Нарративті дереккөздерді археологиялық деректермен сәйкестендіру (Бытығай ортағасырлық қалашығы)


Қаралымдар: 121 / PDF жүктеулері: 164

Авторлар

  • Серғазы Сакенов Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының филиалы https://orcid.org/0000-0001-8868-4280
  • Алексей Кукушкин Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті https://orcid.org/0000-0002-6262-464X
  • Сауле Бурбаева «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы https://orcid.org/0000-0003-2131-9574
  • Ерболат Рахманкулов «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы https://orcid.org/0000-0002-8412-059X

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-103-117

Кілт сөздер:

Орта ғасырлар, қала мәдениеті, ежелгі қоныс, Нұра-Есіл қос өзен аралығы, Жошы Ұлысы, Ұлық Ұлыс, Бытығай, Тарихи карта, мұрағат құжаттары, дерек көздері

Аннотация

Мақалада Теңіз-Қорғалжын шағын ауданында орналасқан орта ғасырлардан
қалған тарихи-мәдени ескерткіштер туралы жазба, тарихи және археологиялық деректер
талқыланып, талданады. Аталмыш жұмыста мұрағаттық материалдар мен очерктерден алынған
ақпараттар мен карталар пайдаланылады. Тарихи карталар ең мазмұнды болып шықты, оларда
өлкенің тарихи және мәдени ескерткіштердің орналасқан жерлері дұрыс көрсетілген, сонымен
қатар жергілікті топонимдер мен гидронимдер берілген. Барлық мұрағат деректерінде Бытығай
орта ғасырлар қалашығы туралы деректер басым. Осы деректерді сараптай келе, шетелдік
ғалымдар, саяхатшылар мен Ресей империясының шенеуніктері арасында Бытығай жайлы
функционалдық мақсатына қатысты нағыз ғылыми пікір талас болған көре аламыз. Кейбір
ғалымдар Бытығайды толыққанды ортағасырлық шаһар деп есептесе, басқалары қорым деп
есептеді. Ескерткіште жүргізілген археологиялық қазбалар Бытығайдың маңында көптеген
керуен сарайлар, қарапайым күйдірілген және шынымен (глазурь) әшекейленген кірпіштен
тұрғызылған кесенелердің қалдықтары бар екенін көрсетті. 2021-2022 жылдары археологиялық
қазба маусымында тұтас өндіріс ошақтары анықталды, кептіруге, кірпішті күйдіруге және
глазурь балқытуға арналған мамандандырылған жылу техникалық қондырғылар ашылды.
Бытығай елді мекен, қорым мен өндіріс ошақтарын қамтитын күрделі тарихи-мәдени нысан
болып айқындалды. Археологиялық деректер бойынша Бытығайдың ірге тасы ХІІ-ХІІІ ғасырларда
қаланған. Ал жерлеу кешендерінің жаңа материалдарына сүйенсек, шаһардын даму кезеңі XIVXV ғасырлармен мерзімделеді. Бірінші кезеңдегі жерлеу кешендері ерте мұсылман жерлеу
дәстүрлерінің аймаққа енгенін көрсетсе, екінші кезең кешендері Ұлық Ұлыс мемлекетінде
қалыптасқан жерлеу канондарын көрсетеді. Жазба және археологиялық деректерді сәйкестендіру
арқылы орта ғасырларда өлкеде дербес далалық қала мәдениетінің дамығанын айғақтайды.

Автор туралы мәлімет

Серғазы Сакенов, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының филиалы

Ph.D, жетекші ғылыми қызметкер

Алексей Кукушкин, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

PhD

Сауле Бурбаева, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

педагогика ғылымдарының кандидаты, директор

Ерболат Рахманкулов, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

гуманитарлық ғылымдар магистрі, ғылыми қызметкер

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сакенов S., Кукушкин A. ., Бурбаева S., & Рахманкулов E. (2022). Нарративті дереккөздерді археологиялық деректермен сәйкестендіру (Бытығай ортағасырлық қалашығы). Turkic Studies Journal, 4(3), 103–117. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-103-117

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары