Қазақ халқының салт-дәстүрі мен наным-сеніміндегі ит бейнесі
Қаралымдар: 69 / PDF жүктеулері: 100
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-1-94-111Кілт сөздер:
қазақтар, фольклор, әдебиет, ит, мәдениет, халық сенімдері, әлеуметтік-мәдени тұрмыс, салт-дәстүрАннотация
Адамзат баласының алғаш қолға үйреткен жануарларының бірі болып
есептелетін ит тарихтың кез келген дәуірінде маңызды рөлге ие болып, өмірдің қай саласында болмасын адамға пайдасын тигізгендіктен, әрбір мәдениетте өз орнын тауып отырған. Қазақтар үшін жеті қазынаның бірі саналған ит адамның айнымас адал досы, шаңырақ пен қора-қопсының
күзетшісі, мал-жан мен төрт түліктің қорғаны, шопандар мен аңшылардың жәрдемшісі болған. Тек бұл ғана емес, әлеуметтік-мәдени тұрмыстың бір бөлшегіне айналған иттің қазақ
халқының салт-дәстүрлерінде, наным-сенімдерінде, өнері мен сөздік қорында елеулі орны бар. Зерттеудің басты мәселесі – қазақ қоғамындағы ит туралы оң және теріс көзқарастардың шығу тегін зерттеп, олардың салт-дәстүрлер мен халықтық наным-сенімдердегі негізгі көріністерін анықтау. Бұл мақала иттің қазақтардың әлеуметтік-мәдени тұрмысындағы, салт-дәстүрлері
мен наным-сенімдеріндегі алар орны мен маңызына және мәніне тоқтала отырып, қазақтардың итті қалай қабылдағанын анықтауды көздейді. Көзделген мақсатқа жету үшін қазақтың салт дәстүрлерінен бастап, қазақ халық сенімдері, қолөнершілік сынды бірқатар салалардағы итке
қатысты ырымдар, наным-сенімдер мен амалдар қамтылып, жіті қарастырылған. Осы зерттеудің
нәтижелері көрсеткендей, қазақ мәдениетінде ит тек үй жануары ғана емес, сонымен бірге мәдени символ және мифологиялық образ болып табылады. Күнделікті өмірдегі практикалық рөлімен, салт-дәстүрлік және мифологиялық мағыналарымен қатар, ит бейнесі қазақ қоғамының
ұжымдық санасында жағымды да, жағымсыз да мағынаға ие.
Әдебиет
Ақбай Н., 2013. Қазақтың дәстүрлі атаулары: энциклопедиялық сөздік. Алматы: Арда+7. 496 б.
Аспандияров Б., Асықбаева Н., Ахметова Ш., Есенғұлова К., Жанұзақов Т., Жәркешева Г., Кеңесбаев И., Тойшыбаева С., Хамзина Б., 1959. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы: Қазақ
ССР ғылым академиясының баспасы. 255 б.
Әжіғали С., 2005. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Алматы: Арыс. 328 б.
Әлімбай Н., 2012. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 2-том. Алматы: РПК Слон. 736 б.
Әлімқұлов Б. және Әбдіраманов Е., 1994. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. Алматы: Санат. 238 б.
Бабалар сөзі (жүз томдық). Түс жору және ырымдар. 94-том., 2013. Астана: Фолиант баспасы. 432 б.
Бегманов Қ., 2010. Халқы мықтының салты мықты: этнографиялық сыр-сұхбат. Алматы: Өлке. 480 б.
Бектемірова С., 2012. Киноморфизмдердің танымдық семантикасы. Алматы: ӘрекетПринт. 191 б.
Болғанбаев Ә., Қалиев Б., Байзақов С., Османова А., Дәулетқұлов Ш., Жүнісова М.,
Нұрғазиева Г., 1999. Қазақ тілінің сөздігі. Алматы: Дайк-Пресс. 776 б.
Жанұзақов Т., 1971. Қазақ есімдерінің тарихы. Алматы: Ғылым. 216 б.
