Алтын Орда дәуірі әдебиетінің эстетикалық әлемі және оның қазақ әдебиетіндегі өрісі


Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 14

Авторлар

  • Мұрат Сабыр Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
  • Айгуль Раманова Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
  • Дина Кусаинова Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
  • Талгат Ахметов Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-4-191-208

Кілт сөздер:

Алтын Орда, поэтикалық дәстүр, рухани-мәдени мұра, құндылық, эстетика, тілдік құралдар, сабақтастық

Аннотация

Қазақ елінің рухани-мәдени тарихында Алтын Орда дәуірі тұсындағы жазба әдеби мұралар үлкен орын алады. Орта түркі дәстүрлер түркі халықтарының ортақ рухани-мәдениеті біртұтас орта түркі тілінен көрінді. Осы орта түркі тілінің негізінде қыпшақ-оғыз, оғыз қыпшақ тілді әдебиет өркендеп, ұлттық ерекшеліктер де айқындала бастады. Дегенмен әдеби жазба жәдігерліктерде шығыстық поэтикалық дәстүрлері анық байқалды. Алтын Орда тұсындағы әдеби-көркем шығармалардың қатарында Құтыптың «Хұсрау мен Шырын»,
Хорезмидің «Мұхаббат-наме» ғашықтық дастандарының орны ерекше.
Зерттеудің мақсаты – жазба әдеби мұралардың бойындағы рухани-мәдени құндылықтар әлемін, оның ішінде эстетикалық таным-түсінікті зерделеу. Сонымен қатар тамырын тереңнен
тартқан көркемдік-эстетикалық ұғымдардың қазақ әдебиетіндегі өрісі қарастырылды. Зерттеу
барысында тарихи-салыстырмалы, баяндау әдістері мен мәтіндік талдау қолданылды.
Алтын Орда жазба әдеби мұраларында өзіндік дүниетаным, көркемдік-эстетикалық шешім, талғамдары тілдік құралдар, эпитет, метафора, теңеулер, айшықты сөздер, тұрақты тіркестер, сөз-символдар арқылы әдемі көрініс тапқан. ХІІІ-ХІV ғасырлардағы әдеби жәдігерліктерде рухани-мәдени дүниетанымның, эстетикалық көзқарастың дереккөзі, мол қоры бар. Әдеби мұра тіліндегі қолданыстар кейінгі қазақ әдебиетінде өрісін жалғастырып, әдемілікті,
сұлулықты бағалаудың тұтас әдеби бейнесін беріп тұр.
Жалпы адамзаттық дүниетаным кеңістігінде ұлттық мәдениетті көрсететін – әдеби жазба мұралар. Қазақ әдебиетінің көркемдік, рухани ұстанымдарының, эстетикалық дүниетанымының тарихы осы орта ғасырлық жазба әдеби ескерткіштерде жатыр. Зерттеу
жұмысының практикалық мәні зор. Алынған нәтижелерді әдебиет тарихында, мәдениеттануда қолдануға болады.

Автор туралы мәлімет

Мұрат Сабыр, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

филология ғылымдарының докторы, филология және оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры

Айгуль Раманова, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

филология ғылымдарының кандидаты, филология және оқыту әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Дина Кусаинова, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

педагогика ғылымдарының кандидаты, шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Талгат Ахметов, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

педагогика ғылымдарының магистрі, шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы

Әдебиет

Абай Құнанбайұлы, 2003. Өлеңдер, аудамалар, қара сөздер. Алматы: Мектеп. 248б.

Ақан сері, 2008. Өлеңдері, нақыл сөздері, әзіл-сықақ қағытпалары, айтыстары. Құраст.

Алтын Орда әдебиеті: генезис, жанрлық ерекшелік, дәстүр жалғастығы, 2022. Алматы: «Evo Press» баспа үйі. 320 б.

Әдеби жәдігерлер, 2012. 20 томдық. Құтб Хұсрау-Шырын.16-том., Алматы: «Таймас» баспа үйі. 472 б.

Бабалар сөзі, 2005. Жүз томдық: 17-том. Ғашықтық дастандар. Құраст. Әзібаева; жауапты шығ. Ж. Рақышева; ред. алқасы: Б. Әзібаева. Астана: Фолиант. 368 б.

Бертельс Е.Э., 1995. Избранные труды «Навои и Джами». Москва: Издательство «Наука». 498 с.

Бертельс Е.Э., 1935. Персидская поэзия в Бухаре. Ленинград: Издательство Академии Наук СССР. 58 с.

Брагинский И.С., 1984. Иранское литературное наследие. Москва: Издательство «Наука». 294 с.

Бердібаев Р., 2018. 2 том. Гүлстанның бұлбұлдары. Жұлдыздар жарығы. Алматы: РПБК «Дәуір». 480 б.

Залесский Б., 1991. Қазақ сахарасына саяхат. Алматы: Өнер. 205 б.

Ибатов А., 1974. Кутбтың «Хусрау мен Шірін» поэмасының сөздігі. Алматы: Ғылым. 277 б.

Кеңесбаев І., 2007. Қазақ тілі фразеологиялық сөздігі. Алматы: Арыс. 711 б.

Кималь А., 1995. К генезису традиционной культуры казахов // Культура кочевников на рубеже веков: Проблемы генезиса и трансформации. Материалы международной конференции. Алматы.

Күмісбаев Ө., 1994. Терең тамырлар. Алматы: Ғылым. 315 б.

Қазақ эпостары., 2006. Алматы: Көшпенділер. 416 б.

Қыраубаева А., 1988. Ғасырлар мұрасы. Алматы: Мектеп. 163 б.

Құрышжанов Ә., Ибатов А., 1981. Ежелгі түркі жазба ескерткіштері жайында// Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары. Алматы: Ғылым. Б. 97-124.

Лихачев Д.С., 1979. Поэтика древнерусской литературы. Москва: Издательство «Наука». 416 с.

Мүсірепов Ғ., 1996. Ой сезім сәттері. Алматы: Жалын. 144 б.

Наджип Э.Н., 1979. Историко-сравнительный словарь ХІV века. На материале «Хусрау и Ширин» Кутба и его язык. Москва: Издательство «Наука». 478 с.

Найманбаев Ә., 1988. Шығармалар: әндер, өлеңдер, айтыстар, қисса-дастандар. Құраст.: Б. Нұржекеев, Б. Абылқасымов. Алматы: Жазушы. 302 б

Сабыр М.Б., 2021. Көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің фоно-морфо-семантикалық сабақтастығы.

Алматы: «Liber» баспасы. 464 б.

Сағындықұлы Б., 2006. Алтын Орда жазба ескерткіштерінің салыстырмалы лексикасы: оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті. 109 б.

Салықов К., 2016. Шығармалары. Астана: Фолиант. 208 б.

Сатпаева Ш.К., 2012. ІV том. «Влияние времени». Статьи. Астана: Елорда. 408 с.

Сыздықова Р.Г., 1995. Абайдың сөз өрнегі. Алматы: Санат. 405 б.

Хамраев А.Т., 2024. Литература Золотой Орды в контексте историко-культурного дискурса // Turkic Studies Journal. Т. 6. № 3. Б. 175-195. DOI: ttp://doi.org/10.32523/2664- 5157-2024-3-175-195 DOI: https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-3-175-195

Хорезми, 1985. Махаббатнама. ауд. А.Қыраубаева. Алматы: Жалын. 112 б.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-14

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сабыр, М., Раманова, . А., Кусаинова, Д., & Ахметов, Т. (2024). Алтын Орда дәуірі әдебиетінің эстетикалық әлемі және оның қазақ әдебиетіндегі өрісі. Turkic Studies Journal, 6(4), 191–208. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-4-191-208

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиет және Фольклор