Башқұрт тіліндегі Алтай дәуірінен бастау алатын ыдыс атаулары


Қаралымдар: 131 / PDF жүктеулері: 294

Авторлар

  • Мадина Валиева РҒА Уфа федералды зерттеу орталығы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-2-35-47

Кілт сөздер:

лексема, мағына, ыдыс-аяқ, сөйлеу мәнері, диалект, түркі тілдері, башқұрт тілі, этимология, алтай тілдері ұясы

Аннотация

Мақалада ыдыс атауларының алтайлық қабаты этимологиялық аспектіде
қарастырылады. Мақаланың белгіленген көлемі Алтай дәуірінде пайдаланылған тұрмыстық
ыдыстардың башқұрт тіліндегі барлық атауларын талдауға мүмкін болмағандықтан, көп
мағыналы лексемалар – ыҙыс/ыҙас ‘ыдыс’, күнәк ‘көнек’; шелек’, ҡупы ‘кіші тостаған; тостаған’,
ҡап ‘қап, қанар (жөкеден жасалған қап); қорап, ыдыс, кең ыдыс, қынап; кесе, ыдыс; қабық,
қабыршақ, жабынды, тері, (бауырымен жорғалаушылардың) қабыршақтары; нәрестенің жолдасы’
және түркі тілдерінің көне лексикалық қабатына жататын бір буынды, екі буынды сөздері таңдап
алынды. Құрылымы жағынан көптеген көне түркі тұрмыстық терминдері бір буынды сөздерден
тұрады. Башқұрт қабатының өзі көне түркі лексикасы, башқұрт тілінің дыбыстық ауысулары,
өзгерістері мен деривациялық мүмкіндіктері негізінде қалыптасқан. Ыдыстардың ыҙыс/ыҙaс,
künәk, ҡупы, ҡaп секілді қазіргі атауларының ілкі формалары мен этимондарын зерттеу ыҙыс
< *ïðïš < *ēdiĺ ‘ыдыс’; күнәк < *kȫjnek ‘шелек, ыдыс’ < *k῾ōńi – ‘шөміш’; ‘қорап, жәшік, сандық,
сөмке, ыдыс, ойық қуыс ағаш, ойық жеңіл қайық’ мағыналарындағы ҡaп // ҡаб(ы) // ҡуп(ы) <
*qav, *kab < *k῾àp῾à тәрізді көне түркі, прототүркі, алтай формалары арасында хронологиялық
байланыс орнатуға мүмкіндік берді.
Ресей Ғылым академиясы Уфа федералды ғылыми-зерттеу орталығының Тарих, тіл және
әдебиет институты лингвистика бөлімінің картотека қорында хатқа түсіріліп, сақтаулы тұрған
ыдыс атауларының әртүрлі аймақтық, диалектілік семантикасын, тұрмыстық қолданыстары
мен формаларын сипаттауға ерекше назар аударылады. Олардың бірқатары «Башқұрт тілінің
жиынтық диалектологиялық сөздігінде» (Әдебиетті қар.) жинақталып берілген.

Автор өмірбаяны

Мадина Валиева, РҒА Уфа федералды зерттеу орталығы

филология ғылымдарының кандидаты, Тарих, тіл және әдебиет институтының  ғылыми қызметкері

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-22

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Валиева, М. (2022). Башқұрт тіліндегі Алтай дәуірінен бастау алатын ыдыс атаулары. Turkic Studies Journal, 4(2), 35–47. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-2-35-47

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР