Басмыл-Қарлұқ қарым-қатынасы контексіндегі Апай-Бөрі одағы (аңыздық деректерді талдау тәжірибесінен)
Қаралымдар: 149 / PDF жүктеулері: 143
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2021-2-32-43Кілт сөздер:
ауызша дәстүр, тарихи аңыз, басмыл, қарлық қоныс аударуы, ғұн, шор, қасиеттендіруАннотация
Қазақ ауызша дәстүрінде сақталған «Апай-Бөрі одағының қалыптасуы»
туралы тарихи аңыз Орталық Азия өңірінде IX-XI ғасырларда шығыстан батысқа қарай
бағытталған алапат миграциялардан өте нақты мәлімет береді. Біріншіден, аңыздағы «бөрі
тонды, бөрте атты» жігіттің бейнесінің астарынан Орхон бойындағы ауыр соғыстардан кейін
батысқа қарай жылжыған Көне Түрік қағанаттарының белгілі жауынгер бөлігі Бөрі (қытай
жазбаларындағы-Фуле) тайпасын көруге болады.
Екіншіден, осы аңызда айтылатын Апай бейнесі, оның қаракесектен туды-мыс делінетін
баласы бізді қарлұқ мәселесіне қарай бастайды. Қазақ және қырғыз этностары құрамындағы
қаракесектерді біз қарлұқтармен байланыстырамыз.
Үшіншіден, батысқа жылжу барысында қарлұқтар ғұндардан босаған кең алқапты алғаш
игерді де, белгілі дәрежеде ғұн мұрасына ие болды, бұл тәжірибе оларға кейіннен Қарахан
империясын құруға мүмкіндік берді.
Төртіншіден, Сібірді мекендеген шорлардың қаракесек құрамында кездесуі қаракесек
елінің атасы Болат қожа атында жасырылған деп жорамалдауға болады. Шын мәнінде Болат
және Қарлұқ (Қаралұқ) бір мағыналы синоним сөздер, екеуі де темірдің жоғары сапалы қару
жасайтын түрін білдіреді. Сібірдегі шор аталатын шағын этнос әлі күнге дейін темір ұсталығын
өздерінің сакралды дәстүрі ретінде сақтаған.
Бесіншіден, қазақ шежіресіндегі Апай-Бөрі одағы туралы әңгіме басмыл-қарлұқ қоныс
аударуын терең зерттеуге мүмкіндік беретін жақсы дерек деп білеміз. Жоғарыда айтылғандар
осы мақалада ашып беріледі.