Ресей империясының Қазақстанның батыс өлкесіне жүргізген конфессионалдық саясаты (XIX ғасырдың ортасы – XX ғасырдың басы)
Қаралымдар: 146 / PDF жүктеулері: 153
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-2-86-95Кілт сөздер:
ислам, Ресей империясы, мұсылмандар, Батыс Қазақстан өңірі, кіші жүз, молдалар, конфессионалдық діни саясатАннотация
Қазақстанның батыс өңірінің басқа аймақтарға қарағанда осы тақырып
аясындағы стратегиялық маңызы жоғары болғандығы сөзсіз. Мұның себебі ретінде, біріншіден,
географиялық орналасуына байланысты аймаққа мұсылмандықтың ірі орталықтары Қазан мен
Уфа медреселерінің ықпалын және жәдидшілдік қозғалыстың халықаралық сипатын, екіншіден,
мұрағаттық деректердің молдығы мен аймақтан шыққан дін өкілдері қызметінің дербестігін
атаған абзал. Сонымен қатар өңірде белсенділік танытқан татар молдаларының мұсылмандық
бағыттағы әсері әлсіреп, сауатты қазақ діни қызметкерлерінің саны артты, олар өз кезегінде
Алаш зиялыларымен ұлт-азаттық күресті күшейту жолында бірігіп тізе қосты.
Қазақстанның батыс өңірі ежелден Еділ Бұлғарияcы, Кавказ, Қара теңіз аймағы, сондай-ақ Иран,
Хорезм сияқты дамыған мұсылман орталықтарымен тығыз тарихи, мәдени байланыстары арқылы
ерекшеленді. Әсіресе, XVIII-XIX ғғ. Кіші жүз қазақтары Ресей бодандығын қабылдап, ары қарай
империямен ықпалдасуы себепті бұл өңірдің Еділ-Жайық бойымен мәдени байланыстары күшейді.
Сөйтіп, осы өңірде ислам дінінің қарқынды дамуына қолайлы тарихи жағдайлар қалыптасты.
Сондықтан тақырыптың географиялық шеңбері Қазақстанның батыс аймақтарын қамтыды.
Ғасырлар бойы ұстанған ислам қағидаларының арқасында қазақ халқы отаршылдық тұсында ұлт
ретінде өзінің болмысын, бірегейлігін, мәдениеті мен рухани құндылықтарын сақтап қалды.