Ортағасырлық Нөгербек қаласы: археологиялық және палеоэкономикалық зерттеулер нәтижелері
Қаралымдар: 12 / PDF жүктеулері: 7
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-3-26-52Кілт сөздер:
Орталық Қазақстан, Ұлытау, ортағасыр, қалалық мәдениет, Нөгербек қаласы, археология, цитадель, керамика, археозоология,Аннотация
Мақалада Ұлытау өңіріндегі ортағасырлық Нөгербек-Дарасы қаласына жүргізілген археологиялық және палеоэкономикалық зерттеулердің нәтижелері талданады. Ескерткішті археологиялық тұрғыдан алғашқы зерттеген ғалымдар академик Ә.Х. Марғұлан
мен С. Жолдасбаев болып табылады. 2015-2017 жж. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері Ғ. Ахатов
қазба жұмыстарын жүргізді. Мақалада 2018 жылы жүргізілген далалық қазба жұмыстарының және одан кейінгі кезеңде орындалған зертханалық талдаулардың нәтижелері ұсынылады (жетекшісі:
Ж.Р. Утубаев). Керамикалық материалдарға морфологиялық талдау жүргізіліп, ыдыстардың шаруашылық және асханалық мақсатта пайдаланылғаны анықталды. Қыш ыдыстардың басым бөлігі, яғни 83%-ы дәстүрлі жапсырма әдісімен жасалып, ашық отта күйдірілген.
Ал арнайы шарықта ұқыпты дайындалған қыш ыдыстар 17 пайызды құрады. Ыдыстар пайдалану мақсаттарына қарай төмендегіше
жіктелді: құмша – 3%, көзе – 21%, құмыра – 14%, асханалық шағын құмыра – 52%, саптыаяқ – 3%. Олар өз ішінде бірнеше түрлерге бөлінді. Аталмыш ыдыстардың ішінде шаруашылық
мақсаттағы көзе және асханалық ыдыстар тобындағы шағын құмыра ыдыстарының пайызы басым. Қазба барысында тіркелген қыш ыдыстардың жақын баламаларын Сырдарияның төменгі ағысындағы ортағасырлық қалалардан жиі кездестіруге болады. Соның ішінде пішіні мен ыдыс беттеріне түсірілген өрнек, белгі түрлері Жанкент қаласындағы қыш ыдыстарға өте жақын екендігі анықталды.
Ыдыстардың пішіндік және технологиялық ерекшеліктері олардың жергілікті өнім екендігін дәлелдей түседі. Сондай-ақ зерттеу нәтижелері ортағасырлық қалалық мәдениеттің тұрмыс-тіршілігі, шаруашылық құрылымы жөнінде маңызды деректер ұсынады. Археозоологиялық талдаулар барысында остеологиялық материалдардың
жануар түрі бойынша таксономиялық құрамы анықталып, үй жануарларының анатомиялық құрамы, қаңқа бөліктері, жас ерекшеліктері, тұрғындардың етті тұтыну мөлшері, сүйектердегі бірқатар модификациялық өзгерістер және патологиялар анықталды. Жиыны 503 сүтқоректілерге тиесілі элементтер зерттеліп, оның ішінде 404 (80,3%) сүйек нақты түрге дейін ажыратылды. Остеологиялық материалдардың құрамында үй жануарларының сүйектері басым (98,5%), сонымен қатар жабайы жануарлардың сүйектері де (1,5%) кездесті. Жабайы фаунаның құрамында ақбөкен (Saiga tatarica) және қабан (Sus scrofa) секілді жұптұяқтылардың сүйектері кездесіп отыр. Үй жануарлары қалдықтарының арасында уақ малдың сүйектері басым (35,9%).
Екінші орында – жылқы (33,2%), үшінші орында – ірі қара сүйектері (28,4%). Аз мөлшерде түйе сүйектері мен иттің қаңқа қалдықтары кездесті. Уақ малдың басым бөлігі 1,5-2,5 жас аралығында көбірек сойылғаны байқалды. Ірі қараны 2,5 жастан асқанда көбірек етке пайдаланған. Жылқылар 10 жастан асқанда етке пайдаланылған.
Әдебиет
Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б., 1972. Древний Отрар (топография, стратиграфия, перспективы). Алма-Ата: Наука. 213 с.
Антипина Е.Е., 2013. Модели древнего скотоводства на Кавказе: археозоологические исследования на поселении Кабардинка-2 // Аналитические исследования лаборатории естественнонаучных методов / Отв. ред. Е.Н. Черных, В.И. Завьялов. Вып. 3. Москва: ИА РАН. С. 126-141.
Аржанцева И.А., Тажекеев А.А., 2014. Комплексные исследования городища Джанкент (работы 2011-2014 гг.). Алматы: Изд-во «Арыс». 320 с.
Громова В., 1953. Остеологические отличия родов Capra (козлы) и Ovis (бараны). Руководство для определения ископаемых остатков // Труды комиссии по изучению четвертичного периода. Том Х. Выпуск 1. Москва: Изд-во АН СССР. 123 с.
Жолдасбаев С., 2017. Оседлые поселения казахов в XV–XVIII вв. Астана. 304 с.
Левина Л.М., 1971. Керамика нижней и средней Сырдарьи в I тысячелетии н.э. Москва. 252 с.
Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М., 1966. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата: Наука КазССР. 436 с.
Маргулан А.Х., 1978. Остатки оседлых поселений в Центральном Казахстане // Археологические памятники Казахстана. Алматы: Наука. С. 3-37.
Рассадников А.Ю., 2024. Палеопатологические исследования в археозоологии: возможности и значение для археологии // Археология Казахстана. № 4 (26). С. 368-388.
Сенигова Т.Н., 1959. К изучению технических особенностей керамики Низовья Сырдарьи // Труды института истории, археологии и этнографии. Алма-Ата: Изд-во АН Каз. ССР. Т. 7. С. 215-231.
Смагулов Е.А., 2011. Древний Сауран. Алматы: АБДИ Компани. 401 с.
Смаилов Ж.Е., 1997. Памятники археологии Западной Сары-Арки (Средневековые городища и поселения). Балхаш: Жезказганский университет им. О.А. Байконурова. 63 с.
Silver I.A., 1969. The Ageing of Domestic Animals // Science in Archaelogy. New York. Basic books, Inc., Publishers. P. 250-268.
Zeder M.A., Lapham H.A., 2010. Assessing the reliability of criteria used to identify postcranial bones in sheep, Ovis, and goats, Capra // JAS. Vol. 37. Iss. 11. P. 2887-2905.
Zeder M.A., Pilaar S.E., 2010. Assessing the reliability of criteria used to identify mandibles and mandibular teeth in sheep, Ovis, and Goats, Capra // JAS. Vol. 37. Iss. 2. P. 225-242.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Turkic Studies Journal

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.