Материалдарды жіберу
Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі
Жіберу процесінің бөлігі ретінде авторлар олардың ұсыныстары келесі тармақтардың барлығына сәйкес келетінін тексеруі керек, ал егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.- Бұл материал бұрын жарияланбаған, сондай-ақ басқа журналда шолуға және жариялауға ұсынылмаған (немесе бұл үшін Редакциялық алқаның ескертпе түсіндірмесі) болу
- Материалдың файл OpenOffice, Microsoft Word немесе RTF құжат форматында болу
- Интернеттен алынған мәліметтердің сайттағы толық сілтемесі (URL) берілу
- Мәтінді теру кезінде жоларалық интервал – 1,15; қаріптің өлшемі – 12; Жол аралығымен терілген мәтін; шрифт өлшемі 12 нүкте; ерекшелеу үшін астын сызбай курсивті қолдану (URL сілтемелерден басқасы); барлық иллюстрациялар, графиктер мен кестелер құжаттың соңында емес, мәтіннің тиісті орындарында орналасу
- Мәтін «Журнал туралы» бетінде берілген «Авторларға арналған нұсқаулық»-та сипатталған стилистикалық және әдебиеттер тізіміне арналған талаптарға сәйкес болу керек
МАҚАЛАЛАР
Политика раздела по умолчанию
Құпиялық туралы мәлімдеме
Құпиялылық туралы мәлімдеме «Turkic Studies Journal» (TSJ) жұмысының ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Құпиялылық принципі баспаның, редакцияның және рецензенттердің қызметі саласында да өте өзекті.
-
TSJ журналының сайтына енгізілген кісі аттары мен электронды пошта адрестері осы журнал белгілеген ғылыми мақсаттар үшін ғана пайдаланылады, қандай да бір басқа мақсаттар үшін пайдаланылмайды немесе өзге тұлғалар мен ұйымдарға берілмейді.
-
Бас редактор мен редакция ұсынылған қолжазба туралы ақпаратты (оның қабылданғаны, мазмұны, рецензиялау барысындағы мәртебесі, рецензенттердің сыны мен қорытынды шешім) автордың өзінен, рецензенттерден, ықтимал рецензенттерден, редакцияның өзге кеңесшілерінен, қажет болған жағдайда, шығарушыдан басқа ешкімге жария етпеуге тиіс.
-
Журнал редакциясы (TSJ) рецензияға жіберілген қолжазбалардың құпия ақпарат және авторлардың зияткерлік меншігі екендігі жөнінде өз рецензенттерін хабардар етуге тиіс. Бас редактор рұқсат еткеннен басқа жағдайларда рецензенттерге қолжазбалардың көшірмесін жасауға және үшінші бір тарапқа беруіне тыйым салынады.
-
Журнал редакциясы рецензиялаудың анонимдік пен құпиялылық қағидатын ұстанады және рецензент туралы мәліметтерді авторға, соған сәйкес автор туралы мәліметтерді рецензентке бермейді.

















