«Бозоқ» музей-қорығының құрылу тарихы
Қаралымдар: 195 / PDF жүктеулері: 228
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-2-116-129Кілт сөздер:
Бозок, Ишим, К.А. Акишев, Астана, Нур- Султан, музеефикация, музей-заповедникАннотация
2018 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
құрылымында «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығын құру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы шықты. Бұл оқиғаға дейінгі жол 20 жылға созылды.
Археологиялық нысанды сақтау және оның негізінде музей-қорығын құру идеясы оның алғашқы
зерттеушісі К.А. Ақышевке тиесілі.
Бозоқ – Орталық Қазақстан аумағындағы бірегей тарихи-мәдени мұра ескерткіші. Оның ашылу
және зерттеу тарихында маңызды жағдайлар тізбегі біріктірілген. Мың жылдан астам уақыт құрылыстың жаңа кезеңіне өту, елорданы жаңа жерде құру сияқты айтулы оқиғалармен тұспа-
тұс келген мыңжылдықтар тоғысындағы ерекше символикалық сәтінде табылған олжа. Осы
маңызды жағдайлардың барлығы қазақ даласының Еуразия құрлығының орталығы ретіндегі
терең тарихы мен маңызын ашуында расталды. Бұл жерде саяси, жасампаздық сипаттағы тарихи
оқиғалар орын алып, қазақ этносының генетикалық кодын, менталитетін қалыптастырған
қазақтардың этногенезіне әсер еткен жаңа мәдени-техникалық жетістіктердің жинақталуы мен
дамуы болғаны байқалады. Ежелгі дәуірде дала кеңістігінің тарихында Ежелгі Шығыс, Орталық
Азия ойкуменаларының ұлан-ғайыр аумақтарында шарықтау, жаңа инновациялар енгізу мен
таратудың елеулі кезеңдері болған.
Мақалада ортағасырлық Бозоқ қалашығының ашылуы мен зерттелуінің қысқаша тарихы
қарастырылады. Археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері осы тарихи ескерткіштің
маңыздылығын көрсетті. Оның пайда болуы VII-VIII ғасырлардағы ежелгі түркі дәуіріне
жатады. Бозоқ археологиялық ескерткіші – ежелгі түркітілдес халықтардың қала кеңістігі үшін
орын таңдаудағы этногенетикалық жадының және оның дала менталитеті дәстүрлеріндегі
құрылымының дәлелі.