Бәбіш мола қаласының керамикасы (морфологиялық және техника-технологиялық талдаулар негізінде)


Қаралымдар: 60 / PDF жүктеулері: 59

Авторлар

  • Жанболат Утубаева Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты
  • Макпал Суюндикова Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты
  • Жанаргүл Қалиева Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының Астана қаласындағы филиалы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-2-133-154

Кілт сөздер:

археология, Сырдария, Бәбіш мола, Шірік Рабат мәдениеті, керамика, гипс, шамот, оганика

Аннотация

 Керамика, кез келген археологиялық ескерткіш жайында құнды әрі маңызды
мағұлмат беретін дереккөздің бірі болып табылады. Ә.Х. Марғұлан атындағы
Археология институтының тарапынан құрылған Шірік Рабат экспедициясы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында орналасқан, мемлекет қорғауына
алынған, жергілікті маңызы бар Бәбіш мола қалашығына археологиялық
қазба-зерттеу жұмыстарын кешенді жүргізіп келеді. Мақаланы жариялаудағы
негізгі мақсат – 2018-2022 жылдары Бәбіш мола қалашығына жүргізілген қазба
барысында жиналған керамикалық материалдарға морфологиялық, техника
технологиялық талдаулар жүргізу негізінде ғылыми айналымға енгізу. Бәбіш
мола қалашығынан табылған қыш ыдыстар пайдалану мақсаттарына қарай
шаруашылық, асханалық және ас үйлік ыдыстар деп топтастырылды. Соның
ішінде пайызы басым асханалық құмыра ыдысы екендігін анық аңғаруға болады.
Жасалу технологиясы бойынша ыдыстардың барлығы шарық көмегімен және
жапсырма әдісімен дайындалған. Сонымен қатар саз құрамына гипс, органика,
шамот секілді қоспалар араластырылған. Ыдыстардың сырттары минералды
бояулармен және түрлі геометриялық, толқынды сызықтармен өрнектеліп,
безендірілген. Жүргізілген археологиялық қазба нәтижесі Бәбіш мола оазисінің
орталығы Бәбіш мола қалашығы болғандығын дәлелдейді. Аталмыш қалашыққа
жүргізілген археологиялық қазба барысында тіркелген түрлі қыш ыдыстар
аумақта қыш өндірісінің дамығандығын көрсетеді. Нысанда ұйымдастырылған
зерттеу жұмыстары, тіркелген археологиялық материалдар мен керамикалардағы
морфологиялық және техника-технологиялық талдаулар нәтижелері Бәбіш мола
қалашығының өмір сүру уақытын б.д.д III-II ғғ. мерзімдейді.

Автор туралы мәлімет

Жанболат Утубаева, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты

тарих ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер

Макпал Суюндикова, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты

докторант

Жанаргүл Қалиева, Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының Астана қаласындағы филиалы

магистр, РФ КемМУ аспиранты, аға ғылыми қызметкер

Әдебиет

Андрианов Б.В., 1969. Древние оросительные системы Приаралья. Москва: Наука. 252 с.

Бобринский А.А., 1978. Гончарство Восточной Европы. Москва: Наука. 269 с.

Бобринский А.А., 1999. Гончарная технология как объект историко-культурного изучения

// Актуальные проблемы изучения древнего гончарства: коллективная монография. Самара: СГПУ. 233 c.

Болелов С.Б., 2004. Керамика // Калалы-гыр 2. Культовый центр в Древнем Хорезме IV-II вв. до. н. э. Москва: Вост. литература. 286 с., илл., карты.

Болелов С.Б., 2013б. Ремесло древнего Хорезма по археологическим данным. Этапы

становления // РА. № 2. С. 77-86.

Вайнберг Б.И., Левина Л.М., 1993. Чирикрабатская культура // Низовья Сырдарьи в древности. Москва: ИЭИА. 130 с.

Курманкулов Ж., Болелов С.Б., Утубаев Ж.Р., 2021. Древние земледельцы низовьев Сырдарьи. Труды Института археологии им. А. Х. Маргулана. Т. І. Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана. 322 с., илл.

Курманкулов Ж., Болелов С.Б., Утубаев Ж.Р., 2022. Археологические исследования на городище Бабиш мола: Новые данные // Маргуланские чтение – 2022: материалы международной научнопрактической конференции (г. Алматы, 12–13 апреля 2022 г.). Алматы: Институт археологии им. А. Х. Маргулана. 450 с.

Қалиева Ж., Утубаев Ж., Суюндикова М., 2023. Экспериментальды тәжірибе барысында шірікрабат мәдениеті ескерткіштеріндегі керамикалық ыдыстардың жасалу технологиясы // Марғұлан оқулары – халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция материалдары (Алматы қ., 30-31 наурыз 2023 ж.). 2 томдық. Алматы: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты. 2 том. 316 б.

Пещерева Е.М., 1959. Гончарное производство Средней Азии. Москва- Ленинград. 398 c.

Толстов С.П., 1948. По следам древнехорезмийской цивилизации. Москва: Академия Наук СССР. 328 с.

Толстов С.П., 1962. По древним дельтам Окса и Яксарта. Москва: Изд-во восточной лит-ры. 324 с.

Толстов С.П., Воробьева М.Г., Рапопорт Ю.А., 1960. Работы Хорезмской археолого

этнографической экспедиции в 1957 г. // Материалы ХАЭЭ. Москва. Вып. 4. С. 3-62.

Толстов С.П., Жданко Т.А., Итина М.А., 1963. Работы Хорезмской археолого-этнографической экспедиции АН СССР в 1958-1961 гг. // МХЭ. Вып. 6. Москва. С. 3-90.

Утубаев Ж.Р., Болелов С.Б., Касенова А.Д., 2023. Бабиш-мола – столичный город эпохи

античности в низовьях Сырдарьи: стратиграфия, периодизация, хронология. Stratum Plus. Археология и культурная антропология. №3. С. 179-201.

Утубаев Ж., Болелов С., Калиева Ж., Суюндикова М.К., Касенова А., 2023. Экспериментальные работы по изготовлению керамики Чирикрабатской культуры. Поволжская археология. № 3 (45). С. 235-247.

Утубаев Ж., Суюндикова М., 2023. XIX-XX ғғ. Сырдарияның төменгі ағысындағы археологиялық зерттеулер // Қазақстан Археологиясы. № 3 (21). Б. 48-67. DOI: https://doi.org/10.52967/akz2023.3.21.48.67

Шишкина Г.В., 1975. Эллинистическая керамика Афрасиаба // СА. №2. C. 3-81.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Утубаева, Ж., Суюндикова, М., & Қалиева, Ж. . (2024). Бәбіш мола қаласының керамикасы (морфологиялық және техника-технологиялық талдаулар негізінде). Turkic Studies Journal, 6(2), 133–154. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-2-133-154

Журналдың саны

Бөлім

Тарих және Археология

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары