Ясауидің «Диуани Хикметі» мен Дантенің «Құдыретті комедиясында» бейіш пен тозақтың бейнеленуі


Қаралымдар: 90 / PDF жүктеулері: 143

Авторлар

  • Жанат Аймұхамбет Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-4-146-162

Кілт сөздер:

хикмет, түркі, рух, о дүние, бұ дүние, сопылық таным, айтыс, бейіш, тозақ

Аннотация

Мақалада Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикметіндегі» пейіш пен тозақ
айтысын түркі сөз өнеріне тән айтыс үлгілерімен және Данте Алигьеридің
«Құдыретті комедиясындағы» жұмақ пен тозақтың бейнеленуімен салыстыра
талдау мақсат етілген. Ясауи хикметтерінің рухани-философиялық және
көркемдік құндылығы қарастырылып, пейіш, тозақ ұғымдарының адамзат
санасындағы бейнесі зерделенеді.
Рухтың мәңгілік өмірі туралы сенім «екі дүние» моделін туындатты. О дүниенің
өзін рухтың бұ дүниедегі ісіне қарай тұрақтайтын екі әлемнен тұратынын діни
тұрғыда негіздеген жазбалар баршылық. Жұмақ пен тозақ бейнесі қасиетті
кітаптардың ғана емес, көркем туындылардың да алтын өзегіне айналды.
Солардың жарқын бір үлгісі – Дантенің «Құдыретті комедиясы». Бұл туындыда
бейнеленетін о дүниелік екі тұрақ сипатын түркі дүниесінің ғұламасы Ясауи
хикметтерімен салыстыру арқылы жалпыадамзаттық көркемдік таным негіздері
туралы ой қорытылады.
Ясауи жұмақ пен тозақты айтыстыру арқылы гуманистік ұлы мұраттарды үлгі
етеді. Адам баласының адамгершілік болмысы ар-ұятпен бағаланатыны, рухани
құндылықты тұтыну ұстанымы айтыс үлгісіндегі мәтінде барынша айқындалады.
Қазақ фольклорындағы айтыста ұтымды да тапқыр сөзбен қарсыласты жеңу
мақсат етіледі. Хикмет жанр ретінде түркі өлеңімен мазмұндық, пішіндік тұрғыда
үйлесім тауып, айтылар ойды жеткізудің тиімді тәсілі ретінде айтыс үлгісін
жатсынбай қабылдайды.
Бұл бинарлық оппозициялық ұғымның адамзат танымындағы мәдени код
ретінде рухтың тазалығы мен асқақтығы жолындағы күресті таныту мақсатында
сөз өнерінің басты нысанына алынғаны талдаулар негізінде тұжырымдалады.

Автор өмірбаяны

Жанат Аймұхамбет , Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

филология ғылымдарының докторы, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры

Әдебиет

Алигьери Д., 2012. Құдыретті комедия. Орыс тілінен аударған К.Ахметов. Астана: Аударма. 792 б.

Артамонова Т.Г.,2019. Образы ада и рая в философских произведениях Марка Твена // Филологические науки. Вопросы теории и практики. Том 12. Выпуск 6. С. 75-79.

Әбдуов А., 2022. Қожа Ахмет Ясауидің дүниетанымы. Алматы: «Көкжиек-Горизонт». 204 б.

Бужор Е.С, Шевченко О.В., 2022. О мотивах ада, чистилища и рая в творчестве Ф.М.Достоевского. Гуманитарные науки.Вестник Финансового университета. 12(2). С. 75-83.

Досмұхамедұлы Х., 2013. Аруақпен айтысу. Кітапта: Айтыстану. Ғылыми жинақ. Астана: «Жалғас-Print». 420 б.

Жолдасбеков М., 2002. Тастар сөйлейді. Астана: Фолиант. 194 б.

Крамер Сэмюэл Н., 1991. История начинается в Шумере. 2-е изд., измен. Пер. с англ. Ф.Л.Мендельсона. Москва: «Наука». Главная редакция восточной литературы. 235 с.

Курган М.Г., 2021. Дантовские образы ада в «Записках из мертвого дома» Ф.М. Достоевского // Имагология и компаративистика. №15. С. 31-52.

Қорғанбеков Б., 2010.Қожа Ахмет Ясауи хикметтері жəне қазақ фольклорындағы жоқтау жанры // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №6 (130). Б. 268-270.

Мощанская О.Л., 2018. Оппозиция «рай» – «ад» в художественном восприятии англосаксов и древних русичей // Религия и культура. С. 170-177.

Нұрдәулетова Б.И., Шохаев М.Т., Кенғанова А.Б., 2022. Жыраулар поэтикасындағы «шынайы адам» концептісі // Turkic Studies Journal. Астана: ЕҰУ баспасы. Б. 72-85.

Нұржан С., 2013. Қырық хикмет. Құрастырған: Нұржан С. Алматы: «Эффект» ЖШС. 88 б.

Уәлиханов Ш., 1985. Таңдамалы. Алматы: Жазушы. 560 б.

Элиот Т.С., 1996. Назначение поэзии. Статьи о литературе. Перевод с английского. Киев: AirLand. 353 с.

Ясауи Қ., 2016. Диуани хикмет (Хикметтер жинағы). Қазақ тіліне аударғандар: Қ.Қари, Ғ.Қамбарбекова. Астана: «Ғылым» баспасы. 210 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Аймұхамбет , Ж. . (2023). Ясауидің «Диуани Хикметі» мен Дантенің «Құдыретті комедиясында» бейіш пен тозақтың бейнеленуі. Turkic Studies Journal, 5(4), 146–162. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-4-146-162

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиет және Фольклор

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары