«Сайқал» есімінің түркі тілдеріндегі мағынасы мен шығу тегі


Қаралымдар: 1095 / PDF жүктеулері: 1046

Авторлар

  • Айнур Маемерова Халықаралық Түркі академиясы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-1-119-130

Кілт сөздер:

кісі есімі, антропоним, Сайқал есімі, антропонимдік мағына, апелятивтік мағына, түркі тілдері, онимдік бірлік

Аннотация

Түркі халықтарында кісі есімі ерекше мәнге ие. Адам баласының болашағына есімі тікелей әсер етеді деген сенім бар. Сол себепті жаңа туған нәрестеге есім таңдау кезінде отбасы үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Кісі есімдері арқылы халық мәдениетінің, сенімінің, дәстүрінің іздерін саралауға болады. Тілдегі әрбір онимдік бірлік – халық санасының көрінісі. Онимдік бірліктер мәдениетаралық коммуникацияда
маңызды қызмет атқарады. Антропонимдердің әлеуметтік бағыты жоғары болғандықтан, бір тілдегі антрополексема мағынасының екінші бір тілдегі мағынасы түрлі болуы мүмкін. Мақалада «Сайқал» есімінің түркі тілдеріндегі мағыналары мен атау берудегі уәжі айқындалады, ол есімге негіз болған антропонимдік және апелятивтік мағыналар анықталып, салыстырылады. «Сайқал» антропонимінің басқа түркі тілдеріндегі қолдану ерекшеліктері, мағынасы және түп-төркіні сараланады.
Қазіргі және тарихи тілдік деректер негізінде «сайқал» сөзінің антропонимге транформациялануы мен оң және теріс мәнде қолданылуының үлгілері айқындалады. «Сайқалдың» қазіргі қазақ тіліндегі беретін ұғымы теріс мәнді білдірсе, қырғыз тілінде «батыр қыз» деген ұғымды білдіретін антропоним ретінде қыз балаға беріледі. Бір сөздің түбі бір түркі тілдерінде қарама-қарсы мағыналарда қолданылуына түрлі тарихи-мәдени факторлар әсер етуі мүмкін. Бір тілдегі антропонимнің
басқа туыстас тілдердегі қолданыстарын салыстыра зерттеу арқылы жалпытүркілік антропонимдер жүйесі, тарихы және жеке сөздердің антропоним ретіндегі қызметі жайлы тың деректерді анықтауға болады.

Автор өмірбаяны

Айнур Маемерова, Халықаралық Түркі академиясы

PhD

Әдебиет

Абдиев Т., 2020. К.К. Юдахиндин «Кыргызча-орусча сөздүгүндөгү» арабизмдер. Бишкек. Электрондық дереккөз: https://new.bizdin.kg/media/books/Kyrgyz-tilindegi-arabizmder-Abdiev_pdo32qX.pdf/ (қаралған күні: 2022 жылдың 10 қарашасы).

Әбдуәлиұлы Б., 2012. Қазақ антропонимжасамы: теориялық және практикалық негіздері. Астана: Астана полиграфия. 320 б.

Бектурганова К., 2006. Кыргызстандын асыл кыздары. Бишкек: Мамлекеттик тил жана энциклопедия борбору. 416 б.

Большой академический монгольско-русский словарь в четырех томах. 2001-2002. Москва: Academia.

Жапаров Ш., 2009. Адам аттары – эл байлыгы. Бишкек: “Текник” ББ. 343 б.

Зиннəтуллина Г.Х., 2018. Ə. Еники һəм Ч. Айтматов хикəялəрендə ономастик параллельлəр// Тюркская ономастика: от истоков до современности: материалы международной научно-практической конференции. Казань, 11–14 октября 2018 г. Казань: Изд-во Казан. ун-та. 334 с.

Киргизско-русский словарь. Сост. Юдахин К.К., 1985. Фрунзе: Главная редакция Киргизской Советской энциклопедии, Кн.2-я. Л-Я. 480 с.

Кыргыз тилинин түшүндүрмө сөздүгү. Экинчи бөлүк. 2019. Бишкек: Полиграфбумресурсы. 800 б.

Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 12-том / Құраст. Үдербаев А., Нақысбеков О., Қоңыратбаева Ж. және т.б., 2011. Алматы. 752 б.

Қазақ тілінің аймақтық сөздігі / Құраст. Қалиев Ғ., Нақысбеков О., Сарыбаев Ш., Үдербаев А. және т.б., 2005. Алматы: «Арыс» баспасы. 824 б.

Қарақалпақша-русша сөзлик. 1958. Москва: Шеттил хәм миллий сөзликлер мәмлeкет баспасы. 892 б.

Лұғат Шағатай уә түрки-османи. Шейх Сүлейман Ефенди. / құраст. И.Кунош. 1902. Будапешт.

«Манас» энциклопедиясы. 2 том. 1995. Бишкек. 432 б.

Тектіғұл Ж.О., 2012. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы: MV-Print. 500 б.

Türkiye’de Halk Ağzından Derleme Sözlüğü. 6 cilt. 2009. Ankara: TDK Yay.

Хакасско-русский словарь. 1953. Москва: Главиздат. 358 с.

Этимологический словарь тюркских языков. Общетюркские и межтюркские основы на буквы «Л», «М», «Н», «П», «С». 2003. Москва: Восточная литература РАН. 446 с.

https://abaytanu.kz/өлең/39/1 (қаралған күні: 2022 жылдың 15 желтоқсаны).

https://kzref.org/tavarih-i-guzida-ji-nusrat-name.html?page=2 (қаралған күні: 2022 жылдың 15 желтоқсаны).

https://magarif-uku.ru/tatar-isemnere/ir-at/s/ (қаралған күні: 2022 жылдың 15 желтоқсаны).

https://savodxon.uz (қаралған күні: 2022 жылдың 15 желтоқсаны).

https://sozluk.gov.tr/ (қаралған күні: 2022 жылдың 15 желтоқсаны).

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Маемерова, А. (2023). «Сайқал» есімінің түркі тілдеріндегі мағынасы мен шығу тегі. Turkic Studies Journal, 5(1), 119–130. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-1-119-130

Журналдың саны

Бөлім

Түркі тілдері