Ішкі Орда (Бөкей Ордасы) хандары мөрлерінің реконструкциясы: мөр символдары мен атрибуттарын анықтау
Қаралымдар: 153 / PDF жүктеулері: 247
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-2-67-92Кілт сөздер:
Ішкі Орда, мөр түрлері, хан мөрлері, реконструкция, билік атрибуты, символ, ою-өрнек, мөр тұғыры, дәстүрлі орта.Аннотация
ХХ ғасырға дейінгі Қазақ тарихының билік жүйесі тарихында маңызды
орын алған, қолданыста болған мөрлерді келесідей топтастыруға,
жүйелеуге болады: археографиялық таңбалары бар мөрлер; өрнектері,
кескіндемелік белгісі бар мөрлер; портреттік бейнесі бар мөрлер;
елтаңбалық белгісі бар мөрлер; иесінің аты жазылмаған таңбалары бар
мөрлер; иесінің аты жазылған таңбалы мөрлер; иесінің аты жазылмаған
өрнектелген мөрлер; иесінің аты жазылып өрнектелген мөрлер.
Қазақтың хан, сұлтандары мөрлерін жүзік түрінде соқтырғанымен,
күнделікті қолдарына тағып жүрмеген, құжаттарды куәландырған кезде
тұғырын саусаққа «айнатеріс» тәсілімен, яғни сүйір келетін басын жоғары
қаратып киіп («құсмұрын» жүзіктің тағылуынан теріс) немесе тұғырынан
қолға ұстап басқан. Ал, би, бай, болыс, тархан, батыр, старшындар
мөрлері дөңгелек, дөңес, төртбұрыш, тасты болып келген, егер олардың
қолында мөр болмаса, руының таңбасын сызып, қолын қуәландырған.
Хан, сұлтандардың жүзікті мөрінің қалыбы, яғни бейнесі, әскер байрағы
басына қондырылған байрақ басының бейнесіне сәйкес келген. Байрақ
басы да, мөр де – билік атрибуты. Екі билік атрибутының да басының
жоғары қарай «құсмұрын» типінде сүйір болып келуі, билік атрибутының
дәстүрлі ортада танылған жүйесі болғанын дәлелдейді.
Қазақ хан, сұлтандарының түпнұсқа мөрлері, отаршылдық әсерінен
сақталмаған. Авторлар мөр реконструкциясын жасау, мөр бетіндегі
символдар құпиясын ашу тәжірибесімен бөліседі.
Әдебиет
Абу-л-Фазл Байхаки, 1969. История Масуда (1030-1041). Перевод с персидского. Введение, комментарий и приложения А.К. Арендса. 2-ое дополненное. Москва. 1009 с.
Арғынбаев Х., 1987. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми-зерттеу еңбек. Алматы: «Өнер» баспасы. 128 б.
Дайрабай Т., 2014. Ақ патшаның сарайында болған ақсақалдар, қазақ депутациясы жөнінде бірер сөз. Түркістан газеті, 25 желтоқсан.
Джанибеков У., 1982. Культура казахского ремесла. Алма-Ата: Өнер. 144 с.
Ерофеева И.В., 2001. Символы казахской государственности (позднее средневековье и новое время). Алматы: ИД «Аркаим». 152 с.
История Древнего Востока. Учебник. 1988. Под ред. В.И. Кузищина. 2-е изд. Москва. 623 с.
Казанцев И., 1867. Описание Киргиз-Кайсак. Санкт Петербург: Типография Товарищества «Общественная польза» по Мойке, №5. 231 с.
Какабаев Б.С., 2004. Должностной знак народного судьи в дореволюционном Казахстане. Труды Центрального музея. Алматы: Ғылым. Б. 364-368.
Картаева Т., Даубаев Е., 2019. Мөр және мөрлі жүзіктің тарихи реконструкциясы. Алматы: Қазақ университеті. 65 б.
Коробейников А.В., 2005. Историческая реконструкция по данным археологии. Ижевск. 180 с.+илл.
Қазақ эпосы. 1982. Алматы: Ғылым. 227 б.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 2017. Энциклопедия. 4-том. Алматы: Әлем даму интеграция. 845 б.
ҚРМОМ археологиялық коллекциясы: сақтар мен үйсіндер мәдениеті. 2011. Ғылыми каталог. Алматы: Өнер. 319 б.
Мартынов А.И., Шер Я.А., 2002. Методы археологического исследования. Москва. 240 с.
Масанов Э.А., 1961. Кузнечное и ювелирное ремесло в казахском ауле. Алма-Ата. 200 с.
Махмұд Қашқари, 1997. Түрік тілінің сөздігі (Диуани лұғат-ит-түрік). 3 томдық. Алматы: Хант. Мұхаммед Пайғамбарымыз жүзік тақты ма? http://www.ihsan.kz/kk/articles/view/1334 (Қаралған күні: 10.11.2019).
Омарханов Қ., 2004. Қазақ елінің дәстүрлі құқығы. Астана: Елорда. 280 б.
Прищепова В.А., 2011. Иллюстративные коллекции по народам Центральной Азии второй половины ХIX – начало ХХ века в собраниях Кунсткамеры. СПб.: Наука. 452 с. +Ил.Сулейман // Мифы народов мира. Энциклопедия. https://www.gumer.info/bibliotek_Buks/
Mifologia/2286.php. (Қаралған күні: 15.04.2019).
Шаймерденов Е.Ш., 2001. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Алматы: Жеті жарғы. 248 б.
Шариғаттағы жүзік тағу хикметі / http://mazhab.kz/kk/suraqtar/arturli/sharigattagy-juziktagu-hikmeti-128/ (Қаралған күні: 10.11.2019).
Шойбеков Р.Н., 1991. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Алматы: Ғылым. 88 б.
Янин В.Л., 1970. Актовые печати Древней Руси X-XV вв. Т. 1. Печати X – начала XIII в. Москва: Наука. 326 с.
Babayarov G., Asanov E., 2020. Coins of Tokharistan with old Turkic titles // Turkic Studies Journal, Nо 3, Volume 2. P. 6-26.