«Алпамыс батыр» эпосының генезисі жайында


Қаралымдар: 223 / PDF жүктеулері: 156

Авторлар

  • Болат Қорғанбеков Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Фарида Габидуллина Қазан (Еділ бойы) федералды университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-1-145-161

Кілт сөздер:

Алпамыс, Жирмунский, Улагашев, Очубай Алексеев, қаһармандық эпос, батырлық ертегі, эпос айтушысы, эпос варианттары мен версиялары, жыршылық мектептер, жанрлық-стадиялық ерекшелік

Аннотация

«Алпамыс батыр» эпосының пайда болуы мен қалыптасуы, таралу ерекшеліктері жөніндегі пікірлер біркелкі емес. Бұл туралы айтқан А.К.Боровковтың, Х.Т.Зариповтың және В.М.Жирмунскийдің көзқарастары кеңінен танымал. Осының ішінде жырды VI-VIII ғасырларда, Алтай тауларының оңтүстік бөктерлерінде пайда болып, XVI ғасырдың бас жағында Шайбани
ханның көшпелі өзбектері Алпамыстың ерліктері жайлы баяндауларды Байсын бектігіне алып келіп, жыр Өзбекстанның оңтүстігінде қалыптасып, одан әрі өзбектер, қарақалпақтар, қазақтар арасында тарала бастады деп есептейтін В.М.Жирмунский пікірінің ғылымда үстемдік алғаны мәлім. В.М.Жирмунскийдің бұл концепциясы бірден қалыптасқан жоқ. Ол 1943 жылы «Алпамыстың» қоңырат эпосы екендігін айтқан болатын. Бұдан біз В.М.Жирмунский ұстанымының
өзгеруіне қайчи (алтай жыршысы) Н.Улагашевтің айтуынан жазылып алынып, 1941 жылы жарық көрген «Алып-Манаш» батырлық ертегісінің себеп болғанын аңғарамыз. Жирмунский жырдың шығу төркінін «Алып-Манаштан» іздеу керегін айтқанымен, мұндағы қоңырат версиясымен, әсіресе, қазақ нұсқаларымен ұсақ-түйек ұқсастықтардың себептерін көрсетпеген. Егер «Алып-
Манаш» ғалымның көрсеткеніндей, VI-VIII ғасырларда пайда болған болса, кейінгі он екі ғасыр ішінде версиялар арасындағы мұндай ұсақ-түйек ұқсастықтардың сақталуы мүмкін болмас еді. Керісінше, Улагашев жырлаған алтай нұсқасының қоңырат версиясының негізінде пайда болғанын мегзейтін нышандар көп-ақ. Осыларды және басқа да деректерді ескере отырып, «Алпамыс» эпосының батырлық ертегі және қаһармандық эпос түріндегі екі нұсқасының да 1200 жылдай уақыт бұрын Сырдария өзені бойында пайда болғанына көз жеткіземіз.

Автор туралы мәлімет

Болат Қорғанбеков , Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

филoлoгия ғылымдaрының кандидаты, қауымдастырылған прoфeccoр, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры

Фарида Габидуллина, Қазан (Еділ бойы) федералды университеті

филoлoгия ғылымдaрының кандидаты, қауымдастырылған прoфeccoр, Елабуга институтының оқытушысы

Әдебиет

Алпамыш. 1943. Тошкент. 126 б.

Әбілғазы. 1991. Түрік шежіресі. Алматы. 208 б.

Бердибай Р., 2000. Эпос «Алпамыс батыр» и его связь с этнической историей казахского народа // Вестник Министерства образования и науки НАН РК. №1. С. 37-41.

Бердібай Р., 2000. Ұлыстың ұлы эпосы («Алпамыс») // «Шымкент келбеті» газеті. № 1 (491). 1 қаңтар. Б. 12.

Бердібаев Р., 1982. Қазақ эпосы. Алматы. 232 б.

