Бидайық-асар қалашығынан табылған музыкалық аспап тарихы (біздің дәуіріміздің II-IV ғасырлары)


Қаралымдар: 19 / PDF жүктеулері: 18

Авторлар

  • Әзілхан Тәжекеев Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласы филиалы
  • Зәбира Жәкішева Ықылас атындағы халықтық музыка аспаптары музейі

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-4-53-71

Кілт сөздер:

Сырдария, Арал маңы, Домбыра, Қоссаз, Жетіасар, шанақ, археология, керуіш.

Аннотация

Зерттеу жұмысында Шығыс Арал маңындағы Жетіасар мәдениетінің Бидайық-асар қонысынан Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының (әрі қарай ХАЭЭ) археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде табылған, ағаштан жасалған музыкалық аспаптардың фрагменттері жайлы сөз болады. ХАЭЭ тарапынан Жетіасар шатқалындағы
ескерткіштерде алғаш археологиялық ізденістері 1946 ж. басталып, 1948, 1949, 1951 жж. аралығында жүргізіледі. ХАЭЭ жетекшісі С.П.Толстовтың бастамасымен осы қалашықтарға қазба жұмыстары жүргізіліп, олардың ұқсастықтарына қарап, «жетіасар мәдениеті» деген атау берілді. Далалық зерттеу жұмыстары 70-80 жылдары жалғасын тапты.
Бидайық-асар қалашығының б.д. ІV ғ. мерзімделетін екінші құрылыс кезеңі, тоғызыншы мәдени қабатынан табылған музыкалық аспап ғылыми қызығушылық туғызып отыр. Сонымен қатар, домбыраның шығу тегі мен мерзіміне қатысты тың деректер беруде. Музыкалық аспаптардың фрагменттері бойынша ғылыми реконструциялар жасалып, музыкалық археология бағытындағы ғалымдардың қызығушылығын туғызуда.
Өткен ғасырдың 70-80-жылдарындағы зерттеулер бойынша Бидайық-асар қалашығы шамамен б.д. І мыңжылдығының І жартысында өмір сүрген. Осы мерзімделуді негізге ала отырып, ескерткіштен табылған музыкалық аспаптарды ағаштан жасалған, ең ежелгі ішекті аспаптардың тобына жатқызуға болады. Шанағының асты мен үсті ашық, домбыра шанағына жақын келесі музыкалық аспап Жетіасар мәдениетінде музыкалық аспаптардың бірнеше түрі қолданыста болғандығын көрсетеді. Қазіргі
уақытта бұл аспаптың шығу тегіне және басқа музыкалық аспаптарға ұқсастығына қарай бірнеше болжамдар қалыптасты.

Автор туралы мәлімет

Әзілхан Тәжекеев, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласы филиалы

тарих ғылымдарының кандидаты, директор

Зәбира Жәкішева, Ықылас атындағы халықтық музыка аспаптары музейі

тарих ғылымдарының кандидаты

Әдебиет

Әбуғазы М., 2016. Домбыра аспабының шығу тегі жайында. // Өнер порталы ақпарат көзі. 20.11.2016 [Электрондық ресурс] URL: https://www.oner.kz/music/view/588-dombyraaspabynyng-shygu-tegi-zhajynda (қаралған күні: 22.04.19).

Кашгари М., 1967. Дивону лугатит турк. Индекс словарь. Т.: Фан. 545 c.

Жәкішева З.С., 2009. Қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары. Алматы: «Алматы кітап баспасы». 232 б.

Жәкішева З.С., 2014. Қазақтың аспапты-музыкалық археологиясы // «Мәдени мұра» Астана.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі, 2011. Энциклопедия. 1 том. Алматы. 647 б.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі, 2014. Энциклопедия. 5 том. Алматы. 703 б.

Левина Л.М., 1971. Керамика нижней и средней Сырдарьи в I тыс. н.э. / Тр. ХАЭЭ. VII. M. 252 с.

Левина Л.М., 1996. Этнокультурная история Восточного Приаралья: I тысячелетие до н.э. - I тысячелетие н.э. М. 396 с.

Медникова М.Б., 2023. (Ответственный редактор) Население Восточного Приаралья в эпоху миграций I тысячелетия по данным антропологического источника. М. 226 с.

