Шағалалы V обасындағы түркі дәуіріне тән әйелдің жерлеу орны
Қаралымдар: 98 / PDF жүктеулері: 234
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-4-18-34Кілт сөздер:
Сарыарқа, Солтүстік Қазақстан, байырғы түріктер, Ортағасыр дәуірі, гендер, жерлеу дәстүрі, шаруашылық, ұршық, тоқымашылықАннотация
Қазақстанның далалық аймақтарындағы ортағасырлық археологиялық
дереккөздер базасын жинақтау қазіргі уақытта ғылымның басым бағыттарының бірі болып
табылады. Қазақстан аумағындағы көне түркі қағанаттары, Қимақ, Оғыз, Ұлық Ұлыс, Қазақ
хандығы сияқты орта ғасырлық мемлекеттердің ескерткіштерін зерттеуде белгілі табыстарға
қол жеткізілді. Сонымен қатар қарастырылып отырған дәуірдің кешенді зерттелмегендігі оның
жүйесіз екендігін көрсетті. Мақаланың мақсаты - Қазақстанның солтүстік өңірінде зерттелген
ерте ортағасырлық жерлеу ескерткішінің материалдарын ғылыми айналымға енгізу. Түркі
дәуірінің зерттелген обасы Кеңөткел – Шағалалы археологиялық ықшам ауданында (Ақмола
облысы, Зеренді ауданы) орналасқан. Орталық жерлеу орны ерте темір дәуіріне тән, кейінгі
замандарда ерте ортағасыр кезеңінде оның үстіне қоршау тұрғызылған. Жерлеу дәстүрінің
ерекшелігі – шығыс бағытқа бағытталуы, аттың бірге жерленуі, түркі дәуірінің жерлеу орны
зерттелді деген қорытынды жасауға негіз болды. Жүргізілген талдаулардың көмегімен жерлеу
орны әйел адамға арналғандығын анықтау мүмкін болды және бұл жаратылыстану-ғылыми
әдістері мен нақты археологиялық тәпсірлеу арасындағы сәйкестікті есептеуге мүмкіндік берді.
Жерлеу орнынан сырға, айна сынықтары және ұршықтың басы табылды. Нақты мерзімді беретін
сырға, оның безендірілу тәсілі жерлеу құрылысының VIII ғасырдың екінші жартысы – IX ғасырмен
мерзімделетінін анықтады. Ерте ортағасырлардағы әйелдер қауымына деген сый-құрметтің
болғандығына жерлеу дәстүрі және ақыреттік бұйымдар маңызды дерек болып табылады.
Іргелес аймақтардан табылған археологиялық дереккөздерге сәйкес, ер және әйел адамдардың
жерлеу ескерткіштеріндегі ақыреттік бұйымдар белгілі бір сәйкестікпен сипатталады.
Әдебиет
Акишев К.А. (отв. ред.), 1987. Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алма-Ата: Наука. 280 с.
Бейсенов А.З., Волошин В.С., 2002. Могильник Ижевский-2 // Изучение памятников археологии Павлодарского Прииртышья. Павлодар. С. 165-174.
Бейсенов А.З., Кожаков Д.А., 2001. Средневековые памятники Центрального Казахстана // История и археология Семиречья. Т. 2. Алматы. С. 150-164.
Бисембаев А.А., 2010. Кочевники средневековья Западного Казахстана. Актобе: Актюбинский государственный педагогический институт. 248 с.
Боталов С.Г., Ткачев А.А., 1990. Нуринское погребение VIII–IX вв. //Археология Волго-Уральских степей. Челябинск. С. 147-150.
Кадырбаев М.К., 1959. Памятники ранних кочевников Центрального Казахстана // Труды ИИАЭ. Т. 7. Археология. Алма-Ата: Наука. С. 162-203.
Камолиддин Ш., 2016. Металлургия и ремесленное производство у древних тюрков. Ташкент. В 2-х т. Т. 1. 269 с.
Кубарев Г.В., 2005. Культура древних тюрок Алтая (по материалам погребальных памятников). Новосибирск. 400 с.
Кызласов И., 2022. Вторичное использование тюркских аристократических мемориалов (Археологические заметки на полях орхонского атласа, изданного в Казахстане). Turkic Studies Journal. 4(4). C. 23-34.
Овчинникова Б.Б., 1990. Тюркские древности Саяно-Алтая в VI–X вв. Свердловск: УрГУ. 223 с.
Распопова В.И., 1980. Металлические изделия раннесредневекового Согда. Л.: Наука. 139 с.
Савинов Д.Г., 1994. Древнетюркское время // Древние культуры Бертекской долины. Новосибирск. С. 146-152.
Серегин Н.Н., 2012а. Могилы с подбоем в погребальном обряде раннесредневековых кочевников Саяно-Алтая и сопредельных территорий: проблемы интерпретации // Вестник НГУ. Серия: История, филология. Т. 11. 7. Археология и этнография. С. 134-142.
Серегин Н.Н., 2012б. Общие и особенные характеристики женских погребений раннесредневековых тюрок Центральной Азии (к реконструкции некоторых аспектов гендерной истории) // Вестник археологии, антропологии и этнографии. 2 (17). С. 61-69.
Смаилов Ж.Е., 1997. Памятники археологии Западной Сарыарки (средневековые городища и поселения). Балхаш. 63 с., илл.
Сташенков Д.А., 1998. Евразийская мода в эпоху раннего средневековья (к постановке проблемы) // Культуры евразийских степей второй половины I тыс. н. э. (вопросы хронологии): Материалы конференции. Самара. С. 213-229.
Табалдиев К.Ш., Худяков Ю.С., 1999. Древнетюркский памятник Беш-Таш-Короо // Памятники культуры древних тюрок в Южной Сибири и Центральной Азии. Новосибирск: Изд-во НГУ. С. 55-81.
Худяков Ю.С., Табалдиев К.Ш., 2009. Древние тюрки на Алтае. Новосибирск. 292 с.
Худяков Ю.С., Турбат Ц., 1999. Древнетюркское погребение на памятнике Элст Хутул в Северной Монголии // Евразия: культурное наследие древних цивилизаций. Новосибирск. II. С. 7-10.
Хасенова Б.М., 2015. Курган тюркского времени могильника Ащитасты 27 в Тургае // Тургай и Великая степь. Алматы, 2015. С. 212-222.
Хасенова Б.М. Гендер в кимакском обществе по данным археологии // Scientific E-journal «edu.e-history.kz». 4 (20). 2019 / URL: https://edu.ehistory.kz/ru/publications/view/1316 (дата обращения: 10.04.2023).
Ярыгин С.А., Сакенов С.К., 2021. Раннесакское погребение могильника Шагалалы V // Маргулановские чтения-2021: Материалы международной научно-практической конференции «Великая степь в контексте этнокультурных исследований». Алматы. Т. 2. С. 23-28.