Түркі фразеологизмдеріндегі антропонимдер мен топонимдер
Қаралымдар: 237 / PDF жүктеулері: 235
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-4-35-50Кілт сөздер:
ономастика, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, антропонимдер, топонимдер, қазақ, татар, башқұрт, ноғай тілдері, семантикалық талдауАннотация
Мақалада түркі фразеологизмдері құрамында сақталып қалған түрлі
ономастикалық атаулардың, яғни, жалқы есімдердің қыр-сыры сөз
болады. Ономастикалық атаулардың тұрақты сөз тіркестерінде, оның
ішінде түрлі тақырыптардағы мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің,
қанатты сөздердің құрамында тұрақталып қалуы кездейсоқ емес. Олар
әрбір халықтың өзіндік ерекшелігін, ұлттық болмысы мен танымын,
бастан кешкен тарихын танытатын ерекше тілдік бірліктердің тобын
құрайды. Демек, түркі фразеологизмдерінің құрамында кездесетін әрбір
ономастикалық атау сөзсіз түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті
жайлы мол ақпарат көзін сақтап қалып отыр. Бүгінде біз ол атаулардың
тарихын туыстас түркі халықтары тілімен салыстыра қарастырғанда ғана
айқындаймыз. Мұндай салыстырмалы зерттеулер түркітану ғылымы үшін
аса маңызды. Тақырыптың өзектілігі түркі тілдерінің лексика қабатын өз
ішінен салыстыра зерттеу мәселесі басқа салаларға қарағанда кенжелеу
қалып келе жатқанымен де байланысты болып отыр. Туыстас түркі тілдері
фразеологизмдеріндегі жалқы есімдердің қолданыс уәжділігін түркі
халықтарының тарихы мен мәдениеті аясында қарастыру да мақаламыздың
басты бір мақсаты болып саналады. Осыған орай бұл мақаламызда біз
қазақ халқымен жақын туыстас ноғай, татар, башқұрт, түрік халықтарының
тіліндегі түрлі оралымдар құрамында қалған ономастикалық атаулардың
қатарын құрайтын антропонимдерді, топонимдер мен кейбір этнонимдік
атауларды салыстырмалы зерттеу әдісімен тарихи тұрғыдан талдаймыз.
Әдебиет
Әшімханова Ф.М., 2007. Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі: филол.ғыл.
канд. дисс. автореф. Алматы. 24 б.
Балтабаева Н.Б., Кобланова Ж.К., Абдиназимов Ш.Н., 2019. Антропонимы и топонимы,
употребленные в составе каракалпакских пословиц и поговорок. Universum: филология и
искусствоведение. № 7 (64). C. 11-13.
Биктагирова З.А., Хазиева-Демирбаш Г.С., 2012. Личные имена в татарских и турецких пословицах и поговорках. Вопросы современной науки и практики. C. 271-274.
Ганиев Ф.А., 1970. О синтетических и аналитических падежах в татарском языке. Вопросы тюркологии. Казань: КГПИ. 75 с.
Ганиева Г.Р., 2012. Фразеологические единицы с компонентом именем собственным в английском, русском и татарском языках: монография. ФГБОУ ВПО: «КНИТУ». 106 с.
Керейтов Р.Х., 2002. Общетюркские элементы в этнической истории и бытовой культуре ногайцев: диссертация доктора исторических наук. 07.00.07. Москва. 429 с.
Кудина Е.Ф., 1982. Фразеологические единицы с компонентом «имя собственное» современного немецкого и украинского языков: диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук. Киев. 219 с.
Ловянникова В.В., 2008. Ономастическая фразеология в лингвокультурологическом аспекте: на материале немецкого языка: диссертация кандидата филологических наук. 10.02.19. Владикавказ. 260 с.
Мадиева Г.М., 2018. Ономастика Казахстана: аналитический обзор (подходы исследования онимов). Алматы: Қазақ университеті. 80 с.
Мендельсон В. А., 2009. Фразеологизмы библейского происхождения в английском и русском языках. Казань: ЗАО «Новое знание». 156 с.
Радлов В.В., 1911. Опыт словаря тюркских наречий. СПб. 559 с.
Садирова К.К., Тектигул Ж.О., Жазыкова Р.Б., Исламгалиева В.Ж., 2021. Мифологическое выражение топонима «Қазығұрт» в языковом сознании (на материале казахского языка) // Филологический аспект, № 08 (76). Нижний Новгород. С. 53-63.
Саитова Э.М., 2007. Имена лиц во фразеологической картине мира (на материале немецкого, русского и башкирского языков): автореферет диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук. Уфа. 24 с.
Смағұлова Г.Н., 2010. Қазақ фразеологиясы лингвистикалық парадигмаларда. Алматы: Арыс. 277 б.
Тоқтабай А., Сейтқұлова Ж., 2005. Төрттүліктің қасиеті. Алматы. 192 б.
Шихмурзаев Д.М., 2006. Ногайско-русский фразеологический словарь. Махачкала: ООО «Издательство НИИ педагогики». 296 с.