Қисас-и Рабғұзи және ХХ ғасыр басындағы қазақ жазба әдебиеті: рухани үндестік пен дәстүр жалғастығы


Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 152

Авторлар

  • Хамидулла Таджиев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Төрәлі Қыдыр М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-3-172-184

Кілт сөздер:

Алтын Орда, ХХ ғасыр, әдебиет, Қисас ул-әнбия, Рабғұзи, Мәшһүр Жүсіп, Шәді Жәңгірұлы, рухани үндестік, дәстүр жалғастығы.

Аннотация

Қазақ елінің ұлт болып ұйысып, тұтастай дербес мемлекет болып қалыптасуында түрлі тарихи кезеңдер мен тарихи тұлғалардың, саяси оқиғалар мен мәдени-әдеби жәдігерлердің орны ерекше. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды факторлардың бірі, сегіз ғасырға жуық уақыт бұрын Шыңғысхан ұрпақтары тарапынан құрылған Алтын Орда мемлекеті (ХІІІ-ХVІ ғ.ғ) кезеңі болды. Аталған дәуірді насихаттауға бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейде назар аударылуының өзі бұл дәуірдің өзіндік ерекшелігі мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу жолындағы әсерін арттыра түсетіні анық. Әсіресе, бұл кезеңде жазып
қалдырылған әдеби мұралардың кейінгі дәуірлерде қазақтың ұлттық дүниетанымының қалыптасуына жасаған әсерін зерттеп, бүгінгі ғылыми ортада насихаттау – ұлттық бірегейлік пен әдеби дәстүр жалғастығын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Алтын Орда кезеңінде жазылған әдеби мұралар Насируддин Бұрһаниддин Рабғузидің «Пайғамбарлар тарихы» – Қисас ул-әнбия немесе Қисас-и Рабғұзи, Әл-Кердеридің «Жұмақтардың ашық жолы» (Нәһж ул-фәрадис), Құтбтың «Хұсрау-Шырын» сынды дастандар сөз жоқ, осы кезеңдегі сөз өнерінің дамып, жетілуінде ерекше рөл атқарды.
Мақалада Алтын Орда кезеңінде қоғамдық дамуға ерекше үлес қосқан Насируддин Бұрһануддин Рабғұзидің «Қисәс ул-әнбия» немесе «Қисас-и Рабғузи» еңбегі және ХХ ғасыр басында қазақ халқының ұлттық тәрбиесі мен діни сауатының оянуына зор ықпал еткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы,
Шәді Жәңгірұлы сынды шайырлардың пайғамбарлар жайлы қиссалары арасындағы рухани үндестік пен дәстүр жалғастығы салыстырмалы түрде қарастырылады.

Автор туралы мәлімет

Хамидулла Таджиев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

PhD, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы

Төрәлі Қыдыр, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты

филология ғылымдарының кандидаты, доцент, бас директордың орынбасары

Әдебиет

Әл-Кердери, 2011. Нәһжул-фәрадис. Қазыналы оңтүстік көптомдығы. Т. 37. Алматы: Нұрлы әлем. 312 б.

Бердібай Р., 2005. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.1. Алматы: Қазығұрт. 448 б.

Жаһангерұлы Ш., 2003. Назым Сияр Шәриф. Өлеңмен жазылған Пайғамбардың тарихы (қадим жазуымен). Баспаға дайындаған: Жүніс Т. Алматы: Арыс нашрияты. 384 б.

Жаһангерұлы Ш., 2012. Назым Сияр Шәриф. Баспаға дайындаған: Қыдыр Т. Алматы: Нұрлы Әлем. 326 б.

Кенжебайұлы Б., 2018. Шығармалар жинағы. Түрік қағанатынан бүгінгі күнге дейін Т.1. Алматы: Ел-шежіре. 352 б.

Көпейұлы М.Ж., 2003. Шығармалары. Т. 2. Павлодар: ЭКО, ҒӨФ. 384 б.

Көпейұлы М.Ж., 2003.Шығармалары. Т.3. Павлодар: ЭКО ҒӨФ. 382 б.

Күмісбаев Ө., 2009. Терең тамырлар: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. 452 б.

Құтб, 2012. Хұсрау-Шырын. Қазыналы оңтүстік. Т. 49-52. Алматы: Нұрлы әлем. 328 б.

Қыдыр Т., 2016. Дәстүрлі Ислам жауһарлары. Орта ғасырларда (Х-ХVІ ғғ.) жазылған діни еңбектер мен шығармалардан үзінділер жинағы. Астана. 392 б.

Қыдыр Т., 2018. Дешті қыпшақ даласындағы ислами әдебиет (Х-ХV) (Ислам, иман және ихсан мәселелерінің жырлaну ерекшеліктері). Астана: «Рухани құндылықтарды қолдау қоры» корпоративтік қоры. 200 б.

Қыраубайқызы А., 2001. Ежелгі әдебиет. Астана: Елорда. 224 б.

Маллаев Н., 1976. История узбекской литературы. Ташкент: кн. 1. 457 с.

Малов С., 1951. Памятники древнетюркской письменности. Москва-Ленинград: Изд.АН ССР. 451 с.

Наджип Э.Н., 2007. Регионы и этапы формирования тюркских письменных языков и литератур. Туркестан: Туран. 268 с.

Остроумов Н.П., 1874. Критический разбор мухаммеданского учения о пророках. Казань: Университетская типография. 283 с.

Рабғұзи Н.Б., 2008. Пайғамбарлар қиссасы. Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. Құраст.:

Қыдыр Т. Алматы: Таймас баспа үйі. 480 б.

Рабғұзи Н.Б., 2011. Қиссас ул-әнбия (Пайғамбарлар тарихы). Қазыналы оңтүстік көптомдығы.

Баспаға дай. Қыдыр, Т., Тажиев Қ. Т. 36/1. Алматы: Нұрлы әлем. 344 б.

Сүйіншәлиев X., 1967. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері (Ерте дәуірден ХІХ ғасырдың аяғына дейін). Алматы: Қазақстан. 388 б.

Сыздықов С., 2021. Алтын Орданың мемлекеттік идеологиясы. Turkic Studies Journal. 2 (Vol.3). P. 70-77. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2020-2-3-69

Ecmann J., 2003. Harezm, Kıpçak ve Çağatay türkçesi üzerine araştırmalar. Ankara. 438 s.

Çağlar D.A., 2019. Mucizenin ikonografisi: Miraç ve Miraçnameler. Alevilik-Bektaşilik Araştırmaları Dergisi. №19. S. 225-283.

Rahmonov N., 2017. Ozbek adabiyoti tarihi (Eng qadimgi davrlardan XV asrning birinchi yarmigacha). Toshkent: Sano-standart. 556 s.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Таджиев, Х. ., & Қыдыр, . Т. (2023). Қисас-и Рабғұзи және ХХ ғасыр басындағы қазақ жазба әдебиеті: рухани үндестік пен дәстүр жалғастығы. Turkic Studies Journal, 5(3), 172–184. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-3-172-184

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиет және Фольклор