«Тәте» жəне өзге де туыстық атаулардың семантикасы


Қаралымдар: 828 / PDF жүктеулері: 3357

Авторлар

  • Шерубай Құрманбайұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0002-4587-4452
  • Марлен Адилов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті https://orcid.org/0000-0001-9876-4516

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-85-102

Кілт сөздер:

туыстық атаулар, тәте, әке, әже, апа, туыстық атаулардың семантикасы, этимология, түркі тілдері, қазақ тілі мен говорлары

Аннотация

Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылуы, бастапқы семантикасының
өзгеруі − тілге тән құбылыс. Қазақ тіліндегі сөздер бір ғана мағынада
жұмсала бермейді. Әдеби тілдегі бір мағыналы сөздің өзі говорларда
немесе ауыз әдебиеті үлгілерінде ауыспалы мағынасында жұмсалуы
мүмкін. Әдеби тілдегі сөздің говорларда туынды немесе бастапқы
мағынасында айтылатынына байланысты мысалдардың бірі – «тәте» сөзі.
Тәте атауының туысқан әйелдерге қарата айтылатын мағынасы әдеби тіл
нормасына әбден сіңген. Ал оның ер адамдарға қатысты «әке; көке; әке
жағынан туыс аға» деген қарама-қарсы мағынасы жергілікті сөйленістерге
тән. Туып-өскен жері, балалық шағы, отбасы жайлы жазатын оңтүстік
өңірлері қаламгерлердің шығармаларында бұл сөз жергілікті сөйленістегі
мағынасында пайдаланыла береді. Говорлардан бөлек ертеректегі
жазбаларда да мұндай қолданыс байқалады, мәселен, Абай «інісі
Халиоллаға жазған хатында» «тәте» сөзін «әке» мағынасында қолданған.
«Тәте» атауының қолданысын іздесек, оның «әке» немесе «әке жағынан
туысқа» айтылатынын тек оңтүстік өңірлерден емес, батыс, шығыс, тіпті
солтүстіктің кейбір аудандарындағы тілдік материалдардан табуға болады.
«Тәте» туыстық терминінің бірнеше өңірде өзге мағынада қолданылуында
тарихи негіз жатқаны айқын. Көне түркі жазба ескерткіштеріне жүгінсек,
тәтенің «әке, ата» мағынасында жұмсалғаны аңғарылады. Мақалада тәте
сөзінің қазақ тілінде ер адамға қарата айтылуының себептері зерттеліп,
оның қолданыс аясы, түп-төркіні талданады. Қазақ тіліндегі тәте сөзі
cекілді мағыналық жағынан өзгерген әже, әке, апа туыстық атауларының
да төркіні түркі тілдері деректерімен салыстырылып анықталады.

Автор туралы мәлімет

Шерубай Құрманбайұлы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының жетекшісі

Марлен Адилов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Ph.D, бас ғылыми қызметкер, Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығы

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-20

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Құрманбайұлы, Ш., & Адилов, М. (2022). «Тәте» жəне өзге де туыстық атаулардың семантикасы. Turkic Studies Journal, 4(3), 85–102. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-3-85-102

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР