Рецензиялау үдерісі
- Рецензент – ғылыми журналдың немесе баспаның атынан әрекет ететін және авторлық материалдарды (мақалаларды) ғылыми сараптау арқылы олардың жариялану мүмкіндігін анықтайтын сарапшы.
- Журналдың редакциялық алқасына келіп түскен, басылымның тақырыптық бағытына сәйкесетін барлық мақалалар рецензиялау (ғылыми сараптама) процедурасынан өтеді.
- Рецензенттер ретінде Turkic Studies Journal басылымының Редакциялық алқасы мен Халықаралық редакциялық кеңесі мүшелері арасынан сарапшылар, сондай-ақ рецензияланатын мақаланың тақырыбына сәйкес келетін мамандық бойынша ғылыми дәрежесі, бұған қоса соңғы 3 жылда рецензияланатын мақала тақырыбына қатысты жарияланымдары бар, журнал қызметінің саласы бойынша жетекші ғалымдар мен мамандар арасынан сыртқы сарапшылар қатысады.
- Мақалаға сараптама жүргізу үшін белгілі бір рецензентті таңдау туралы шешімді бас редактор немесе бас редактордың орынбасарлары қабылдайды.
- Әр мақала екі рецензентке жіберіледі. Қажеттілік туындаған жағдайда редакция қолжазбаны қосымша рецензиялауға жібере алады.
- Рецензиялау құпия түрде жүргізіледі. Рецензентке де, авторға да бір-бірінің жеке мәліметтері және/немесе ғылыми аффилиациясы хабарланбайды (екі жақты «соқыр» рецензиялау). Құпиялық тек рецензент мақалада келтірілген материалдардың шындыққа сәйкес еместігі немесе жалған екендігі жөнінде мәлімдеме жасаған жағдайда ғана бұзылуы мүмкін.
- Рецензиялау мерзімі әр нақты жағдайда мақаланы мүмкіндігінше жедел жариялау үшін жағдайлар жасау ескеріліп анықталады. Рецензиялау мерзімі бір айдан аспайды.
- Рецензияда келесі мәселелер көрініс табады:
- а) мақала мамұнының оның атауында көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;
- б) заманауи ғылыми жетістіктерге сәйкестігі;
- в)журналдың құрылымдық және жарияланымдық талаптарына мақаланың сәйкестігі;
- г) тілі, стилі, материалдың орналасуы, кестелердің, диаграммалардың, суреттер мен формулалардың көрнекілігі тұрғысынан мақаланың оқырманға қолжетімділігі;
- д) мақаланың жағымды жақтары, сондай-ақ кемшіліктері және автор тарапынан қандай түзетулер мен толықтырулар енгізілуінің қажеттігі.
- Қолжазбаны қарастыру нәтижелері бойынша рецензент мақалаға байланысты ұсыныстар береді (рецензенттің әр шешімі негізделеді):
- мақала жариялануға ұсынылады;
- мақала рецензент көрсеткен кемшіліктер түзетілген соң жариялануға ұсынылады;
- мақала басқа сарапшы тарапынан қосымша рецензиялануы қажет;
- мақала журналда жариялануға ұсынылмайды.
- Егер рецензияда мақаланы түзету және жетілдіру туралы ұсыныстар болса, редакция авторға рецензия мәтінін ұсыныстарымен бірге жолдап, оларды мақаланың жаңа нұсқасын әзірлеу кезінде ескеруді немесе дәлелді түрде теріске шығаруды сұрайды. Автор тарапынан жетілдірілген (қайта өңделген) мақала қайтадан рецензиялауға жіберіледі.
- Авторлар материалдарды жетілдіруден бас тартқан жағдайда мақаланың жариялануынан бас тартатыны жөнінде редакцияны хабардар етуге тиіс. Егер авторлар жетілдірілген нұсқаны рецензия жіберілген соң бір ай мерзім өткенде кері қайтармаса, тіпті авторлар тарапынан мақаланың жариялануынан бас тартатындығы туралы хабар болмаған жағдайдың өзінде редакция оны есептен шығарып тастайды. Мұндай жағдайларда авторларға жетілдіру мерзімі аяқталғандығына байланысты қолжазбаның тіркеуден алып тасталғаны жөнінде тиісті хабарлама жолданады.
- Егер автор мен рецензенттер арасында қолжазбаға қатысты шешілмес қайшылықтар туындаса, редакция алқасы қолжазбаны қосымша рецензиялауға жібере алады. Даулы жағдайларда шешімді редакция алқасы отырысында бас редактор қабылдайды.
- Қолжазбаны жариялаудан бас тарту мен оны жариялауға қабылдау туралы шешім редакция отырысында рецензенттердің ұсыныстарына сәйкес қабылданады.
- Жағымды рецензияның болуы мақаланы жариялау үшін жеткілікті негіз болып саналмайды. Жариялаудың орындылығы туралы түпкілікті шешімді редакция алқасы қабылдайды және бұл редакция алқасы отырысының хаттамасына енгізіледі. Редакция алқасы шешімімен жариялануға ұсынылмаған мақала қайта қарастыруға қабылданбайды.
Мақаланы жариялаудан бас тартуға келесі себептер негіз болуы мүмкін:
- – ұсынылған материалдың журнал тақырыбына сәйкессіздігі;
- – мақалаға қойылатын талаптарға сәйкессіздігі;
- – сарапшылардың теріс рецензиялары;
- – редакция алқасы отырысының хаттамасына енгізілген шешім;
- – автор тарапынан этикалық қағидалардың сақталмауы.
- Жариялаудан бас тарту немесе жариялауға қабылдау туралы хабарлама авторға электрондық пошта немесе осы сайттың баспалық жүйесі арқылы жіберіледі.
- Рецензиялардың көшірмелері редакция алқасында немесе редакцияда бес жыл бойына сақталады.



















