Қазақ-Ресей саяси коммуникациясы контексіндегі Абылай ханның эпистолярлық мұрасы
Қаралымдар: 56 / PDF жүктеулері: 47
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2024-2-93-108Кілт сөздер:
Абылай хан, Ресей империясы, эпистолярлық мұра, саяси коммуникация, әлеуметтік-экономикалық мәселелері, бодандық, сауда-саттықАннотация
Мақалада XVIII ғасырдағы қазақтың ірі қоғамдық-саяси өкілі Абылай ханның орта жүздің саяси элитасы және Ресей империясының билігі мен әкімшілігі арасындағы қарым
қатынас тәжірибесі призмасы арқылы көрінетін эпистолярлық мұрасының талдауы ұсынылады.
Бұл кезеңде екі мемлекет арасындағы қарым-қатынас Ресей империясының қазақ жүздеріндегі ресми құқықтық сюзеренитетінен мемлекеттік-саяси протекторатқа дейін дамығаны атап өтіледі. Бұл қазақстандық және ресейлік саяси элиталардың билік байланысын толыққанды
субъектілердің өзара әрекеті мен ықпалы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Аталған іс
қимыл әртүрлі форматта жүргізілді – келіссөздер, елшілер миссияларымен алмасу және т.с.с.
Алайда тілдік кедергі және бір-бірінен аумақтық алшақтық жағдайындағы ең қарқынды өзара іс қимыл қазақ сұлтандары мен хандарының Ресей империясының шенеуніктерімен хат алмасуы арқылы жүзеге асырылды. Қарым-қатынастың бұл форматы шұғыл мәселелерді жылдам шешуге, белгілі бір мәселе бойынша бір-бірінің ұстанымдарын анықтауға және өзара ақпарат алмасуға
мүмкіндік берді.
Абылай ханның эпистолярлық мұрасы оның патшайымдармен, Сыртқы істер коллегиясы
мүшелерімен, Орынбор аймағы мен Сібір генерал губернаторларымен, Батыс Сібірдегі әскери құрамалардың әскери элитасымен байланыса отырып, хат алмасқанын растайды. Орта Азиядағы
халықаралық жағдайдың дамуы, қазақ-орыс және қазақ-қытай қарым-қатынастары, «жоңғар
мәселесі»; әлеуметтік-экономикалық мәселелердің кең ауқымы қазақ билеушісінің ұдайы назарында болған.
Абылай ханның қазақ-ресей қарым-қатынасының әртүрлі аспектілері бойынша ұстанымдарын талдау, оның хаттарда бейнеленген саяси сөз шеберлігі, оның қол жеткізген соңғы нәтижелері мен әсерлері оның ерекше дипломатиялық қабілет иесі екенін айғақтай түседі.
Әдебиет
Абдилашим Д., 2024. Историческое значение письма-указа китайского императора
казахскому султану, сохранившегося в китайских архивах. Turkic Studies Journal. 1 (Т. 6). С. 7-22.
Абуев К.К., 2013. Абылай хан. Современники и наследники. Кокшетау: Әрекет. 308 с.
Аполлова Н.Г., 1960. Экономические и политические связи Казахстана с Россией в XVIII – начале XIX в. М.: Изд-во Акад. наук СССР. 456 с.
Басин В.Я., 1971. Россия и казахские ханства в XVI-XVIII вв. (Казахстан в системе внешней политики Российской империи). Алма-Ата: Наука. 275 с.
Васильев Д.В., 2014. Россия и Казахская степь: административная политика и статус окраины. XVIII – первая половина XIX века. М.: РОСПЭН. 471 с.
Валиханов Ч.Ч., 1984. Собрание сочинений в пяти томах. Т. 1. Алма-Ата: Наука. 324 с.
Ерофеева И. В., 1999. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. Алматы: Санат. 334 с.
Касымбаев Ж.К., 1999. Абылай хан и проблемы казахской государственности (последняя
четверть XVIII в. по новым архивным данным) // Уроки отечественной истории и возрождение
казахстанского общества: материалы научной сессии ученых Министерства науки – Академии наук Республики Казахстан, посвященной Году народного единства и национальной истории, г. Алматы, 4 июля 1998 г. Алматы. С. 103-108.
Моисеев В.А., 1998. Россия и Джунгарское ханство в XVIII веке: Очерк внешнеполитических отношений. Барнаул: Изд-во АГУ. 175 с.
Сулейменов Б.С., Басин В.Я., 1981. Казахстан в составе России в XVIII – начале XX века.
Алма-Ата: Наука. 243 с.
Сулейменов Р.Б., Моисеев В.А., 1988. Из истории Казахстана XVIII века: (О внешней и
внутренней политике Аблая). Алма-Ата: Наука. 144 с.
Сухих О., 2005. Как «чужие» становятся «своими», или лексика включения Казахской степи в имперское пространство России. Вестник Евразии. 3. С. 10-11.
Русско-казахские отношения в XVIII-XIX вв., 1961. Алма-Ата: Наука. Т. 1. 533 с.
Русско-казахские отношения в XVIII-XIX вв., 1964. Алма-Ата: Наука. Т. 2. 573 с.
Эпистолярное наследие казахской правящей элиты (1675-1821 гг.), 2014. Алматы: АО «АБДИ Компани». Т. 1. 696 с.
Giddens A., 1984. The construction of society: outline of the theory of structuration. Сambridge: Polity.
Lysenko Yu.A., 2018. «Deputative missions» of The Kazakh khans, sultans and family governs in The court of the Russian emperors in The first half of The 19th century. Bylye gody. 50 (4). Pp. 1518-1529. DOI: https://doi.org/10.13187/bg.2018.4.1518