В.В. Бартольд және А-З. Уәлиди Тоған еңбектері: зерттеу нәтижелерінің ғылыми интерпретациясы
Қаралымдар: 229 / PDF жүктеулері: 199
DOI:
https://doi.org/10.32523/2664-5157-2023-1-7-19Кілт сөздер:
В.В. Бартольд, З. Валиди, Қарахан, М. Қашқари, моңғол, Рашид ад-Дин, Құтадғу білікАннотация
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ресейлік шығыстанушы ғалымдар тарапынан Орта Азиядағы түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін зерттеу жұмыстары қарқынды жүрді. Жүзеге асырылған бірқатар
терең зерттеулерде еуропалық ғалымдардың жұмыстары сынға алынды.
ХХ ғасыр басында сол зерттеулердің нәтижесі ретінде іргелі ғылыми шығармалар жарық көріп, солардың қатарында академик В.В.Бартольдтың революцияға дейін жазған еңбектері енген көптомдық жүйелі жинағы
шыққан болатын. Ғалымның ортағасырлық түркі халықтарының тарихы, этнографиясы, географиялық және әдебиет тарихына қатысты деректері бүгінгі күнге дейін өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Академик В.Бартольд өз еңбегін жазу барысында бірнеше ғалымға сілтеме жасайды. Олардың арасында сол уақыттағы жас ғалым, кейіннен түркі мұсылмандары арасынан шыққан көрнекті шығыстанушы Зәки Уәлиди бар еді.
Бұл мақалада В.Бартольд пен Зәки Уәлиди арасындағы ғылыми шығармашылық байланыстар зерделенеді. Зерттеу нысаны ретінде В.Бартольдтың ІХ томдық шығармалар жинағының алғашқы бес томы қарастырылып, оларда қос ғалымның идеялық байланыстарыны барынша айқын көрініс тапқаны ашып көрсетіледі және Зәки Уәлиди шығарма- шылығының В.Бартольд зерттеулеріндегі маңызы атап көрсетіледі.
Мақала авторлары өздерінің пікір-пайымдарын келтіре отырып, деректерге
салыстырмалы талдау әдістерін қолданады. Талдау барысында дереккөздерге
сілтеме жасалып, Зәки Уәлидидің библиографиялық және жеке мұрағаттық
материалдары пайдаланылады.
Әдебиет
Байкара Т., 1998. Заки Валиди Тоган. /Составление, перевод на русский язык, дополнения, указатель Р.М. Булгакова, А.М. Юлдашбаев. Уфа: Китап. 328 с.
Бартольд В., 1963a. Сочинения. I том. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Москва: Изд. восточной литературы. 763 с.
Бартольд В., 1963b. Сочинения. Том ІІ. Часть 1. Общие работы по истории Средней Азии (Работы по истории Кавказа и Восточной Европы). Москва: Изд. восточной литературы. С. 1021.
Бартольд В., 1964. Сочинения. Том ІІ. Часть 2. Работы по отдельным проблемам истории Средней Азии. Москва: Изд. «Наука». 657 с.
Бартольд В., 1968. Сочинения. Том V. Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов. Москва: Изд. «Наука». 758 с.
Валидов А-З., 1915. Восточные рукописи въ Ферганской области //Записки Восточного отделения Императорского русского археологического общества. Том ХХІІ. Петроград: ИАН. С. 303-320.
Валидов А.З., 1924. Мешхедская рукопись Ибну-ль-Факиха //Известия Российской Академии Наук (Bulletin de l’Academie des Sciences de Russie). С. 237-248.
Құмар А., 2014. Түркі дүниесі және Ахмет-Зәки Уәлиди Тоған //«Түркістан мүхтариятынан Алаш автономиясына дейін: Қазақ мемлекеттілігінің негіздері және тарихи сабақтастық» Алаш және Түркістан автономияларының 97 жылдығына арналған республикалық ғылыми конференцияның материалдары. Астана: ЕҰУ баспасы. 254 б.
Рашид-ад-дин., 1952. Сборник летописей. Том 1. Книга первая (перевод Л.А. Хетагурова). Москва-Ленинград: Изд.АН СССР. 219 с.
Рашид-ад-дин, Фазлуллах., 2011. Джами-ат-таварих. Баку: Нагыл Еви. 540 с.
Рашид ад-дин, Фазлуллах Хамадани., 2018. Жамиғ ат-тауарих (Тарихтар жинағы, XIV ғ.). Көп томдық. 1-том. Астана: Фолиант. 596 б.
Салихов А., 2001. Научная деятельность А. Валидова в России. Уфа: Гилем. 164 с.
Acar S., 2017. Zeki Velidi Togan. /Ilmi hayati. Eserleri. Siyasi faaliyetleri. Hatiralar. Ankara: Akcag Yayinlari. 480 s.
Tauer Felix., 1931. Les manuscrits persans historiques des bibliothques de Stamboul, III. Histoire de l’Irân et de la Transoxiane. Archiv Orientalni, III. S. 462-491.
Togan Z.V., 1969. Hatıralar /Türkistan ve diğer müslüman doğü türklerinin milli varlık ve kültür mücadeleri. Istanbul: Tan Matbaası. 643 s.
Togan Z.V., 1941. Büyük Türk Şairi Ali Şir Nevai //Tasvir-i Efkar. İstanbul, 2, Şubat, 4 mart, 2, 15, 30 Mayıs.