Енисей қырғыздарының мемлекеттік құрылымы


Қаралымдар: 240 / PDF жүктеулері: 63

Авторлар

  • Виктор Бутанаев Н.Ф.Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2021-2-63-74

Кілт сөздер:

Орталық Азия, қырғыз мемлекеті, көшпенді қоғам, хакастар, қаған, ел, бек, аз, қыштымдар

Аннотация

Бұл мақалада ежелгі қырғыз мемлекеттігінің өмір сүру жағдайларын кешенді
түрде қамтып, аталған кезеңдегі тарихи оқиғалар желісін қайта жаңғырту үшін әртүрлі
дереккөз материалдарын жүйелеуге талпыныс жасалады. Автор қағандар әулеті мен олардың
өкілдеріне сипаттама беріп, көшпенді қоғамның әлеуметтік саты деңгейлерін, вертикалды
және горизонталды құрылымдық түзілімдердің өзара әрекеттестігін, Қырғыз қағанатындағы
әдет заңының түпкілікті қағидаларын қарастырады. Зерттеуде қырғыздардың билеуші
«Ажо» («Ажэ») әулетінің шығу тегі туралы әртүрлі болжамдар көрініс тапқан көне түркі
жазба ескерткіштеріне, қытай жылнамаларына, тибет құжаттарына, моңғол шежіресіне және
арабтардың географиялық еңбектеріне сілтеме жасалады, сондай-ақ «аз», «аз бұдұн» сөздерінің
әрқилы ғалымдар тарапынан түсіндірмесі қырғыз халқы этногенезі контексінде талданады.
Бірінші қырғыз қағаны Барысбектің дипломатиялық қызметі, әскери жорықтары мен өлімі,
оның Түркі қағанаты билеушілерімен туыстық байланыстары және саяси қарым-қатынастары
сипатталады. Қырғыз мемлекетінің жоғары лауазымды тұлғалары – бектер келесі алты топқа
бөлінді: цзайсяндар (жоғары әкімшілік шен), тұтұқтар (жергілікті жердегі атқамінерлер),
бұйрұқтар (орталықтан аймаққа жіберілетін өкілдер), чжаншилер (іс жүргізушілер), чорлар
немесе чурлар (әскери титул), тархандар (алым-салық жинаушылар); олардың әрбірі мемлекет
басқаруда өзіне тән міндеттерді атқарды және қағанаттың алдында тұрған ағымдағы
мәселелерді шешті. Ежелгі қырғыздардың көшпенді социумының тіршілігінде патриархалдық
отбасы – «арка кÿн» мен рулық қауым – «аал кÿн» біраз маңызды орын алды. Қырғыз
мемлекетіндегі әлеуметтік-этностық қанаудың бір көрінісі – тамырын сақ-ғұн дәуірлерінен
тартатын қыштымдар құрылымы (институты) болды. Қырғыз қоғамында «тöре» деп аталатын
дәстүрлі әдет құқығының қатаң сақталатын қағидаларына негізделген сот төрелігі жүйесінің
алғашқы нышандары ірге тепті.

Автор өмірбаяны

Виктор Бутанаев, Н.Ф.Катанов атындағы Хакас мемлекеттік университеті

тарих ғылымдарының докторы, тарих кафедрасының
профессоры

Жүктеулер

Жарияланды

2021-11-26

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Бутанаев, В. (2021). Енисей қырғыздарының мемлекеттік құрылымы. Turkic Studies Journal, 3(2), 63–74. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2021-2-63-74

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР