Жыраулар поэтикасындағы «шынайы адам» концептісі
Қаралымдар: 136 / PDF жүктеулері: 350
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-2-72-85Кілт сөздер:
концептуалды әдіснама, жырау, сопылық, кемел адам, діни тезаурус, құндылық, өлең мәтіні.Аннотация
Жыраулар – ауызша эпикалық дәстүрді жасаушы және таратушы ерекше
өнер иелері. Ауызша эпикалық дәстүр көне Грекияда, Арабияда, түркі
халықтарында, ал XX ғасырдың 40-50 жылдарына дейін Албания, Югославия,
Болгария, Македония елдерінде сақталып келді. Жыраулық дәстүрдің басты
ерекшелігі – оның ұрпақтан ұрпаққа ауызша тарап жеткізілетіндігінде және
жырдың қағазға жазылмай, ауызша шығарылатындығында. Жыраулық
дәстүр тудырған ғалам бейнесі өмір мен өлім, қуаныш пен қайғы, туған
жер сияқты жалпы адамзатқа ортақ ұғым-түсініктерге және толық
адам, дүниенің жаратылуы, атамекен сияқты ұлттық танымға қатысты
концептілер арқылы анықталады.
Мақала қазақ жырауларының, атап айтқанда, Батыс Қазақстанның
көптеген жырауларының шығармашылығындағы сопылық ілімді түсінуге
арналған. Авторлар сопылық ілімде адамзаттың рухани-адамгершілік
дамуы мен мәдени және интеллектуалдық дамуындағы рөлін ашатын
жүйелі зерттеулер әлі де жоқтың қасы екенін атап көрсетеді. Авторлар
сілтеме жасаған еуропалық ғалымдардың арасында суфизмнің жағымсыз
жақтары туралы өте қарама-қайшы пікірлер бар.
Авторлар «камили инсан» ұғымы сопылық ілімнің негізгі мәнінің бірі,
адамның рухани тазаруы, аскетизм, материалдық құндылықтардан бас
тарту арқылы толық адамдық даралыққа жетуі екенін атап көрсетеді.
Сонымен қатар, мақалада сопылық ілімнің зікір, пікір ету, шүкір ету,
тәубаға келу, тағлым, иман сынды басқа да мәнді ұғымдары философиялық,
теологиялық, тарихи-мәдени мағыналық талдауға ұшырайды. Бұл талдауға
жырау-ақындардың поэтикалық мәтіндері көрнекі материал болды.