О журнале
Журнал туралы
«Turkic Studies Journal» журналының мақсаты: түркі және алтай халықтарының мәдени антропологиясына, олардың жазба ескерткіштеріне, сондай-ақ тарихы мен археологиясына, этнографиясы мен дипломатиясына, тілі мен әдебиетіне арналған; индекстелетін журналдардың халықаралық стандарттарына сәйкес келетін ғылыми еңбектерді жариялау.
Журналдың міндеттері:
- түркі және алтай халықтарының антропологиясы бойынша жаңа теориялық- әдіснамалық тұжырымдамаларды жариялау;
- түркітану бағытындағы зерттеулердің өзекті мәселелерін және осы мәселелер мен міндеттерді шешудің нақты жолдарын ашып көрсету;
- түркі және алтай халықтарының мәдениеті, тарихы, этнографиясы, археологиясы, дипломатиясы, тілі мен әдебиеті бойынша материалдарды жарыққа шығару;
- түркі әлемі халықтарының мәдени және саяси ынтымақтастығын, олардың Шығыс және Батыс халықтарымен өзара қарым-қатынасын саралау;
- халықаралық ғылыми байланыстарды кеңейту және тереңдету үшін түркі әлемінің, сондай-ақ Шығыс пен Батыс зерттеушілерінің ғылыми ықпалдастығын жүзеге асыру;
- «Turkic Studies Journal» журналын ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің журналдар тізбесіне енгізу;
- журнал мақалаларын Ресейдің ғылыми дәйексөздер индексінде, Google Scholar дерекқорында индекстеу;
- «Turkic Studies Journal» журналының мақалаларын Scopus Web of Science дерекқорында индекстеу.
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс және ағылшын
Шығу жиілігі: жылына 4 рет
Мұрағаттау. Ғылыми журналдың электронды нұсқалары қор қалыптастыру және электронды кітапханаға қосу үшін «ҰМҒТСО» АҚ-на беріледі. Журнал материалдарды Google Scholar жүйесінде мұрағаттайды.
Жариялау шарттары. Түркітану журналына жіберілген барлық қолжазбалар міндетті түрде анонимді рецензиялаудан өтеді. Алынған пікірлердің негізінде журналдың редакциялық алқасы түпкілікті шешім қабылдайды.
Жазылу индексі: 76146 («Қазпошта» АҚ-ның 2021 жылға арналған каталогы: ЕҰУ журналдары).