Кейкін Ж., 2000. Қазақы атаулар мен байламдар. Алматы: Өлке. 256 б.
Кенжеахметұлы С., 2003. Жеті қазына (бірінші кітап): көпшілік оқырманға арналған. Алматы: Ана тілі. 135 б.
Кенжеахметұлы С., 1994. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары: көпшілік оқырман қауымға арналған. Алматы: Ана тілі. 80 б.
Қайбарұлы А. және Бопайұлы Б., 1998. Қазақ ырымдары / Казахские поверья. Алматы: Қазақ
энциклопедиясы. 167 б.
Қанарбаева Б., 1999. Қазақтың наным-сенімдері. Алматы: Қанағат. 120 б.
Қондыбай С., 2004. Арғықазақ мифологиясы. 4-том. Алматы: Дайк-Пресс. 272 б.
Нүсіпоқасұлы А., 2014. Тал бесіктен жер бесікке дейін. Алматы: Өнер 21-ғасыр қоғамдық қоры. 592 б.
Олжатаев С., 2007. Түс жорудың төл кітабы. Шымкент: Алтын алқа баспасы. 160 б.
Тоқтабай А. және Сейітқұлова Ж., 2005. Төрт түліктің қасиеті. Алматы. 192 б.
Argynbayev Y., 2016. Kazak Folklorunda Köpek. Yayımlanmamış Yüksek Lisans Tezi, Gazi Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü. Ankara. 109 s.
Baltacı Z. T., 2014. Türk Kültüründe Köpek (İnanış, uygulama ve anlatılar). Yayımlanmamış Yüksek Lisans Tezi, Balıkesir Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü. Balıkesir. 196 s.
Caferoğlu A., 1961. Türk Onomastiğinde Köpek Kültü. Türk Dili Araştırmaları Yıllığı – Belleten, (İkinci Baskı). Ankara: Türk Tarih Kurumu Basımevi. S. 1-11.
Dıykanbayeva Mayramgül. 2009. Kırgız Atalar Kültü ve Kırgız Atalar Kültünün Yaşayan Kültüre Etkileri. Yayımlanmamış Doktora Tezi, Gazi Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü, Ankara. 401 s.
Dilek İ., 2014. Resimli Türk Mitoloji Sözlüğü (Altay/Yakut). Ankara: Grafiker. 212 s.
Dilek İ., 2021. Türk Mitoloji Sözlüğü. Ankara: Türk Dili Kurumu. 951 s.
Eren Metin. 2010. Van Gölü Havzası Ölüm Gelenekleri ve Türk Kültür Ekolojisi İçerisindeki Yeri. Yayımlanmamış Doktora Tezi, Yüzüncü Yıl Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü, Van. 516 s.
İnan A., 1998. Makaleler ve İncelemeler. I. C. (Üçüncü Baskı). Ankara: Türk Tarih Kurumu Yayınları. 730 s.
İnan A., 2015. Tarihte ve Bugün Şamanizm (Materyaller ve Araştırmalar). (Sekizinci Baskı). Ankara: Türk Tarih Kurumu Yayınları. 229 s.
Karadoğan A., 2003. Türk Şahıs Adlarında Hayvan Kültü. Milli Folklor. S. 57 (Bahar), S.109-116.
Köprülü M. F., 2011. Türk Edebiyatı Tarihi. Ankara: Akçağ Yayınları. 446 s.
Ögel B., 2014. Türk Mitolojisi (Kaynakları ve açıklamaları ile destanlar). I. C. (Altıncı Baskı). Ankara: Türk Tarih Kurumu Yayınları. 745 s.
Pugnetti G., 2012. Köpek Ansiklopedisi. (Dördüncü Baskı). (Çev. G. K. Duman). Ankara: Arkadaş Yayınevi. (Eserin orijinali 1980‟de yayımlandı). 462 s.
Saikenova D.K., Ibragimov, A.I., 2023. Semantics of fire and its derivatives in the ritual practice of Kazakhs: traditions and modernity. Turkic Studies Journal, Vol. 5., No 2. P. 93-107. DOI: https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-2-93-107