Шығыс Тянь-Шаньның ежелгі тұрғындары және олардың мәдени мұралары


Қаралымдар: 188 / PDF жүктеулері: 291

Авторлар

  • Тұрсынхан Қайыркен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-1-34-46

Кілт сөздер:

Шығыс Тянь-Шань, Шығыс Түркістан, сақтар, хундар, усундер, көне түріктер, Алагу сақ қорғаны, алтын бұйымдар, қола бұйымдар, қолданбалы өнер, аң стилі, антропология, тілдік ерекшеліктер, шаруашылық дәстүрі, Жібек жолы, көне қалалар.

Аннотация

Шығыс Түркістан – ғылымда әлі де болса толық зерттелмей жатқан

аймақ. Әлемдік қауымдастықты пен ғылыми ортаны оның қазіргі

жағдайымен бірге бай тарихы да қызықтырады. Тянь-Шань тауы оны

ортасынан бөліп жатқан табиғи географиялық белгі. Таудың оңтүстігі

дәстүрлі отырықшылық мәдениеттің, ал солтүстігі көшпелі мәдениеттің

дамыған өңірі. Тянь-Шань тауының екі қанатындағы осынау географиялық

аймақтың адамзат өркениетінде өзіндік орны бар.

 Мақалада алдымен Шығыс Тянь-Шаньның байырғы тұрғындары сақ,

хун, үйсін және туцзюэ (көк түрік) секілді ежелгі этностардың пайда болуы

мен дамуы, этникалық, тілдік және мәдени байланыстары зерттеледі.

Сақтардың Орталық және Шығыс Тянь-Шаньда пайда болуы ғылымда

әлі күнге дейін толық зерттелмеген мәселе. Кей ғалымдар оларды

батыстағы скифтермен, оңтүстік-батыстағы үнді-еуропалық халықтармен

байланыстырса, Қытай деректері шығыстан ‒ Хэси дәлізі жақтан

келген дейді. Бұл жерде автор сақтардың үнді-еуропалық халық пен

монголоидтық халықтардың өзара араласуынан пайда болған супер этнос

екенін, солтүстіктегілер түркі тілінде сөйлеген монголоидтық нәсіл, ал

оңтүстіктегілердің біраз бөлігі үнді-еуропалық тілдің тохар диалектісінде

сөйлеген еуропалық нәсіл болғанын ортаға қояды. Автор олардың тілдік,

антропологиялық белгілерінде ұқсамастық болғанымен, қолданбалы өнері

мен киім-кешектерінде ортақ элементтердің болғандығын атап көрсетеді.

Сондай-ақ, Шығыс Тянь-Шаньнан табылған сақтардың, үйсіндердің

мәдени мұраларына талдау жасайды және оларды Жетісу мен Алтайдан

табылған осы тектес мұрағаттармен салыстырады.

Сондай-ақ мақалада Шығыс Түркістанды Орталық Азиямен

тұтастыратын Жібек жолы бойындағы көне қалалар мен елді мекендерге

де тоқталады.

Автор өмірбаяны

Тұрсынхан Қайыркен, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

тарих ғылымдарының докторы, шығыстану кафедрасының профессоры

Жүктеулер

Жарияланды

2022-03-31

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Қайыркен, Т. (2022). Шығыс Тянь-Шаньның ежелгі тұрғындары және олардың мәдени мұралары. Turkic Studies Journal, 4(1), 34–46. https://doi.org/10.32523/2664-5157-2022-1-34-46

Журналдың саны

Бөлім

МАҚАЛАЛАР

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары