Журнал бағыттары мен айдарлары саясаты
«Turkic Studies Journal» журналының бағыттары мен айдарлары басылымның пәнаралық сипатына, оның айрықша өңірлік бағдарына байланысты белгіленген. Таяу уақытқа дейін түркі жазба ескерткіштерін зерттеумен байланысты болған түркітанулық зерттеулер, сөз жоқ, филологиялық бағытты ұстанып, онда графикалық жүйелері бітімі айқындалды, түпнұсқалардың транслитерациясы мен транскрипциясы жасалды, олардың тілі зерттелді, сондай-ақ ескерткіш мәтіндерін оқу мен талқылау жүзеге асырылды. Алайда қазіргі түркітану ғылымы интегративті және ол тарих, археология, этнография, дінтану, лингвистика, фольклор және әдебиеттану сияқты гуманитарлық ғылымдармен белсенді байланыста дамып келеді, бұл түркі халықтарының рухани және материалдық мәдениетінің толық сипатын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Қазіргі түркітану ғылымының интегративтілігі журналда оның екі негізгі – тарихи-мәдени және филологиялық (лингвистикалық-әдебиеттанулық) бағыттары бойынша айқындалады, олардың әрбірі тиесілі айдарларға бөлінеді.
Тарихи-мәдени бағытта басқа бөлімдермен (олар төменде көрсетіледі) қатар қазақтардың өткен тарихтағы дербес мәдениеті, өнері мен менталдығын және қазіргі уақыттағы этникалық өзіндік болмысын ашып беретін қазақтардың мәдениеті мен өнері айдары маңызды болып табылады.
Осылайша, тарихи-мәдени бағытта келесі айдарлар бар:
- түркі халықтарының тарихы мен археологиясы
- түркі халықтарының этномәдениеті мен діни наным-сенімдері
- түркі халықтарының мәдениеті мен өнері
Филологиялық бағытта түркі халықтарының тілдеріне, фольклорына және әдебиетіне арналған, оларды тарихи даму мен қазіргі заман аясында қарастыратын мақалалар жарияланады. Бұл бағыт екі айдарға бөлінеді:
- түркі тілдері
- түркі халықтарының әдебиеті мен фольклоры
Қазіргі түркітану үшін өзекті монографиялар мен кітаптарға арналған Рецензиялар орналастырылатын шолу ақпараттық айдар жеке бөлімді құрайды.