ӘМБЕБАП ҒАЛЫМ

К 110-летию видного кыргызского тюрколога, доктора филологических наук, профессора, академика АН Кыргызской Республики Болота Мураталиевича Юнусалиева


Қаралымдар: 63 / PDF жүктеулері: 86

Авторлар

  • Амантай Шарип Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-4-163-171

Аннотация

Жарияланым түркітанушы, филология ғылымдарының докторы,
профессор, Қырғызстан Ұлттық ғылымдар академиясының академигі Болот
Мұраталыұлы Юнусалиевтің (1913-1970) өмірі мен шығармашылығына арналған. Биыл
Қырғызстан жұртшылығы 110 жылдығын атап өткен көрнекті ғалым өзінің соңында
мәнді шығармашылық мұра қалдырды. Мәскеу педагогикалық институтының түлегі боп
саналатын талантты зерттеуші қызмет жолын ұстаздықтан бастап, қырғыз мектептері
үшін «Әліппе» оқу құралын жазып берді. Қиын-қыстау жылдары Қырғызстанның оқуағарту министрі, Қырғыз мемлекеттік университетінің ректоры лауазымдарын атқарды.
Бірақ Б.М.Юнусалиевтің басты мұраты, ынтызар ісі мен ғұмырлық ұстанымы ғылым
болды. Біріншіден, ол – «Қырғыз лексикологиясы», «Қырғыз диалектологиясы» атты іргелі еңбектерді жазған танымал лингвист. Оның тіл білімі саласындағы зерттеулерін
К.К. Юдахин, В.В. Решетов, А.К. Боровков, Н.К. Дмитриев, К.М. Мусаев, т.б. белгілі
түркологтар жоғары бағалаған. Екіншіден, Б.М. Юнусалиев манастанушы ретінде көп
еңбек сіңірді. Ол қырғыздың ұлы эпосын солақай пікірлерден қорғап қана қоймай,
жомоқшылар Сағымбай Оразбақов пен Саяқбай Қаралаев нұсқаларын («Манас»,
«Семетей», «Сейтек») біртұтастандырып, төрт кітап етіп жарыққа шығарды. Бірінші
томға жазған алғы сөзін мамандар ғажайып эпос туралы ең үздік мақалалардың
қатарына жатқызады. Б.М. Юнусалиевтің тағы бір еңбегі – қырғыз жазба әдебиеті
негізін қалаушылардың бірі Молдо Нияз Ерназарұлының қолжазба кітаптарын тауып,
Ұлттық ғылым академиясының қорына тапсырғандығы. Сөйтіп, оның арқасында совет
кезеңінде тыйым салынған ақын мұрасы тәуелсіздік тұсында ғылыми айналымға енді.
Қырғызстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері Б.М. Юнусалиевтің есімі Бішкектің
бір көшесіне беріліп, туған жерінде ескерткіш орнатылған.

Автор өмірбаяны

Амантай Шарип , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

филология ғылымдарының докторы, түркітану кафедрасының профессоры

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Шарип , А. (2023). ӘМБЕБАП ҒАЛЫМ: К 110-летию видного кыргызского тюрколога, доктора филологических наук, профессора, академика АН Кыргызской Республики Болота Мураталиевича Юнусалиева. Turkic Studies Journal, 5(4), 163–171. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-4-163-171

Журналдың саны

Бөлім

PERSONALIA