Қазақстантану: жаһандық зерттеу дискурсы және жергілікті нарративтер
Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 31
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2025-1-26-48Кілт сөздер:
Қазақстан тарихы, қазақстантану, тарихнама, шетелдік зерттеушілер, сұхбат, тарих, мәдениет, нарративтер, дискурс, халықаралық қауымдастықтар (CESS, ESCAS)Аннотация
Бұл мақалада шетелдік зерттеушілердің Қазақстанды зерттеуге қосқан үлесі, олардың өңірдің тарихи және заманауи контексін жаһандық көріністе терең түсінуге ықпалы талданады. Бұл зерттеу Қазақстан тарихының тарихнамасын батыстық зерттеу дискурсы призмасы арқылы қарастыруға бағытталған.
Әртүрлі теориялық-әдіснамалық негіздерді қолдану арқылы ғалымдар Қазақстанның тарихи және әлеуметтік-мәдени динамикасын зерттеудегі ғылыми тәсілдерді айтарлықтай байытады. Олар елдің этникалық әралуандығын, мәдени мұрасын және геосаяси маңызын қамтиды.
Сапалық зерттеу әдістерін, соның ішінде Қазақстан тарихын зерттеумен айналысатын шетелдік тарихшылармен тереңдетілген сұхбаттарды пайдалана отырып, негізгі тақырыптарды, жүргізілген зерттеулердің жекелеген нәтижелерін және зерттеу
перспективасын анықтау мақсаты қойылды. Қазақстан тарихы бойынша шетелдік мамандармен сұхбаттар 2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың ақпанына дейін жүргізілді. Барлығы 6 сұхбат алынған, оның бірі сауалнама сұрақтарына жазбаша жауап
түрінде ұсынылған. Сұхбаткерлердің географиясы АҚШ, Канада, Италия, Жапония елдерін қамтиды. Сұхбатқа қатысқан тарихшылар – Қазақстан тарихы бойынша әлемдік деңгейде мойындалған мамандар. Олар түрлі советологиялық стереотиптер мен «жанрлық жад» деп аталатын әдіснамалық шектеулерге негізделмеген. Сонымен қатар, олар орыс тілінен бөлек, Орталық Азия халықтарының тілдерін меңгерген, Қазақстан архивтері мен кітапханаларында ұзақ уақыт жұмыс істеген және қазақстандық ғалымдармен тығыз кәсіби байланыстар орнатқан.
Сұхбаттар ағылшын тілінде алдын-ала дайындалған анкета-сауалнама негізінде өткізілді. Олардың басым бөлігі Орталық Азияны зерттейтін ғалымдардың Central Eurasian Studies Society (CESS) және European Society for Central Asian Studies (ESCAS) қауымдастықтары ұйымдастырған маңызды халықаралық конференциялар барысында жүргізілді. Алайда сұхбат алу барысында белгілі бір қиындықтар туындады. Мысалы, конференция бағдарламасының жоғары қарқындылығын ескере отырып, зерттеушімен жеке кездесуді келісу, қолайлы уақыт табу және сұхбатты тиімді ұйымдастыру едәуір қиындық тудырды. Сол сияқты, онлайн-сұхбат жүргізу де оңай болған жоқ, өйткені барлық сұхбаткерлерден электрондық пошта арқылы жедел жауап алу мүмкін болмады.
Мақалада бұл ғалымдардың ғылыми қызметі академиялық зерттеулерді тереңдетіп қана қоймай, жергілікті нарративтерді жаһандық зерттеу диалогтарымен байланыстыратыны көрсетілген. Бұл өз кезегінде Қазақстан тарихы мен мәдениетін зерттейтін жаңа буын зерттеушілерінің қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар, Орталық Еуразияны зерттеу қоғамы (CESS) және Орталық Азияны зерттеу жөніндегі Еуропалық қоғам (ESCAS) сияқты ұйымдар Қазақстан туралы зерттеулерді ілгерілету мен ғылыми алмасуды дамытуда маңызды рөл атқарады. Осы сұхбаттарға негізделген қорытындылар Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген халықаралық қызығушылықтың артып келе жатқанын, сондай-ақ шетелдік зерттеушілердің академиялық орта мен Қазақстан туралы қоғамдық дискурсты байытудағы маңызды үлесін айғақтайды.
Әдебиет
Braun V., Clarke V., 2006. Using thematic analysis in psychology, Qualitative Research in Psychology, 3(2). P. 77-101. DOI: https://doi.org/10.1191/1478088706qp063oa
Byrbayeva G.B., 2005. Central Asia and Sovietism: Conceptual Exploration in Euro American Historiography. Almaty: Daik Press. 484 p.
Buttino M., 2003. La rivoluzione capovolta: L’Asia centrale tra il crollo dell’impero zarista e la formazione dell’URSS. Naples: Ancora del Mediterraneo. 491 p.