Боровков А.К., 1956. Героическая поэма об Алпамыше // Тезисы докладов и сообщений регионального совещания по эпосу «Алпамыш». Ташкент. Издательство АН Уз ССР. С 5-7.

Боровков А.К., 1959. Героическая поэма об Алпамыше // Об эпосе «Алпамыш». Ташкент: АН Уз ССР. С. 61-87.

Валитова А.А., 1960. Татарская версия эпоса «Алпамыш» // Тюрко-монгольское языкознание и фольклористика. Москва: Издательство Восточной литературы. С. 173-209.

Габдуллин М., Сыдықов Т., 1972. Қазақ халқының батырлық жыры. Алматы. 339 б.

Жандарбек З., 2000. Түркістан тарихы // Түркістан тарихы мен мәдениеті. Түркістан. Қ.А. Ясауи ат. ХҚТУ баспасы. Б. 126-133.

Жирмунский В.М., 1956. Вопросы генезиса и истории эпоса Алпамыс // Тезисы докладов и сообщений регионального совещания по эпосу «Алпамыш». Ташкент. Издательство АН Уз ССР. С. 15-16.

Жирмунский В.М., 1959. Вопросы генезиса и истории эпического сказания об Алпамыше // Об эпосе «Алпамыш». Материалы по обсуждению эпоса «Алпамыш». Ташкент. АН Уз ССР. С. 26-61.

Жирмунский В.М., 1974. Тюркский героический эпос. Ленинград. 728 с.

Жирмунский В.М., Зарифов Х.Т., 1947. Узбекский народный героический эпос. Москва. 520 с.

Зарифов Х.Т., 1956. Основные мотивы эпоса «Алпамыш» // Тезисы докладов и сообщений регионального совещания по эпосу «Алпамыш». Ташкент. Издательство АН Уз ССР. С. 9-14.

Зарифов Х.Т., 1959. Основные мотивы эпоса «Алпамыш» // Об эпосе «Алпамыш». Ташкент: АН Уз ССР. С. 6-26.

Ибраев Ш., 1997. Поэтика огузского героического эпоса. Алматы. 128 с.

История всемирной литературы. Т. ІІІ., 1985. Москва: Наука. 816 с.

История казахской литературы в 3-х томах. Т.1., 1988. Алма-Ата. Наука. 452 с.

Кармышева Б.Х., 1976. Очерки этнической истории Южных районов Таджикистана и Узбекистана (По этнографическим данным). Москва. 324 с.

Кононов А.Н., 1958. Родословная туркмен. Сочинение Абу-л-Газы хана хивинского. Москва. 284 с.

Керейтов Р.Х., 1993. Ногайская Орда и вопросы ее этнического состава // Историко-географические аспекты развития Ногайской Орды. Махачкала. Терекли-Мектеб. С. 22-28.

Құнанбай Ә., 1999. «Алпамыс» - бүкіл түркі халықтарына ортақ қазына // «Егемен Қазақстан» газеті . № 175 (22261). 16 желтоқсан. 4 б.

Марғұлан Ә., 1985. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы. 368 б.

Мәмбетов К., 1995. Қарақалпақлардың этнографиялық тарийхы. Нокис. 228 б.

Мухоплева С.Д., 2000. Якутский эпос – олонхо (традиции изучения) // Наука и образования. №2. С. 19-22.

Ногайцы Дагестана и Северного Кавказа (Документы XVII-XVIIIв.в.). 1998. Махачкала: ЗАО «Дагпресс». 122 с.

Потапов Л.П., 1949. Героический эпос алтайцев // Советская этнография. №1. С. 117-132.

Тынышпаев М., 1925. Материалы к истории киргиз-казакского народа. Ташкент. 64 с.

Улагашев Н., 1941. Алтай-Бучай. Ойратский народный эпос. Новосибирск. 404 с.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қорғанбеков , Б., & Габидуллина, Ф. (2023). «Алпамыс батыр» эпосының генезисі жайында. Turkic Studies Journal, 5(1), 145–161. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-1-145-161

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиет және Фольклор

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары