империясының қазақтың шығыс шекара аймақтарына иелік еткен Ханқожа сұлтанға жолдаған «жарлық хаты» тарихи деректану ғылымының зерттеу әдісі аясында ыждағаттықпен талқыланады. Жоңғарлар жойылғаннан кейін Қазақ хандығының Орта-Шығыс аймақтарына иелік еткен Абылай,
Әбілпейіз сұлтан Цин патшалығымен ресми қарым-қатынас орнатты. Бұл мезгіл қазақша құжаттарда үнемі «сиыр жылы» деп хатқа түскен 1757 жылға тура келеді. Осыдан кейін әр екі жақ арасында сауда-саттық қатынасы қалыптасып, 1758 жылы Үрімжіден, 1761 жылы Іледен, 1764 жылы Тарбағатайдан сауда жәрмеңкелері бірінен кейін бірі ашылып, Қазақ хандығы мен Цин патшалығы арасындағы саяси-экономикалық байланыстың үздіксіз дамуына қолайлы шарт жағдай жасалды. Осыған орай, екі ел арасындағы барыс-келіс одан ары жиілеп,
өзара жазысқан ресми іс қағаздардың саны да қауырт көбейді. Бұлардың денін қазақ хан, сұлтандары жазған әр түрлі мақсаттағы дипломатиялық хаттар құрады. Олар елшілер арқылы Цин патшалығының жергілікті әкімшілігіне жеткізіліп, одан патшаға жөнелтіліп отырды. Мұндай құжаттар қорының ішінен Цин патшалығының қазақ хан, сұлтандарына жолдаған жарлық хаттарының ескі жазба тіліміздегі аударма нұсқасы кездесіп қалады. Біз талдап отырған архив
құжаты – дәл осы нұсқалардың бірі, нақтылап айтқанда, 1787 жылы Цяньлун патшаның Ханқожа сұлтанға жолдаған дипломатиялық хаты. Аталмыш хаттың тілі жатық, мазмұны ұғынықты, XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының әлеуметтік тарихын, ұлысаралық қарым қатынасын және тілжазу мәдениетін зерттеуде аса құнды жазба материал ретінде қаралады.
Әдебиет
Abdilashim D., 2010a. タルバガタイ参賛大臣宛文語カザフ語文書1種.京都大学『西南アジ ア研 究』. 72. 65-78 頁.
Abdilashim D., 2010b. 18-19 世紀文語カザフ語文書の歴史文献学的研究.京都大学博士 論文. 23.03.10. 178 頁.
Әбділәшім Д., 2009. Қазақ гуны Жошының Тарбағатай амбандарына жазған хаты. Шынжаң
қоғамдық ғылымы. 4. Б. 51-57.
Әбділәшім Д., 2010c. Қазақ ваны Ханқожаның Іле генералына жазған өтініш хатынан бір нұсқа. Шынжаң қоғамдық ғылымы. 3. Б. 26-31.
Әбділәшім Д., 2011. Қазақ ваны Ханқожаның қой саудалау мақсатында Тарбағатай амбанына
жолдаған хаты. Шынжаң қоғамдық ғылымы. 2. Б. 11-17.
Әбділәшім Д., 2016. Қытай бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар.Бейжің:
Ұлттар баспасы. 278 б.
Әбділәшім Д., 2017a. Цяньлун патшаның қазақ ваны Ханқожаға түсірген жарлық хаты (1787).
Шынжаң қоғамдық ғылымы. 3. Б. 54-64.
Әбділәшім Д., 2017b. Цяньлун патшаның қазақ ваны Ханқожаға түсірген жарлық хаты (1790).
Шынжаң университеті ғылыми журналы. 3. Б. 45-55.
Saguchi Toru, 1963. 十八~十九世紀東トルキスタン社会史研究.東京: 吉川弘文館. 755 頁.
Saguchi Toru, 1986. 新疆民族史研究. 東京: 吉川弘文館. 459 頁.
Song Yun, 1965. 松筠(修)《钦定新疆识略》(二)哈萨克世次表条. 台北:文海出 版社.
Hu Zeng-yi, 1994. 胡增益主编《新满汉大词典》. 乌鲁木齐:新疆人民出版社. 1016 页.
Noda Jin & Onuma Takahiro, 2010. A Collection of the Documents from the Kazakh Sultans to the Qing Dynasty (Central Eurasian Research Series, Special Issue 1). Tokyo: Department of Islamic Area
Studies, Center for Evolving Humanities, Graduate School of Humanities and
Sociology, the University of Tokyo. 176 p.
Onuma Takahiro, 2014. 清と中央アジア草原:遊牧民の世界から帝国の辺境へ. 東京大 学出版会. 311 頁.
QXMDH. 2012a. 中国边境史地研究中心与中国第一历史档案馆合编《清代新疆满文档 案汇编》(第 175 册). 桂林:广西示范大学出版社. 447 页.
QXMDH. 2012b. 中国边境史地研究中心与中国第一历史档案馆合编《清代新疆满文档 案汇编》(第 176 册). 桂林:广西示范大学出版社. 449 页.
Tamura, Imanishi, Sato. 1966. 田村実造・今西春秋・佐藤長共編『五体清文鑑訳解』1 巻. 京都: 京 都大学文学部内陸アジア研究所.