Абай поэтологиясы: бейнелілік парадигмасындағы көркем детальдің қызметі
Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 116
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2021-2-7-18Кілт сөздер:
поэтология, көркемдік сана, көркем шығармашылық, деталь, түпсана, түпкі ой, рецепцияАннотация
Мақалада поэтология ұғымына берілген теориялық анықтамалар сарапқа
салынып, бұл аспектінің қамтитын мәселелері тұжырымдалады. Поэтология терминінің туынды
құрылымындағы күллі көркемдік-бейнелілік жүйеге қатыстылығы теоретик ғалымдардың
пікірлері арқылы айқындалады. Түрлі тұжырымды жинақтай келе, поэтологияның көркемдік
сана мен көркем шығармашылық табиғатын танытуға негізделген ілім екеніне назар
аударылады. Осы пікірді негізге ала отырып, Абай суреткерлігінің поэтологиялық кеңістігін
көркем детальдарды бейнелеу қызметі тұрғысынан таныту жүзеге асырылады. Суреткер
санасының шығармашылықтың бастау көзі ретіндегі рөлі, сана, түпсана және түпкі ойдың
шығармашылық процестегі қызметі, эстетикалық қабылдау, ассоциациялы ойлау мәселелері
өлең мәтініне талдау жасау барысында түсіндіріледі. Көркем детальдың нақты, психологиялық
және символикалық түрлері кемеңгер ақынның өмір туралы философиялық пайымға құрылған
өлеңдері арқылы көрсетіліп, олардың мән-мағынасы зерделенеді.
Абайдың поэтологиялық кеңістігін зерделеу мақсатында бірнеше өлең талдауға нысан
болып, мәтін құрылымындағы көркем детальдардың ой мен сезімді бейнелеудегі рөлі,
ақынның тың бейнелеулері, өлең мазмұнындағы ұғымдардың мән-мағынасы талқыланып,
суреткерлік шеберлік, ақындық таным заманауи әдебиеттанудың талабына сай айқындалады.
Абай бұл өлеңдерінде өмірдің өткіншілігі мен мәңгілік ұғымының өлшемдерін шебер
шендестіреді. Қайырылмайтын «бұлдыр заман», «көк тұман» келер заман, жаз сайларда
гулеп, күзде өлетін «тотықұс түсті көбелек», өмірдің өтетінін білдіретін, әр күніңді ұрлайтын
«сағаттың шықылдағы», бәрі өзгерсе де «өзгермейтін бір Тәңір», ақыл мен рухты әйгілейтін
«мен», тіршілік тұрпатын, тән сипатын танытатын «менікі» бейнелеулері арқылы өзіндік,
дара поэтологиялық кеңістікті түзетіні талданып, тұжырымдалады. Ақын өлеңдеріндегі тың
сипатты бейнелеулер түрлі сипаттағы көркем деталь арқылы жасалатыны дәлелденеді.