Жоғарғы Ертіс пен Жетісудың ежелгі тұрғындарының б.з.д. I мыңжылдықтың аяғындағы өзара байланысын зерттеу мәселесіне


Қаралымдар: 179 / PDF жүктеулері: 169

Авторлар

  • Азат Айтқали Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының филиалы
  • Асия Каражигитова Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының филиалы

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-2-23-33

Кілт сөздер:

Жоғарғы Ертіс өңірі, Жетісу, құлажорға мәдениеті, үйсін, жерлеу рәсімі, ескерткіштер, ғұн-сармат дәуірі, археологиялық зерттеулер, мәдени қатыстылық

Аннотация

Ғұн-сармат дәуірінде көптеген саяси оқиғалар жүзеге асты. Еуразия тарихындағы бұл бетбұрыс кезең халықтардың көші-қонымен және жаңа этносаяси құрылымдардың пайда болуымен ерекшеленді. Қазақстан археологиясындағы ғұн-сармат дәуіріне қатысты пікірталас тудыратын мәселелер қатарына ескерткіштердің этникалық тиесілілігі, мәдени бірлестіктердің шығу тегі, сондай-ақ әртүрлі кешендердің хронологиясы жатады. Жетісу және Жоғарғы Ертіс өңірі аумақтарында б.з.д. І мыңжылдықтың II жартысында таралған жерлеу және аза тұту кешендерін зерттеуде, этномәдени тұрғыдан түсініктеме беруде қиындықтар бар. Қазіргі уақытта зерттеушілер ежелгі Қазақстан аумағында, атап айтқанда, Жетісу өңіріндегі алғашқы мемлекеттік саяси құрылымды үйсіндер құрған деп есептейді. Кеңестік зерттеушілер алғаш рет Жетісудағы қазба жұмыстары негізінде үйсіндерге қатысты жазбаша дереккөздерді нақты археологиялық кешендермен байланыстырған. Үйсін ескерткіштерінің ашылғанына 70 жылдан астам уақыт өткенімен, олар әлі күнге дейін зерттеу нысаны болып қалып отыр. Сонымен қатар, заманауи кешенді ғылыми зерттеу әдістерін қолдану нәтижесінде аймақтың шаруашылық дамуы жайлы жалпылама түсінік қалыптаса бастады. Зерттелуі ХХ ғасырдың ортасында басталған Жоғарғы Ертіс өңірінің құлажорға мәдениетінің ескерткіштеріне келетін болсақ, олар әлі де дерекқорды кеңейту деңгейінде қалып отыр. Соңғы онжылдықтарда жоғарыда аталған екі аймақ ескерткіштерінің өзара байланысына арналған бірқатар жұмыстар жарық көрген. Авторлар бұл жұмыста ғалымдардың осы мәселеге қатысты әртүрлі көзқарастарын қарастырады және болған оқиғаларға өз бағасын береді.

Автор туралы мәлімет

Азат Айтқали, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының филиалы

PhD, жетекші ғылыми қызметкер

Асия Каражигитова, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының филиалы

магистр, ғылыми қызметкер

Әдебиет

Абетеков А.К., 1970. Новые археологические данные о хозяйстве древних усуней. Краткие сообщения Института Археологии. Вып.122. С. 67-71.

Акишев К.А., 2009. Экономика и общественный строй Южного Казахстана и Северной Киргизии в эпоху саков и усуней (V в. до н.э. – V в.н.э.). Труды Центрального музея. Алматы. Вып.II. 536 с.

Акишев К.А., Кушаев Г.А., 1963. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алматы. 214 с.

Арсланова Ф.Х., Самашев 3.С., 1985. Новые материалы по кулажургинской кулътуре Восточного Казахстана // Археологические исследования в зонах мелиорации: итоги и перспективы их интенсификаций. С. 28-30.

Байпаков К. М., Чанг К., 2000. Предварительные результаты раскопок 1999 г. на поселении сакского периода Цыганка-8. Изв. МОН РК, НАН РК. Серия общественных наук. № 1. С. 266-268.

Воеводский М.В., Грязнов М.П., 1938. Усуньские могильники на территории Киргизской ССР. К истории усуней. Вестник древней истории. № 3. С. 162-179.

Досымбаева А., 2007. Культурный комплекс тюркских кочевников Жетысу. II в. до н.э. – V в.н.э. Алматы. 216 с.

Савинов Д.Г., 1978. О завершающем этапе культуры ранних кочевников Горного Алтая. Краткие сообщения Института археологии. Вып.154. С.48-54.

Кубарев В.Д., 1992. Курганы Сайлюгема. Новосибирск. 220 с.

Кузнецова О.В., 2000. Технико-технологический анализ керамики с поселений сако- усуньского времени из района Жетысу. Изв. МОН РК, НАН РК. Серия общественных наук. №1. С. 161-165.

Самашев З.С., Григорьев Ф., Жумабекова Г., 2005. Древности Алматы. Алматы: КазИздат-КТ. С. 52-55.

Самашев З.С., 2011. Берел. Алматы. 236 с.

Самашев З.С., 1987. Памятники кулажоргинского типа. Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. Алматы. 280 с.

Тишкин А.А., 2009. Алтай в хуннуское время // Изучение историко-культурного наследия Центральной Евразии. Сборник материалов международной научной конференции «Маргулановские чтения – 2008». Караганда. С. 194-199.

Ткачев А.А., Дубровский В.А., 1996. Погребение воина кулажоргинской культуры // Сохранение и изучение культурного наследия Алтайского края. Барнаул. С. 141-145.

Черников С.С., 1951. О составе древних бронз // Советская археология. № XV. С. 140-154.

Черников С.С., 1975. К вопросу о хронологических периодах в эпоху ранних кочевников (по археологическим материалам Восточного Казахстана). Первобытная археология Сибири. Л.: Наука. С. 132-148.

Черников С.С., 1956. О работах Восточно-Казахстанской экспедиции // Краткие сообщения Института истории материальной культуры. Вып. 64. С. 43-60.

Черников С.С., 1951. Восточно-Казахстанская экспедиция // Краткие сообщения Института истории материальной культуры. Вып. XXXVII. С. 144-150.

Хабдулина М., 2019. Новое в изучении Тасмолинской археологической культуры Сарыарки // Turkic Studies Journal, No 2, Vol.1. Нур-Султан. С. 21-33.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-27

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Айтқали A., & Каражигитова A. (2023). Жоғарғы Ертіс пен Жетісудың ежелгі тұрғындарының б.з.д. I мыңжылдықтың аяғындағы өзара байланысын зерттеу мәселесіне. Turkic Studies Journal, 5(2), 23–33. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-2-23-33

Журналдың саны

Бөлім

Тарих және Археология