Мешкерис В.А., 1998. Эволюция, типология и миграция струнных инструментов Средней Азии VI-IV веков до н.э. – IV век н.э. Алтай, Хорезм, Восточная Парфия // Материалы к энциклопедии музыкальных инструментов народов мира. Выпуск I. Санкт-Петербург. С. 5-15.

Руденко С.И., 1953. Культура населения Горного Алтая в скифское время. М.-Л. 402 с.

Садоков Р.Л., 1970. Музыкальная культура древнего Хорезма. M. 136 с.

Садоков Р.Л., 1971. Тысяча осколков золотого саза // М.: «Советский композитор». 172 с.

Сарыбаев Б., 1981. Қазақтың музықалық аспаптары. Алматы: Өнер. 208 б.

Сарыбаев Б., 1968. Шертер // Білім және еңбек. №11.

Тәжекеев Ә.Ә., Дәрменов Р.Т., Білалов С.Ө., Әмірғалина Г.Т., Шарапова Қ.Ә., Сұлтанжан Ж.Қ., 2016. Оңтүстік-Шығыс Арал маңының қала мәдениеті: Жетіасар ескерткіштеріндегі жаңа зерттеулер // «Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының өзекті мәселелері: өткені, бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы. Б. 250-255.

Тәжекеев Ә.Ә., Құрманиязов И.С., 2016. Жетіасар мәдениеті ескерткіштерінің зерттеу тарихы (1946-1971 жж.)// Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. 4(83). Б. 233-237.

Тәжекеев Ә.Ә., 2019. Біздің дәуіріміздің IV ғасырымен мерзімделетін «Қоссаз» домбыра // «Археологиялық қазба жұмыстарынан табылған көне музыкалық аспаптар: жиналу және зерттелу мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы. Б. 34-37.

Тажекеев А.А., Болелов С.Б., Дарменов Р.Т., Билалов С.У., 2019. Новые археологические исследования Жетыасарской культуры // Великая степь: история и культура. Том ІV. Великое кочевание: наследие гуннов и сарматов в вещах и идеях. Каталог выставки. Нур-Султан. С. 98-104.

Тәжекеев Ә.Ә., Құрманиязов И.С., Каналхан Е., 2022. Жетіасар ескерткіштері өлкетанушы ғалымдардың еңбектері мен Ресей империясының картографиялық материалдарында (XIX ғ. аяғы – ХХ ғ. басы) // Электронный научный журнал «edu.e-history.kz» №1 (29). С. 230-242 https://doi.org/10.51943/2710-3994-2022-29-1-230-242 DOI: https://doi.org/10.51943/2710-3994_2022_29_1_230-242

Толстов С.П., 1948. По следам древнехорезмийской цивилизации // М.-Л. 328 с.

Толстов С.П., 1949. Хорезмская археолого-этнографическая экспедиция АН СССР в 1948 г. // Известия АН СССР. Серия истории и философии. Т. 6. вып. 3. М. С. 246-247.

Толстов С.П., 1952. Хорезмская археолого-этнографическая экспедиция АН СССР (1945-1948 гг.). ТХАЭ. Т. 1. М. С. 14-27.

Kolltveit G., Tazhekeyev А.A., 2023. 4th century stringed musical instrument from Bidayik-asar (Aral region, Kazakhstan) // 12th ISGMA-Conference: Artifacts – Images – Texts. Archaeology and the Historiography of Sound University of Wurzburg, 25. 29.09.2023.

Kolltveit G., 2022. The Sutton Hoo lyre and the music of the Silk Road: anewfind of the fourth century AD reveals the Germanic lyre’s missing eastern connections // Antiquity. Vol. 96 (385). P. 208-212. https://doi.org/10.15184/aqy.2021.164 DOI: https://doi.org/10.15184/aqy.2021.164

The musical instrument from Bidayik-asar, Kazakhstan: hypotheses regarding its use and its possible place within the lyre family, 2022. // Новости департамента археологии Кембриджского университета 09.11.2022. [Электронный ресурс] https://www.arch.cam.ac.uk/events/asianarchaeology-group/musical-instrument-bidayik-asar-kazakhstan-hypotheses-regarding-its(Дата обращения: 12.07.2024).

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-14

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Тәжекеев, Ә., & Жәкішева, З. (2024). Бидайық-асар қалашығынан табылған музыкалық аспап тарихы (біздің дәуіріміздің II-IV ғасырлары). Turkic Studies Journal, 6(4), 53–71. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-4-53-71

Журналдың саны

Бөлім

Тарих және Археология