Арал аймағындағы суды қолданудың дәстүрлі жүйесі (экспедиция материалдары бойынша)
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 59
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2021-1-13-32Кілт сөздер:
құмды елді мекендер, құдық түрлері, өсімдік шегендер, тас шегендер, артезиан суыАннотация
Суды қолданудың дәстүрлі жүйесі бойынша этнографиялық экспедиция
Қызылорда облысы Арал өңірінің Қарақұм, Сазды, Шижаға, Тапа, Жалаңаш, Ақбай елді
мекендерін қамтыды. Бұл елді мекендерде суды қолданудың дәстүрлі жүйесін жер асты су
көздері қамтамасыз еткен. Жер асты грунт суларын шығару, оны құдықта сақтаудың дәстүрлі
халықтық білімдер жүйесінің аймақтық этнографиялық ерекшелігі Аралдың құмды, шөлді
аймақтарында сақталған. Арал өңірінде жергілікті материал мен топырақтың құрамына қарай
дәстүрлі құдықтың тұрақты және уақытша қолданыстағы түрлері қалыптасқан. Қабырғасы
дүзгенмен, көкбұтамен, таспен шегенделген құдықтар тұрақты қолданыстағы құдық түрлерін
қамтамасыз еткен. Ал, құмнан қазылған, қабырғасы шегенделмеген еспе құдықтар мен қыста
өзен үстінен ойылған мұз ойық немесе мұз құдықтар уақытша қолданыстағы құдық түрлері
болып саналады. Арал халқы құдық қабырғасын шегендеуге таңдалған дүзген немесе көкбұтаны
жыл бойы кептіріп, табиғи өңдеуден өткізудің дәстүрлі әдісін игерген. Құдық қабырғасына
тас қалау тек дәстүрлі гидротехникалық білім жүйесімен қатар жер асты құрылыс өнерінің
ерекше түрінен мәлімет береді.