Синтаксистік синтагманың грамматикалық статусы
Қаралымдар: 254 / PDF жүктеулері: 482
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-3-123-135Кілт сөздер:
синтагма, интонация, лексикалық мағына, атауыш сөз, грамматикалық мағына, коммуникативті семантика, лексика-грамматикалық статус, коммуникативті статус, интонациялық статус.Аннотация
Мақалада синтагма мәселесі фонетика, лексика, семантика, интонациямен байланысты зерттелгені анықталып, ғалымдардың синтагманы фонетикалық бірлік, семантикалық-интонациялық бірлік, көп компонентті синтагма, бір компонентті синтагма, лексикалық синтагматика, синтаксистік синтагматика түрінде әртүрлі жіктегені, оның ғылыми айналымда бір жүйеге түспегені көрсетіліп, синтагманың аталған салалармен байланысын айқындайтын тілдік бірлік сөйлем деп танылады. Сөйлем сөйлеу ағымына түскен сөздердің байланысуынан қалыптасатын, ал синтагма сөйлем ішінде байланысқа түскен сөздердің мәні мен мағынасын анықтайтын, ой-пікірді жеткізуге қызмет
атқаратын синтаксистік категория ретінде талданады. Нәтижесінде синтаксистік синтагма термині ұсынылады. Синтаксистік синтагма тілдің құрылымдық, семантикалық, интонациялық, коммуникативтік жүйесімен тығыз байланыста жұмсалатын грамматикалық статусқа ие категорияға жатады. Сөйлем ішінде өзара байланысқан сөздер мен оларды байланыстырушы тілдік бірліктердің қызметіне талдау жасау барысында синтаксистік синтагма мен тілдің құрылымдық жүйесі арасында байланыс орнайтыны дәлелденеді. Синтаксистік синтагма құрамындағы сөздердің семантикалық жақтан үйлесім табу жолдары лексикалық мағынаның семантикалық өрісімен байланысты қарастырылады. Интонация мен синтаксистік синтагманы байланыстыруға интонациялық кідіріс пен ұласпалы интонация негіз болатыны көрсетіледі. Коммуникация мен синтагманың байланысы ақпараттық мағыналарды анықтауда
көрініс табады. Әрбір синтагма белгілі бір ақпарат жеткізу қызметіне ие екені жан-жақты талданады. Нәтижесінде синтагма құрамындағы сөздердің, қосымшалардың қызметіне талдау жасалады. Синтаксистік синтагма сөйлеу ағымындағы сөздердің байланысынан туындайтын грамматикалық категория ретінде қарастырылады.
Downloads
Әдебиет
Bazarbaeva Z., 2008. Qazaq tili: intonologiya, fonologiya. [Kazakh language: intonology, phonology]. Almaty: «Zhіbek zholy» baspa үjі. 326 p. [in Kazakh].
Balli Sh., 1955. Obshhaja lingvistika i voprosy francuzskogo iazyka. [General Linguistics and French Language Issues]. Moscow:Izdatel’stvo Inostrannoj literatury. 412 p. Retrieved from https://www.booksite.ru/fulltext/sharl/text.pdf (Accessed at: 16.06.2023). [in Russian].
Boduen de Kurtene, 1912. Lekcii po vvedeniiu v iazykovedenie [Lectures on the introduction to linguistics]. Saint-Petersburg: tip. V. Bezobrazov i Ko. 96 p. Retrieved from https://www.prlib.ru/item/363587 (Accessed at: 16.06.2023). [in Russian].
Il’jasova N.A., 2009. Sоz tіrkesі sintaksisі [Phrase syntax]. Almaty. 276 p. [in Kazakh].
Isaev S., 1992. Qazіrgі qazaq tіlіndegі negіzgі grammatikalyq ugymdar [Basic grammatical concepts of the modern Kazakh language]. Almaty. 144 p. [in Kazakh].
Orazbaeva F.Sh., 2009. Tіldіk qatynastyn teoriialyq negіzі [Theoretical bases of linguistic communication]. Almaty. 368 p. [in Kazakh].
Orap M., 2015. Sintagma kak edinica analiza rechevogo opyta [Syntagma as a unit of analysis of speech experience]. East European Journal of Psycholinguistics. Р. 106-113. Retrieved from http://eejpl.vnu.edu.ua/index.php/eejpl/article/view/175 (Accessed at: 16.06.2023). [in Ukrainian].
Raeva O.V., 2015. Sintagma i segmentaciia ustnoi spontannoi rechi [Syntagma and segmentation of spoken spontaneous speech]. Vestnik Permskogo universiteta. 4, P. 14-20. [in Russian].
Reformatskii A.A., 2018. Fonologiia i morfonologiia: ucheb.posobie [Phonology and morphology]. Moscow: izd-vo Yurait. 299 p. [in Russian].
Hasanov G.Q., 2012. Qazaq tіlіnіn leksikalyq sintagmatikasy [Lexical Syntagma of the Kazakh language]. Oral. 390 p. [in Kazakh].
Shajmerdinova N.G., 2022. Kornevaya morfema v drevnetyurkskom yazyke [Root morpheme in the Old Turkic language]. Turkic Studies Journal. Vol. 4. No 1. P. 95-108. [in Russian].
Shherba L.V., 1963. Fonetika francuzskogo iazyka: ucheb.posobie [Phonetics of the French language]. Moscow: izd-vo «Vy`sshaya shkola». 308 p. [in Russian].
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Turkic Studies Journal

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.

















