Тілдік норма vs. әдеби норма мәселелері: ортологиялық талдау
Қаралымдар: 133 / PDF жүктеулері: 95
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2021-2-19-31Кілт сөздер:
тілдік норма, әдеби норма, тұрақтылық, динамикалық, дәстүрлі принцип, коммуникативті жарамдылық, коммуникативті нысаналылықАннотация
Қазақ әліпбиінің латын негізді графикаға ауысуына байланысты қазақ
тілінің ортологиялық кодификациясын одан әрі жетілдіру өзекті мәселелердің біріне айналды.
Ортология туралы ғылым саласының жүйелі орталықтандырылған негізгі нысанасы норма /
тілдік норма / әдеби норма проблемасы екендігі белгілі. Сонымен қатар лингвистикада норма
/ тілдік норма / әдеби норма категорияларының нақтылауды қажет ететін, анықталмаған
тұстары да бар. Осы себепті соңғы жылдары қазақ тіл білімінде ортология мәселелері, соның
ішінде орфографиялық, орфоэпиялық, лексикалық нормаларды зерттеуге айрықша көңіл
бөліне бастады. Ең алдымен онтологиялық категория ретінде норма дегенді анықтау және
тілдік бірліктердің қолданыстағы үлгілерімен қарым-қатынасы арқылы тілдік норма, әдеби
норма дегендердің феноменін түсіндіру, норманың жүйелі сипаттарын одан әрі айқындай түсу
қажеттілігі байқалады. Тілдік норма / әдеби норманы біріздендіру және қалыптандыру тілді
пайдаланушылардың тіл мәдениеті деңгейін көтеруге, тіл байлығын толықтыруға, сондай-ақ
мемлекеттік тіл ретіндегі қазақ тілінің толыққанды қызмет атқаруын қамтамасыз етуге ықпал
етеді. Мақалада норма – тілдік норма – әдеби норма ұғымдарының өзара байланысы және
ұғымдық айырым белгілері, реттеуіш функция, дәстүрлілік және ішкі динамикалық тәрізді
норманы сипаттайтын белгілер талданады.