Cameron S., 2018. The Hungry Steppe: Famine, Violence, and the Making of Soviet Kazakhstan, Ithaca, NY: Cornell University Press. 277 p. DOI: https://doi.org/10.7591/cornell/9781501730436.001.0001
Cameron S., University of Maryland - Department of History, [Electronic resource]. URL: https://history.umd.edu/directory/sarah-cameron (Accessed: 03.11.2024).
CESS (Central Eurasian Studies Society), 2024. [Electronic resource]. URL: https://centraleurasia.org/ (Accessed: 25.10.2024).
Campbell I., 2017. Knowledge and the Ends of Empire: Kazakhs and Ethnography in the Russian Empire, Ithaca, NY: Cornell University Press. 273 p. DOI: https://doi.org/10.7591/cornell/9781501700798.001.0001
Creswell J. W., Poth C.N., 2017. Qualitative Inquiry and Research Design: Choosing Among Five Approaches, SAGE Publications. 414 p.
Kovalskaya S.I., Sadikov T.S., 2006. Kazakhstanica in Foreign Archives: An Information and Analytical Review, National Center for Archeography and Source Studies Publishing. 128 p.
Kovalskaya S.I., 2007. The Fate of Kazakhstan’s Modernization in English-Language Historiography. Astana: Akmola Center for Scientific and Technical Information. 338 p.
Kvale S., Brinkmann S., 2009. InterViews: Learning the Craft of Qualitative Research Interviewing, SAGE Publications. 354 p.
Laumulin M.T., Beisembiev T.K., 1994. Foreign Researchers of Central Asia and Kazakhstan: A Bibliographic Guide. Almaty: Kenzhe-Press-Kazakhstan. 100 p.
Laumulin M.T., 2005. Central Asia in Foreign Political Science and Global Geopolitics. Volume I: Central Asia and Kazakhstan in Modern Political Science. Almaty: Kazakhstan Institute for Strategic Studies (KISI). 704 p.
Mason J., 2002. Qualitative Researching, SAGE Publications. 223 p. DOI: https://doi.org/10.1177/0266242602202007
Noda J., 2016. The Russian Empire and Qing Central Asia: The Qing’s Complex Legacy in Central Eurasia, Cambridge: Cambridge University Press. 350 p.
Pianciola N., 2022. Collectivization in Central Asia: Forced Settlements and Famine in Kazakhstan and the Soviet East, [Electronic resource]. URL: https://muse.jhu.edu/article/855698/pdf (Accessed: 01.11.2024).
Palinkas L. A., Horwitz S. M., Green C. A., Wisdom J. P., Duan N., & Hoagwood K., 2015. Purposeful Sampling for Qualitative Data Collection and Analysis in Mixed Method Implementation Research, Administrative Policy in Mental Health and Mental Health Services
Research, 42(5). P. 533-544.
Pianciola N., 2019. Collectivization in Central Asia: Forced Settlements and Famine in Kazakhstan and the Soviet East, Cambridge: Cambridge University Press. P. 45-56.
Putz C., 2017. Q&A: The Author of Russian Colonial Society in Tashkent, The Diplomat. This interview offers insights into Sahadeo’s perspectives on Russian influence in Central Asia, as well as his broader research themes.
Sahadeo J. Carleton University - Institute of European, Russian, and Eurasian Studies (EURUS), [Electronic resource]. URL: https://carleton.ca/polisci/people/sahadeo-jeff/ (Accessed: 03.11.2024).
Sahadeo J., 2003. Russian Colonial Society in Tashkent, 1865-1923, Bloomington: Indiana University Press. P. 2-3.
Sahadeo J., Zanca R., 2007. Everyday Life in Central Asia: Past and Present, Indiana University Press. This edited volume provides insights into Central Asian life and includes contributions from Sahadeo on ethnic identity and migration. 401 p.
Schoeberlein J., [Electronic resource]. Available at: https://scholar.google.com/citations?view_op=view_citation&hl=ru&user=RuAF0qwAAAAJ&citation_for_view=RuAF0qwAAAAJ:IjCSPb-OGe4C (Accessed: 13.11.2024).
Schoeberlein-Engel J.S. (1995). Guide to Scholars of the History and Culture of Central Asia. Harvard Central Asia Forum, 313 p.
Sujikov B.M., 1997. National Identification and Dynamics of Ethnic Processes in Foreign Central Asian Studies. Almaty: Complex. 65 p.
Wiley, 2024. Resource Exchange International, [Electronic resource]. URL: https://give. resourceexchangeinternational.org/projectinfo.aspx?desig=13343 (Accessed: 09.11.2024).
Yessmagambetov K.L., 1992. What the West Wrote About Us. Almaty: Kazakh University. 152 p.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Turkic Studies Journal

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-Коммерциялық емес 4.0 халықаралық лицензиясы.